Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
448
Коммуникация функциясы электоралды мәдениетте өзіндік механизмдер мен құралдарды
электоралды технологиялар процесстері барысында қолданумен ерекшеленеді [1].
Басқа елдердегідей Қазақстанның саяси тарихындағы сайлаулар мен референдумдар қоғамды
демократияландырудың маңызды процестері екендігінде күмән жоқ. Қоғамның демократиялық
дамуын қамтамасыз ету үшін электоралды мәдениеттің үрдісі мен ерекшеліктерін түсінуіміз
қажет. Өйткені саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында электоралды мәдениет
міндетті түрде өзгерістерге ұшырайды.
Электоралды мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы жоғарыда айтылғандай сайлауларға
қатысуынан өз таңдауларын өз қалаулары арқылы білдірулерінен көрінеді. Ол әр елде әртүрлі
қалыптасқан. Мысалы, Ресей Федерациясының аумағынан тыс жердесайлаушылар, референдумға
қатысушылардың саны шамамен 1,8 млн. адамды құрайды. Шет елде тұрып жатқан ресейлік
азаматтардың белсенді дауыс беру құқығын жүзеге асыру үшін 2011-2012 жылы федералдық
сайлауда әлемнің 146 елдерінде және Байқоңыр қаласында (Қазақстан) құрылған 385 сайлау
учаскелерін басқару үшін 2 аумақтық сайлау комиссияларыұйымдастырылды. Сайлауға барлығы
қатысқандар: 2011 жылы парламенттік сайлауда 310 мың адам, 2012 жылы президенттік сайлауда
450 мыңнан астамадам болды. Айтарлықтай шетелдік сайлау учаскелерінің географиясы кеңейді:
президенттік сайлауда алғаш рет Анголада жұмыс істейтін орыс геологтары дауыс берді; Африканың
ең жас мемлекетті - Оңтүстік Судан халықаралық ұйымдарының қызметкерлері; Доминикан
Республикасындағы, Мальдив және Канар аралдарындағы Ресей туристері, Ресей Әскери-теңіз
Тынық мұхит флоты үш кемелерінің, Африка мүйісіндегі жауынгерлік тапсырмаларды орындау
барысындағы матростары дауыс беруге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, алдын ала дауыс беру Ресейлік сайлау мен референдумдар заңнамасында
көзделген. Оны өткізу үшін нақты талаптар ескерілген. 2012 жылы президенттік сайлауда шамамен
240 мың дауыс беруші Ресей Федерациясының аумағында алдын ала және 83 мыңнан астам
дауыс берушілер мемлекеттен тыс дауыс берді.Әскери қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері,
Қарулы Күштердің азаматтық қызметкерлері Ресей Федерациясының аумағында жалпы сайлау
учаскелерінде өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырды. 127 сайлау учаскелері құрылып,
олардың ішінде 96 – оқшауланған, елді мекендерден бөлінген әскери бөлімшелер, 31 - елдің
шегінен тыс орналасқан әскерибөлімшелер ашылды. Алдын ала дауыс бергендер саны 5,6 мыңға
жуық. 2012 жылы Ресей Федерациясы Президентінің сайлауында теңіз кемелерінде құрылған РФ-ң
13 субъектілерінде, 933 сайлау учаскелерінде 30 мыңға жуық сайлаушылар дауыс берді.
Ресей Федерациясының Заңнамасы бойынша пошта арқылы дауыс беру қарастырылған. 2011
жылдың желтоқсан айында пошта арқылы дауыс беру Мурманск облысында және Санкт-Петербург
қаласында өткізілді. Мурманск облысының сайлау комиссияларына 1370 азамат дауыс беруге ниет
білдірді, оларғадауыс беру бюллетеньдері жіберілді, олардың ішінде тек 489 адам немесе жалпы
дауыс бергендердің 0,14 пайызын дауыс берді. Санкт-Петербург қаласында 1445 адам немесе
0,07 пайыз дауыс берді. Сайлау комиссиясы пошта арқылы дауыс беруді ұйымдастыру барысында
барлық сайлау рәсімдерініңашықтығымен айқындығын қамтамасыз етті.
Ал, Америка Құрама Штаттарының аумағынан тыс жерде дауыс беру құқығы бар шамамен 6
миллион сайлаушы бар. Пошта арқылы алдын ала дауыс беру құқығы беріледі. Жалпы Интернет
шифрланған желі арқылы дауыс беріледі (көбінесе әскери ұйымдарда дауыс беру үшін қолданылады).
1986 жылы Конгресс мемлекеттен тыс жүрген дауыс берушілерге заң қабылдады. Осыған сәйкес
әрбір штатта дауыс беруге көмек көрсету үшін бірыңғай кеңсе құру ұйымдастырылды. 2010 жыл-
дан бастап шет елде дауыс беру мүмкіндігін сақтап қалу үшін (Интернет арқылы толтыру мүмкін)
арнайы жыл сайын толтырылған нысан жіберу керек. Шетелде дауыс беру бағдарламасына сәйкес
әр жылдың қаңтар айында бір рет осы нысанын толтырып, жіберукерек. Бұл аталған мүмкіндіктер
электораттың саяси мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндіктер.
Сол сияқты басқа елдердің электоратының саяси құқықтарының мүмкіндіктеріне тоқталып
салыстыратын болсақ, Ұлыбритания сайлау үдерісіндегі электорат үшін мүмкіндк Ресей мен АҚШ-
қа қарағанда біршама күрделірек. Және де өзіндік шектеулері бар. Ол мына жағдайдан көрінеді,
мысалы, 1985 жылдан бастап қана, Британия азаматтарына шетелде дауыс беруге мүмкіндігі берілді
(кеткен уақыттан алғашқы 5 жыл аралығында, 1989 жылдан бастап – 20 жыл, қазір – 15 жыл).
Шетелде тұрақты тұратын (5,5 млн. британдықтар) адамдар тіркелді. Олар жергілікті сайлауға
қатыса алмайды. Пошта арқылы немесе сенімхат бойынша дауыс беру мүмкіндігі берілді. Шетелде
ұзақ уақыт бойы тұратын адамдар үшін тіркелу қажет. Ал, Германияның азаматтары үшін оның
ішінде мемлекеттік қызметкерлер үшін заңнамалық құқықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Айталық,
|