№ 3 (106) 2015
455
өткізіліпті: 1999 жылы – 7 328 970 мың сайлаушы немесе 87,0 пайыз, 2005 жылы – 6 871 571 сайлаушы
немесе 76, 78 пайыз, ал 2011 жылы - 8 279 227 сайлаушы немесе 89, 98 пайызы (орташа есеппен
алғанда 84,58 пайыз). Көріп отырғанымыздай, елімізде жалпы сайлаушылардың 10-15 пайызы
ғана сайлауға қатыспайды екен. Сайлаушылардың сайлауға ерікті түрде қатыспау фактілері батыс
елдерінде көптеп кездеседі. Айта кетер болсақ, 2012 жылғы Литвадағы Парламент сайлауларында
дауыс берушілердің саны 35, 91 пайызды ғана құрады (дауыс бермегені 64, 09 пайыз), 2011 жылғы
Португалиядағы Президент сайлауына 46, 52 пайыз дауыс берушілер (дауыс бермегендер 53, 48
пайыз), 2011 жылы Ирландияның сайлау жәшіктеріне жалпы дауыс берушілердің 56, 11 пайызы
яғни дауыс беруге қатыспағандардың саны 44, 89 пайызды құрады. Бұл жағдаймен кейбір елдер
сайлауға қатысуды міндеттеу арқылы күресуде. 12 елде бірнеше онжылдық бойы (Авcтрия,
Голландия, Италия) сайлауға қатыспағандарға айыппұл салудың бірнеше түрлері болды, ал өзге
12 елде бұл шаралар әлі күнге өз күшін жоғалтпаған. Ол Бельгия, Греция, Аргентина Бразилия,
Панама, Перу, Сингапур, Австралия секілді елдер. Сайлауға қатысу міндеттемелері аталған елдердің
конституциясымен бекітілген. Аталған елдерде сайлауға қатыспаудың салдары айыппұл төлеу,
кәсіпкерлікпен айналысуға тиым салу, мемлекеттік қызметке орналасудағы шектеулер немесе т.б.
Жазалауларға алып келуі мүмкін. Айыппұл төлеу жазасы қазіргі кезде Бельгия, Кипр, Бразилия,
Австралия елдерінде бар [2].
Ал бізде Қазақстанда қандай да бір кандидаттың сайлауында дауыс беруге қатысу немесе
қатыспау әр азаматтың өз еркінде, себебі бізде ештене міндеттелінбеген. Адамдарға жарнама
жасап, дауыс беруге ынталандыруға болады, бірақ міндеттеуге болмайды. Осы шектен шығып
кеткен Батыс-Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бір басшысы сол қылығы үшін
жазаланған болатын. Қазақстанның бір де бір азаматы қандай да бір сайлауға қатыспағаны үшін
жазаланған емес.
Тікелей сайлау құқығының принциптері Қазақстанда Президент сайлауда, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Мәжіліс депутаттарын сайлауда қолданылады. Яғни, еліміздің барлық
ересектері сайлауға дауыс беруші ретінде тікелей қатыса алады. Жанама сайлаулар еліміздің Үкімет
Сенаты депутаттарын және ауыл әкімдерін сайлағанда өткізіледі. Тікелей және жанама сайлауларда
да бізде тең демократиялық сайлау, дауыс беру барысындағы құпиялық, таңдау мүмкіндігі,
сайлаулардың қайталанып тұруы, әділ өтуі, сайлау қатысушыларының заңсыз іс-әрекеттеріне шағым
жасай алу, сайлау заңнамасы сақталмаған жағдайда жауапкершілікке тарту принциптері сақталған.
Қазақстан Республикасында тең сайлау құқығы өткізілген барлық сайлау компанияларында
сақталды. Бұл дегеніңіз Конституцияның 14-бабында көрсетілгендей, дауыс берушілер мен сайлауға
қатысушы үміткер болып, елдің кез-келген азаматтары ұлтына, дініне, қандай партияға мүшелігіне,
жынысына, жасына (18 жастан жоғары), тіліне, қызметтік беделіне, ой – пікірлеріне, әлеуметтік
жағдайына қарамастан ешбір шектеулерсіз қатыса алады. Бұл Қазақстандық қоғамда талқыға
салынбайды да, қалыпты жағдай ретінде қабылданады. Тең сайлау құқығына Конституцияның 41,
51, 86 баптары және сайлау заңнамасының 5-бабы арналған. Бір сайлауда азаматтың бірнеше дауыс
беруіне тиым салынған, аталған жайт тіркелген жағдайда өз кезегінде айыппұл жазаларын алып
келеді.
Жалпы сайлау құқығы принциптеріне сәйкес, кез келген 18 жастан жоғары азаматтар шектеусіз
дауыс беруге құқылы, алайда, жоғарыда көрсетілген азаматтардың қатарына сотпен ақыл-есі
төмен және «бас бостандығынан айыру орындарында» ( Конституцияның 3, 14 және 33 бап 3
тармағы) бойынша отырғандар сайлауға қатыса алмайды. Контитуциялық заңнаманың 25-бабы
сайлаушылар тізіміне барлық азаматтарды қосуды міндеттейді. Әрбір азамат «тізімге қосылмаған,
тізімнен шығарылып тасталған, дауыс беруші жайла ақпарат дұрыс енгізілмеген жағдайларда»
Конституцияның 26-бабына сәйкес шағым түсіре алады. Аталған іс-шара тәртіпті сақтау үшін
қажет. Бұл өзі 1994 жылғы 26 наурызындағы Парламент аралық бірлестігінің декларациясының
нормасына, халықаралық нормаларға және әлемдік тәжірбиеге сәйкес, яғни «кез-келген мемлекеттің
билігінің толықтығы, әділ, тәуелсіз қайталанып отыратын сайлауларда құпия дауыс беру арқылы
анықталатын халық қалауынан көрінеді». Бұл сайлауға жалпы қатысу әлемдік тәжірибесі Қазақстан
Республикасында әрдайым сайлаудан сайлауға қолданылып келеді [3].
Сайлау барысындағы құпиялықты сақтау принципі ең маңызды принцип ретінде барлық 27
сайлау барысында жанама немесе тікелей дауыс беру түрлеріне қарамастан сақталып келді. Құпия
|