Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет722/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   718   719   720   721   722   723   724   725   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

443


Біріншісі-саяси  экономикалық,  өйткені  ол  адами  капитал  санатын  экономикалық  талдауға 

ендіру қажеттілігімен негізделген,  саяси-экономикалық трактатта дами бастады. 

Екінші  бағыты  -  қаржылық-экономикалық.  Бұл  бағытта  адам  және  оның  иемденген 

қабілеттіліктерін  «капитал» санатына жай қосып қана қоймай, адами капитал құнын экономикалық 

тұрғыдан бағалау қажет деп санаған және салық салу жүйесі мен өмірді сақтандыруды жетілдіру 

үшін, тәжірибелік мақсатта өздерінің есептеулерін пайдаланған зерттеушілерді біріктіреді.  

Үшінші  бағыт  –  нақты  экономикалық,  мұнда  адами  капиталдың  бөлек  түрлеріне  алғаш  рет 

өздігінше  жеке  талдау  жүргізуге  талпыныстар  жасала  басталды  және  олардың  экономикалық 

тиімділігінің деңгейі өлшенді.  

Адамның жасап шығару қабілеттіліктеріне қызығушылық саяси экономиканың классикалық 

мектеп  өкілдері  арасында,  әрқашанда  ерекше  мәнге  ие  болды.  Ағылшын    классикалық  саяси 

экономикасының  атасы У. Петти – «тірі әрекет етуші күштер» жаңа санатын негіздеді [3, 1.85]. 

Жеке  индивидтердің  құн  өлшеміндегі  айырмашылықтарды  анықтаудың  басты  факторы  деп,  У. 

Петти  адамның  жасап  шығару  қасиеті  деп  санады.  Кейіннен  А.  Смит  адамның  еңбекке    деген 

қабілеттіліктерінің пайда болуын толық жете зерттеді. Ол қандай да болсын елдің экономикасында 

бірінші дәрежелі ролді адамның тірі өндіргіштік күштерінің ойнайтынын дәлелдеді. А. Смиттің 

айтуы бойынша «Қабілеттіліктерге ие болу-бұл әрқашанда нақта шығындарды талап ететін,  жеке 

тұлға ретінде қалыптасудағы өзін жеке капитал ретінде ұсынатын білім алу. Үлкен ыңғайлылық 

пен жұмыс жасай алу, белгілі шығындарды талап етеді, бірақ бұл шығындардың орны  табыспен 

толтырылады» [4, 1.490].

Бұл  қатарда  А.  Смит  адамның  қабілеттіліктерінің  қалыптасуы  мен  дамуын  талдағанда,  

«негізгі  капиталды»  жасауы  секілді  деп  қарастырды  және  бұл  жерде  ол  осы  үдерісті  өндірістің 

ерекшелігі ретіндегі түсінікке өте жақын келді.  Ол адамның еңбекке деген қабілетін, қоғамның 

үлкен байлығы деп негіздейді және «негізгі капитал» құрамына кіргізеді, ал, екінші жағынан, осы 

капиталды өндіруге жұмсалған еңбек, өндіргіш болып табылмайды деп көрсетеді. А. Смит елдің 

экономикасындағы «адамның өзінің тірі өндіргіш күшінің» алғашқы дәрежедегі ролін дәлелдеді.   

Пайдалы еңбек өнімділігінің көбеюі, ең алдымен, жұмыскердің  жұмыс істеу қабілеті мен жоғары 

ептілігіне  байланысты,  сонан  кейін,  оған  жұмыс  жасауға  көмегін  тигізетін  машиналар  мен 

құрылғылардың  дұрыс болуына байланысты [4, 1.430].  

Адами капитал-бұл жалпы қоғам мен ұйымдардың, топтардың, тұлғалардың қажеттіліктерін 

қанағаттандыру үшін (мақсатқа жету) қолданылатын білім, қабілеттіліктер мен дағдылардың және 

ұстанымдардың біріктірілуі. Адами капитал-бұл инвестициялау арқылы денсаулық, білім, дағды, 

қабілеттілік, ынталандырудың нақты қорын жинақтай отырып, жұмысшының біліктілігін көтеруге 

әкелетін, және қоғамдық қайта өндіру саласында мақсатты түрде пайдаланылатын, адам еңбегінің 

сапасы мен өндіргіштігінің өсуіне ықпал ете отырып, осы адамның еңбек ақысының көтерілуіне 

себеп болатын   қалыптасқан нәтижелер.  

Неліктен «капитал» сөзі қолданылатындығын анықтайтын болсақ: 

басқа да стратегиялық активтер секілді, олар жұмыс істейді және ұзақ уақыт ішінде табыс 



береді; 

 аталған актив бір мезгілде қолданыла алады, және басқа активтерге айырбастала алады;



басқа ресурстардың орнын баса алады (қаржылық, материалдық);

оларды басқаруын талап етеді. 



Адами  капитал  кәсіпорынның  бәсекеге  қабілеттілігін  көтеруде  пайдаланатын,  клиенттер 

жоғары бағалайтын және қарсыластар көшіре алмайтын   стратегиялық артықшылықтардың көзі 

болып табылады. Оның өндіретін өнімі мен технологиясын көшіруге болады. Жарнамалық ұраны  

мен баға саясатын да алу қиынға соқпайды. Қызметкерлерді де өз жағына алулары мүмкін. Ал бірақ 

құзыреттіліктерінің қоспасын (білімі, дағдылары мен қабілеттіліктерін) көшіру тіптен мүмкін емес. 

Сондықтанда,  басшы  осы  қызметкерлер  жеткізген  бірегей  құзыреттіліктердің  қоспасын  сақтап 

қалуға  және  дамытуға  бар  ынтасын  салу  қажет,  яғни,  қолда  бар  құзыреттіліктерге  «түгендеу» 

жүргізіп,  осы  талдаудың  нәтижесінде,  адами  капиталға  инвестициялаудың  бағытталу  көздерін 

анықтау керек. Адами капиталды тиімді басқарудың келесі алғышарттары бар: 

1. Сырттағы ақпараттарға ашылу, яғни, нарық талаптарына сәйкес болатындай,  қарсыластарда 

не болып жатқанына қызығушылық білдіру;

2. Персоналды басқарудағы стратегиялық тәсілдің болуы және серіктестіктермен ара қатынаста 

стратегияның болуы; 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   718   719   720   721   722   723   724   725   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет