Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет740/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   736   737   738   739   740   741   742   743   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

457


өте жоғары болғанын атап өтуге болады. Осындай бәсекелестіктердің арқасында қазақ елі сайдау 

барысында үлкен таңдау мүмкіндігіне ие болғанын байқаймыз [4].

Сайлаулардың қайталанып отыруы өз кезегінде үміткерлер мен партияларға әрбір 5 жыл сайын 

жасалған жұмыстарын қорытындылап, қиындықтарды жинастырып олардың шешімін ұсынуға және 

ұсынылып  отырған  шешімдерінің  дұрыс  екендігін  дәлелдеуге  мүмкіндік  алады.  Республикадағs 

сайлаулардың қайталанып отыруы Конституцияның 41 (1 тармақ), 50, 51, 94-95 баптарымен және 

сайлау заңнамасының 51, 69, 85, 101 баптарында қолдау табады. Осы санның өзі (соңғы 19 жыл 

ішіндегі 27 сайлау компаниясы) аталған заңнаманың сақталып келгендігіне кепіл. Сонымен қатар 

қайталанып отыратын сайлаулар 2002 жылдың 7 қазанындағы  ТМД Конвенциясының 6-бабында 

және өзге де халықаралық құжаттарда бекітілген [3]. 

Сайлау барысының жариялығы дегеніміз сайлау барысының әрбір сатысы ашық өту. Өткізілген 

сайлау компанияларында қоғам, халықаралық бақылаушылар сайлаудың әрбір сатысын жіті талдауға 

алып отырды. Аталған принциптердің пайда болуына Конституцияның 1, 3 баптары мен сайлау 

заңнамасының 20, 20-1, 20-2, 31 баптары себеп болды. Негізі ЕҚЫҰ  халықаралық бақылаушылары 

өз жұмыстары барысында оппазициялық қарсы партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен әңгіме 

жүргізіп,  соңынан  Орталық  сайлау  комиссиясы  сұрақтар  құрып,  оған  қажетті  және  орынды 

жауаптарын алып отырды.

Сайлау барысын халықаралық және отандық бақылау институтын енгізу арқылы ашықтықты 

қамтамасыз ету 1995 жылдың желтоқсанынан басталып, әр сайлау сайын бақылаушылардың санының 

артып отырды. Қарастырып отырған 19 жылдық кезеңде сайлау процедураларын мониторингтеуге  

6055 шет елдік және халықаралық бақылаушылар, 245 226 отандық бақылаушылар, 1 538 шетелдік 

БАҚ өкілдері қатысқан (барлығы – 252 819 адам) [6]. 

Сайлаудың  шынайылық  принципі  барлық  сайлау  үдерістерінің  фалсификациясына  жол 

бермеуді  қарастырады.  Әсіресе  бұл  дауыстар  санын  санау  процедураларына  қатысты.  Сайлауды 

ұйымдастырушылар отандық және халықаралық бақылаушылардың қатысуымен дауыстарды нақты 

санап, дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамалар жасалды. Мүмкін болатын фальсификацияны 

болдырмау  мақсатында  сайлау  учаскелерінің  басшылары  тасымалдайтын  хаттамалардың 

түпнұсқалары халықаралық бақылаушылармен бірге тасымалданды. Сайлау туралы Конституциялық 

заңның 37-42, 43-44, 50-6, 50-7, 65, 78, 108, 20-1, 20-2 баптарында қарастырылған және аталған 

рәсімдер қатаң сақталып келеді және орындалатын болады. Осы принцип, сонымен бірге жоғарыда 

көрсетілген ашық, еркін сайлау принциптері 1966 жылы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси 

құқық туралы халықаралық пактінің 25-бабында көрініс тапқан [4]. 

Сайлау  қатысушыларының,  азаматтардың  заңсыз  әрекеттеріне  шағымдану  принципі  және 

сайлау  заңнамасы  нормаларын  бұзудағы  жауапкершілік  принциптері  –  елдің  электоралды 

құқығындағы маңызды принциптер.  Аталған принциптерді іске асыру азаматтардың белсенді және 

енжар  сайлау  құқықтарын  қамтамасыз  ету  принципін  іске  асыруда  маңызды  рөл  атқарады.  Осы 

принциптер Конституцияның 13 (2-т.), 14, 76 (1-2-т.) баптары, Қазақстан Республикасының сайлау 

туралы Конституциялық заңының 49-50, 50-8 баптары негізінде іске асуда. 

Бәсекелестердің,  сайлау  комиссияларының  мүшелері  мен  басшылары  әрекетіне  шағымдану 

көбіне  маслихат  сайлауларына  тән.  Бұл  елдегі  депутаттық  лауазымға  сайлауға  түсушлілердің 

санының көптігіне байланысты, әр 5 жыл сайын 3 335 адам сайланады, сонымен бірге әр жарты 

жыл сайын шамамен 50-55 депутат сайланады. Әр сайлау кампаниясы барысында азаматтардан, 

кандидаттар  мен  партиялардан  көптеген  арыздар  түсіп  отырады,  мысалы  2005-2013  жылдар 

аралығында  сайлау  комиссияларына  азаматтардан  1  232  арыз  түскен,  олардың  барлығы  дерлік 

нақты қарастырылған [6]. 

Жауапкершілік принципінің жұмыс істеуін келесіден көруге болады.                      1999 жылғы 

26  желтоқсандағы  Парламенті  Мәжілісінің  депутаттарына  сайлау  барысында  Орталық  сайлау 

комиссиясы областардығы 3 сайлау округіндегі сайлауды жарамсыз деп тауып, облыстық сайлау 

комиссияларын сайлауды қайта өткізуін міндеттеді. 

Сонымен бірге 2003 жылғы маслихат дептуттарына сайлау кезінде кандидаттыққа 142 азаматты 

тіркеуден бас тартудың заңдылығын тексерген Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура 

олардың 12-сі негізсіз деп тапты. Орталық сайлау комиссиясы 2003 жылғы 18 тамыздағы  № 84/105 

оларды маслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеді. 

Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  Қазақстан  Республикасының  Кодексінің  98-100-1 

баптарында сайлау заңнамасының бұзу бойынша нормалар қарастырылған. Осы Кодекстің баптары 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   736   737   738   739   740   741   742   743   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет