Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет744/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   740   741   742   743   744   745   746   747   ...   963
Түйін сөздер: бренд, брендинг, мәдениет, құндылық, рәміз.

Ел  брендингі  бәсекелестікке  төтеп  берер  құрал  болып  отыр.  Онда  да  брендингті  дұрыс 

түсіну қажет. Оны адал мақсатта қолдана отырып көптеген табыстарға қол жеткізуге болады. Тек 

экономикалық тұрғыдан ғана емес, жан-жақты дамуға мүмкіндік береді. Тек стратегиясын дұрыс 

таңдай  біліп  содан  айнымай  әрекет  ету  керек.  Ол  үшін  алдымен  еліміздің  бүгінгі  күндегі  бет-

бейнесін  дұрыс  бағамдап,  тарихи  ерекшеліктерімізді  оң  орнықтыра  білуіміз  керек.  Елімізге  тән 

құндылықтарды анық көре біліп, тарихтағы ұлы мемлекеттердің оң тәжірибесін сол құндылықтарға 

сәйкес қолдана білсек еліміздің іргесі мызғымас берік болады, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап 

қана қоймай, оны әлемге танытуға мүмкіндік аламыз. Сәйкесінше, әлемдік даму бағытынан да алшақ 

кетпейміз, еліміздің мәдениетін де басқа ұлттарға танытамыз. Бұл жерде біздің пайымдауымызша, 

ең басты рөлде мәдениетімізді дамыту тұрады. Ең бастысы – «Қазақстан» брендінің өз халқымыздың 

санасында мығым орын алуы және әлем халқының санасында да сол образға сәйкес болуы тиіс. Бұл 

бір күннің жұмысы емес, бұған мыңдаған адамның күш-жігері кетеді, аз қаражат та кетпейді. Бірақ 

сол  мыңдаған  адамның  еңбегі  бір  мақсатқа  жұмылдырылып  қана  қоймай,  бір  бағытта  қозғалуы 

керек. Және де ол бағыт еліміздің табиғаты мен рухына сәйкес болуы керек.

Ел брендінің белгілі бір құндылыққа негізделуі керек екендігі айтылып өтілді. Бұл құндылық 

қайдан алынады, ол неге негіз болады?  Мұның жауабы анық – атрибуттарынан. Атрибуттарына 

халықтың салт-дәстүрі, мінезі, тарихы, сыртқы бет-әлпеті, әрекеті, бір сөзбен айтқанда басқаларға 

ақпарат беруі тиіс қасиеттері жатады. Мысалға, шотланд елінің ер азаматтары киетін ұлттық киімдері 

– қысқа белдемшелері көптеген елге күлкі де болды, стереотиптердің негізі де болды. Себебі, оны 

басқа елдің бәрінде әйел заты ғана киетін. Осы стереотип негізінде қате пікірлер де қалыптасты. 

Ал олардың басқа жағымды қасиеттеріне ешкім мән бермеді де. Осындай қате пікірлердің болмауы 

үшін  елге  тән  мінез  бен  салт-дәстүрлерге  сүйене  отырып  ұлттық  ерекшеліктерімізді  толығымен 

танытқанымыз абзал.



Ел брендінің атрибуттарыЕліміздің басымдықтары мен кемшіліктеріЕл брендінің 

бағыты  атрибуттар  негізінде  жасалады.  Сол  атрибуттар  бізге  қандай  басымдықтар  береді? 

Ата-бабамыз  қалдырып  кеткен  мұралар  мен  елдің  бейнесін  анықтайтын  атрибуттарды  қарасақ 

құндылықтарды бірден байқауға болады. 

Тұтынушы санасында мәдениет көбінесе тұлғаның, жеке адамның метафорасы ретінде қызмет 

атқарады.  Мәдени  шараларға  қатысу  және  оны  тұтыну  арқылы  тұтынушылар  мемлекеттің  ішкі 

сипаттары туралы қорытынды жасайды. Спорт күшке, батылдыққа, мақсаттылыққа, командалық 

рухқа баланады. Поп-музыка ойлап табушылық, бейімділік, қиялдану, қалжыңдай білу, өмір сүруге 

т.б. баланады. Ұлттық имидждің мәдени аспектісі ауыстырылмайды және қайталанбайды, себебі 

ол елдің өзімен байланысты. Ол – мемлекеттің кешегісі мен бүгінгісін жалғастырушы. Ол рухани 

байытады, себебі коммерциялық емес қызметпен байланысты. Ол жақсылыққа бастайды, себебі 

елдің халқы мен институттарының рухани және интеллектуалдық сипаттарын көрсетеді.

Мәдениет  –  ұлттық  имидждің  коммерциялық  брендтерге  қарағанда  сенімдірек,  айқын  және 

тезірек жеткізушісі. Мәдениеттің жеткізілуі күн тәртібіне тәуелсіз, экономикалық басымдықтарға 

бағынбайды. Мәдениет өмір сүруі үшін әрқашан қаржылық көмекті қажет ететін үнемі пайдасыз 

және  шығынмен  байланысты  қызмет  емес.  Көптеген  мәдени  шаралар  мен  оқиғалар,  әсіресе 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   740   741   742   743   744   745   746   747   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет