Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет725/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   721   722   723   724   725   726   727   728   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

446


Білім беру туралы айтылғанда, оның елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы тікелей әсерін 

және нарықтық экономиканың талаптарына жауап беретінін түсіну қажет. Дамыған елдерді талдау 

барысында экономикасы білімді елдер тұрақты болып табылады. Білім беруге инвестицияланатын 

елдерде,  экономиканың  өсу  көрсеткіштерінің  жоғары  болғаны  байқалады.  Сондықтан  да,  елдің 

болашақ  экономикалық  көркейуі  сүйенетін,  тұғырнама  болып  табылатын,  білім  беруді  дамыту 

қажет. 


Қазақстандағы  ағымдағы  білім  беру  жағдайын  мақсатты  индикатор  бойынша  талдағанда, 

Қазақстандағы білім беру сапасы көшбасшы елдердің стандартына сәйкес келмейтінін көреміз.   

АӘДИ үшінші компоненті минималды табыс халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ арқылы 

анықталады.

Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері Катар мен Испанияға қарағанда 7 

және  2 есе төмен. 

АӘДИ  компоненттеріне  талдау  жүргізу  негізінде:  денсаулық  сақтау,  білім  беру,  минималды 

табыс Қазақстан орны АӘДИ рейтингісіндегі  ақиқатқа сәйкес келеді. Осыдан барып, инвестиция 

салудың  барлық  түрінің  ішінен,  адами  капиталға  инвестиция  салудың  маңыздылығын    айтып, 

қорытынды шығаруға болады. Шетелдік тәжірибелердің мәліметтерінен зерттеушілердің көпшілігі 

адами капиталға инвестиция салудың  келесі бағыттарын бөліп қарастырады: 

- білім саласына инвестициялау;

- индивидтің дене және ақыл ой денсаулығын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау облысына;

- тұрғын үй жағдайын жақсарту;

- дұрыс тамақтану.

Осы  айтылған  инвестициялардың  түрлері,  адами  капиталды  пайдалануда  әсерін  тигізетін, 

сапалы еңбек қызметі үшін жағдай жасайды [6, 386].  

Қазіргі  кезеңдегі  қоғамда  материалды  ресурстарға  салған  капиталдың  мәні  төмендеуде. 

Өнеркәсіп саласының тиімділігін  материалдық активтермен анықталуы азаюда; олардың орнына 

адами  капитал  енді,  сондықтан  да,  шетелдік  мемлекеттердегі  адами  капиталға  инвестиция  салу 

сұрақтарындағы тәжірибелер Қазақстан үшін өзекті болып табылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   721   722   723   724   725   726   727   728   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет