№ 3 (106) 2015
449
Бундестаг сайлауына қатысу үшін пошта арқылы дауыс берумүмкіндігі бар, шетелде 55 мың. дауыс
берушілер тіркелді. 1985 жылдан бастап Германия азаматтарышетелде белсенді сайлау құқығын
сақтап қалды: Еуропа Кеңесінің мүшелерінде - шексіз, басқаларда - 25 жыл (1998 жылға дейін
- 10 жыл). Бұл ереже басшылардың бұйрығы бойынша Германиядан тыс тұратын шенеуніктер,
қызметкерлер және әскери қызметкерлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне (аталған
адамдар Германия Федеративтік Республикасынан тыс жерлерде тұру уақытына қарамастан дауыс
беруге құқығы бар) қатысты қолданылмайды. Пошта арқылы дауыс беруге рұқсат берілген. Ендеше,
мысалы шетелдік британдықтар жергілікті маңызы бар сайлауларға қатыса алмаса, германияда ол
мүмкіншіліктер қарастырылған. Тек Германиядан тыс тұратын шенеуніктер, қызметкерлер және
әскери қызметкерлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне қатысты қарастырылмаған.
Сонымен бірге Францияның жалпы электоратының соңғы президенттік сайлауда шамамен
346 мың адам яғни сайлаушылардың (20%) дауысын құрады.Сайлаушылар пошта арқылы немесе
сенімді тұлға арқылы дауыс бере алады. Ал итальяндық сайлаушылар үшін өзіндік артықшылықтар
бар. Олардың шетелде шамамен 2,9 млн.сайлаушыларыбар. 2006 жылы 1,2 млн. сайлаушылардауыс
берді (40% астам). Сайлаушылар автоматты түрде (тіркелу орны бойынша) елшіліктер мен
консулдықтардан почта арқылы бюллетеньдер алып, толтырғаннан кейін елшіліктер мен
консулдықтарға қайта жіберіледі. Олар оны есептеу үшін Италияға жібереді.
Шетелдік сайлаушылар үшін тиісті сайлау округтерінде арнайы облыстық және аудандық
сайлау кеңселері рим қаласының (астаналық) кассациялық сот мекемесінің құрылымдық бөлімшесі
ретінде құрылған. Шетелдік сайлаушылар 12 депутат және 6 сенаторды сайлайды.
Ал, қазақстандықтардың 2012 жылғы 15-қаңтардағы парламенттің мәжіліс сайлауына
4521
Қазақстан азаматы дауыс берген. Бұл тіркелгендердің 50%.
Бірқатар елдерде шетелде тұратын азаматтардың дауыс беруге құқығы жоқ. Мысалы, Қытайда
сайлаушылар сайлау күні, шетелде болған жағдайда дауыс беруге қатыса алмайды [2].
Кесте-1 – Шетел электоратының шетелдерде дауыс беру мүмкіншіліктері.
Елдер
атаулары
Шетелдегі электорат
(2010-2012жж.
мәліметтер)
Шетелді электораттың сайлауларға қатысу ерекшеліктері
Ресей
Федерациясы
1,8 млн.адам
Сайлау комиссиясы пошта арқылы дауыс беруді ұйымдастыру
барысында барлық сайлау рәсімдерінің ашықтығы мен
айқындығын қамтамасыз етті.
АҚШ
6 миллион сайлаушы
2010 жылдан бастап шет елде дауыс беру мүмкіндігін сақтап
қалу үшін (Интернет арқылы толтыру мүмкін) арнайы жыл
сайын толтырылған нысан жіберу керек. Шетелде дауыс беру
бағдарламасына сәйкес әр жылдың қаңтар айында бір рет осы
нысанын толтырып, жіберу керек.
Ұлыбритания
5,5 млн. британдықтар Пошта арқылы немесе сенімхат бойынша дауыс беру мүмкіндігі
берілді. Шетелде ұзақ уақыт бойы тұратын адамдар үшін тіркелу
қажет.
Германия
55 мың. дауыс
берушілер
Германиядан тыс тұратын шенеуніктер, қызметкерлер және
әскери қызметкерлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне
(аталған адамдар Германия Федеративтік Республикасынан тыс
жерлерде тұру уақытына қарамастан дауыс беруге құқығы бар)
қатысты қолданылмайды. Пошта арқылы дауыс беруге рұқсат
берілген.
Франция
1,6 млн. адам
Сайлаушылар пошта арқылы немесе сенімді тұлға арқылы
дауыс беруге рұқсат берілген.
Италия
2,9 млн.сайлаушылар
Сайлаушылар автоматты түрде (тіркелу орны бойынша)
елшіліктер мен консулдықтардан почта арқылы бюллетеньдер
алып, толтырғаннан кейін елшіліктер мен консулдықтарға қайта
жіберіледі. Олар оны есептеу үшін Италияға жібереді.
Қазақстан
4521 сайлаушы
Сайлау учаскелерінде дауыс беру ұйымдастырылды. Шетелдегі
азаматтарға дауыс беруде қолдарына тек бір бюллетень беріледі
және тек бір парияға ғана дауыс бере алады.
|