Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
454
мемлекеттік қызметке орналысуға құқылы» деп жазылған [4]. Халықтың қалауы әрдайым үкімет
билігінің негізі болуы керек; бұл қалау әрдайым қайталанатын және әділ өтетін сайлаулардың
нәтижелерінде байқалуы және бұл сайлаулар өз кезегінде құпия дауыс беру арқылы жалпы және тең
деңгейде өтіп отыруы қажет» (21-бап). 6-бөлім, адамдардың өлшеу ортасы жайлы Конференциясының
Копенгагенде 1990 жылдың 29 маусымында өткен жиналысында: «Мүше мемлекеттердің жариялауы
бойынша қайталанып отыратын әділ сайлауда білдірген халықтың қалауы әрдайым мемлекеттік
биліктің негізін қалап отырады. Яғни мүше-мемлекеттер сайлауға қатысып, өз қалауын білдірген
және сайлауда дауыс берген өз өкілдері арқылы билікке араласып отырған азаматтарын сыйлайды».
5-бап 1965 жылғы 21 желтоқсанындағы адамдардың нәсіл тектеріне қарап қысым көрсетуді жою.
Халықаралық ережелерде: «Аталған ережелердің 2-бабында көрсетілген негізгі міндеттерге сәйкес,
мүше-мемлекеттер нәсіл тектеріне қарап қысым көрсетудің түрлеріне қарамастан жол бермеу және
жоюға, нәсіліне, қандай түсті екеніне, этникалық тегіне бөлмей, заң алдында барлық адамдардың
тең болуын қамтамасыз етуге, әсіресе: с) саяси құқықтарын, жекелеп айтқанда сайлауда дауыс
беру немесе жалпы және тең дауыс беру негізінде - өз кандидатурасын ұсынуға, ел басқаруға, кез-
келген деңгейдегі мемлекеттік басқарушылыққа қатысуға сондай-ақ, бәрімен бірдей мемлекеттік
қызметке орналасуға мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндеттеледі» делінген. 1952 жылдың 20
желтоқсанындаға әйелдердің саяси құқығы жайлы Ережелерінің 2-бабында «әйел адамдар да ер
адамдар секілді жалпыға бірдей сайлауды талап ететін, ұлттық заңнамамен бекітілген мекемелерге
ешқандай шектеулерсіз сайлана алады» деп көрсетілген. Ал, 2002 жылғы 7 қазанындағы Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы мүше – мемлекеттерінің демократиялық сайлаулар, сайлау құқығы және
тәуелсіздігінің жалпыға бірдей үлгілері жайлы Ережелердің 2-бабы 1-тармағында «демократиялық
сайлаулардің жалпы үлгілері болып: азаматтың мемлекеттік билік ұйымдарына, жергілікті басқару
мекемелеріне өзге де халықтық (ұлттық) өкілеттіліктерге сайлай және сайлана алу құқығы; құпия
сайлаумен жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде қайталанып отыратын әділ сайлауларда
адамдардың таңдауын көрсету; сайлаулардың ашық және жария түрде өтуі; азаматтар мен адамдардың
сайлау құқығы мен бостандығын сот және басқа да жолдармен қорғау, сайлау барысын қоғамдық,
халықаралық бақылаушылармен қамтамасыз ету принциптері, сайлау барысына қатысушылардың
сайлау құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету кепілдерін жүзеге асыру». Өзге де халықаралық
құжаттарда көрсетілген сайлау құқығы ережелерінің мысалдары осы талдау материалдарының
төменгі жолдарында келтірілген.
Қазақстан Республикасы халықаралық-құқықтық құжаттардың және тиісті халықаралықаралық
ұйымдардың мүшесі бола келе, жоғарыда аталған электоралды принциптерді өз аумағында жүзеге
асыру міндеттерін алды. Осылайша Қазақстан Республикасы тәуелсіз және заманға сай құқықтық
мемлекет ретінде жоғарыда аталған міндеттерді сайлау тәжірибелерінде орындау үшін бар күш-
қуатын салуда. Егер орындалу барысын бақылайтын болсақ, онда соңғы жылдары өткізілген 27
Үкіметтік, Президенттік, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, жергілікті әкімдердің
сайлау компанияларында барлық сайлау ережелері жіті сақталғанын байқаймыз.
Еліміздегі саяси ахуалдың тыныштығын бұзу талпынысы бір кездері орын алған болатын.
Оппазициялық партиялар мен оппазициялық азаматтар 2011 жылға Президент сайлауларына
қарсылық жарияламақ болды. Олардың ойынша әдеттегідей азаматтардың 20-30 пайызы сайлауға
қатыспаса және 50 пайызы қарсылық көрсетіп шықпаса онда сайлауға қатыспағандардың саны 70-
80 пайызға дейін баруы мүмкін еді. Аталған қарсылықтарды одан әрі бекіте отырып, ұлт алдында
Президенттің моральді патшалық басқарып отырғандығын көрсеткісі келді. Бірақ Қазақстан халқы
бұл арандатуларға жол бермей, керісінше сайлау учаскелеріне келуге итермеледі, осылайша: 9
миллион 200 мың 298 азамат-сайлаушылардан 2011 жылдың 3 сәуірінде республика бойынша
тізімге сәйкес 8 миллион 279 мың 227 сайлаушылар немесе 89, 98 пайызы келді. Және бұл санасуды
талап ететін факт. Осылайша Қазақ елі тағдырды шешу кезеңдерінде өзінің бірлестікке, саяси
тұрақтылықты бекітуге және қоғамдық келісімді нығайтуға деген ынтасын көрсетті.
Енді бойкот түсінігін талдап көрелік. Сайлау бойкоты дегеніміз – сайлаушылардың сайлау
барысына әдейі қатыспауы. Егер елдің сайлау электораттық және сайлау жүйесі осал болып келсе,
аталған іс-шара әдеуір зиянын тигізуі мүмкін. Қазақстанда басқа жағдай, сондықтан бойкот өз ісін
жасай алмады. Сайлауға дәстүрлі түрде сайлау орындарына 50 пайызы келмейді деген деректің
қайдан шыққаны белгісіз. Талдауға алып отырған кезеңде 3 Президенттік сайлау компаниясы
|