Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет736/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   732   733   734   735   736   737   738   739   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

453


шараларға  жатқызылады.  Бірақ  тәртіп  бұзушылықтар  орын  алған  жағдайды  бірден  құқықтық 

мінездемесінен айырылады.

2012  жылдың  12  шілдесінде  адам  құқықтары  бойынша  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  Комитеті 

мәжілісінде Кения елшілері «2007 жылғы сайлаулар қантөгіспен аяқталғанын» мойындауға мәжбүр 

болды. Бұл қантөгістер тек әділ өтпеген сайлаулардың ғана емес, Кенияның ежелден келе жатқан 

этникалық қарама-қайшылықтарының нәтижесінде болды. 

Кенияда этникалық топтар арасында пайда болған тәртіпсіздіктер 1000-нан астам адамдардың 

өлімі  мен  600  мың  адамның  баспанасыз  қалуына  алып  келді.  Ал  бұл  Гаагада  Халықаралық 

қылмыстық  соттың  назарына  ілінді,    нәтижесінде  Кенияның  жоғары  шенді  басшыларына  2007 

жылғы наразылық іс-шараларын қантөгіспен тоқтатқандығы жайлы кінәнің орнына: адамгершілікке 

қарсы қылмыс деген кінәға ауыстырылып, тағылды.

2011 жылы Нигерияның тағы бір елінде өткен өткен сайлауларда, халықаралық бақылаушылардың 

сайлауды өтті деп санауына қарамай, дінаралық қақтығыстарда 500 – ге жуық адам қаза болды. 

Себеп  болған,  қалыптасқан  тәжирбиеге  сәйкес  ел  басшылығына  кезекпен  мұсылман  хрестиан 

болып келуіне қарамастан, екінші рет президент болып хрестиан діні өкілінің келгені. Елдің 55 

пайызын мұсылмандар, 40 пайызын хрестиандар мекен еткен, бірақ бар мәселе нигерия халқының 

бөлінуінде емес, жалпы адамгершіліктің негізінде тұлғалық қарым-қатынастарды құруды білмеу 

және құлқының болмауы. 

Осыған ұқсас Тайланд елінде  сайлау науқандары болды, елде  6 премьер-министр ауысып, 

Конституция  2  рет  өзгертілді,  2  әскери  төңкеріліс  болды,  сайлауға  байланысты  тәртіп  сақтау 

қызметкерлері, жаппай қозғалыс мүшелері және мемлекеттік қауіпсіздік сақтау күштерінің арасында 

ауыр қақтығыстар орын алды, нәтижесінде 80 адам қайтыс болып, 120 адамның жарақаттануына 

алып келген барлығы 117 қасақана кісі өлтіру, 23 төбелес, 74 қорқытулар, ұрып-соғып қорқытулар, 

18 жарылыс, 5 өрт тіркелді. Бұл қайғылы көрсеткіштер өз кезегінде елдің сайлау өткізу құлқының 

жоқтығын,  жауаптардың  жалған  саналатындығын,  конституциялық  ережелердің  сенімсіздігін, 

сайлау  барысында  жүргізілуі  мүмкін  заңсыздықтарға  жол  бермеуі  керек  электорлық  сайлау 

заңнамасындағы  тиісті    кепілдердің,  ережелердің  жоқтығын,  қазіргі  кезде  электоралды  қызметі 

Таиландтың білімді Сайлау комиссиясына өткендігі өз кезегінде ішкі істер министрлігінің сайлауды 

кәсіби өткізе алмағандығын көрсетті [4].

ТМД  елдерінде  де  барлық  сайлаулар  қажетті  деңгейде  өтті  деп  айтуға  болмайды,  қарсылық 

көрсету  іс-шаралары  мұнда  да  тіркелген.  Достастық  мемлекеттерінің  (Әзірбайжан,  Армения, 

Беларусь, Грузия, Молдова, Ресей, Украина) сайлау науқандарын мысал ретінде келтіруге болады. 

2002  жылғы  7  қазанындағы  сайлау  стандарттары  жайлы  ТМД  Келісім  шарттарында  кейбір 

ережелер  қарастырылмаған,  бірақ  кей  жағдайларда  олар  қағидаттармен  аралас  және  аумақтық 

мінездемеге  ие.    ЕҚЫҰ  (Еуропа  Қауіпсіздігі  және  Ынтымақтастығы  Ұйымы)  демократиялық 

сайлаулардың  жалпыға  бірдей  ережелерін  дайындауды  жоспарлаған  болатын,  алайда  аталған 

жұмыстар  қазіргі  кезде  тек  талқылау  және  талас  сатысында.  Сондықтан  сайлау  барысы  қандай 

да бір елде халықаралық ережелерге сай немесе керісінше сай емес өтті деп талдау дұрыс емес. 

Осылайша,  өткізілген  сайлауларды  халықаралық  қағидаттарға  сәйкес  өтті  деген  дұрыс  болар, 

себебі дәл осы қағидаттарды мемлекет сайлау өткізудің халықаралық міндеттемелері ретінде өзіне 

алады.  Қазақстан  Республикасы  ЕҚЫҰ-ның  өзге  57  мүшелері  секілді  осы  қағидаттар  бойынша 

мемлекеттік міндеттемелерді алып, Конституциямен бекітіп, бұлжытпай орындап келеді. 

Айта кетер болсақ, тікелей сайлау құқығы, тең сайлау құқығы, жалпы сайлау құқығы, жалпы 

сайлау  барысындағы  құпиялық,  белсенді  және  пассивті  дауыс  беру,  сайлаудың  балама  түрлері, 

сайлаудың  қайталанып  тұруы,  сайлау  барысының  ашықтығы,  сайлау  нәтижелерін  бұрмаламау, 

азаматтардың, сайлауға қатысушылардың  даулы жағдайлар  болған жағдайда қайта қарауға өтініш 

білдіру  мүмкіндігі, сайлау  заңнамасы  бұзылған  жағдайда  жауапкершілікке  тарту  қағидаттары  өз 

алдына Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік сайлау құқықтарының негізін 

құрайды.

Көрсетілген қағидаттар Қазақстан Республикасының 3, 33, 41, 51, 86, 94, 95 және сайлау жайлы 

заңнаманың 3-6, 8, 47-50, 51, 69, 85, 101 баптарымен бекітілген немесе мазмұнында кездестіруге 

болады  [3].  Бұл  қағидаттар  халықаралық-құқықтық  құжаттардағы  қағидаттармен  сәйкес.  Ал, 

1948 жылғы 10 желтоқсандағы адам құқығы жайлы жалпы Декларацияда «Әрбір адам өз елінде 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   732   733   734   735   736   737   738   739   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет