Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет747/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   743   744   745   746   747   748   749   750   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

462


Қазақта өнердің түрі көп, соның бірі – атқа міну өнері. Қазақтың ат құлағында ойнайтын халық 

екендігіне  ешкім  шүбә  келтіре  алмайды.  Ата-бабаларымыз  атқа  үш  жастан  бастап-ақ  отыратын 

болған,  бұл  жағдай  әртүрлі  ұрыстарда  да  үлкен  басымдық  берген,  гректердің  мифтік  жануар 

кентаврды  сақтарға  қарап  отырып  ойлап  тапқаны  белгілі.  Қазақтың  атқа  міну  мәнері  батыстық 

атқа міну мәнерінен бөлек. Батыстық шабандоздар көкпар тартуға шыдамақ тұрмақ аламан бәйгеде 

сөреге  жетуі  неғайбыл.  Өкінішке  қарай  қазіргі  қалалық  өрендер  атқа  міну  тұрмақ,  оны  көзімен 

көрмегендері де бар. Оларда кінә да жоқ шығар, қазір қалаларда бұл өнерді үйренудің өзі мүмкін 

емес, әр баланың атасы мен әжесі ауылда тұра бермейді. Оның үстіне ақпарат көздерінде бұл өнер 

жеткілікті мөлшерде насихатталмайды да.

Елді  таныстыруда  мәдениеттің  рөлі  әрқашан  шиеленісті  болып  көрінеді:  елдің  мәдени 

жетістіктерін  әлемдік  аренада  ұсыну  қажет  болғанымен,  олар  әруақыт  «сатыла  бермейді» 

немесе  экономикалық  тілмен  айтар  болсақ  туризмдегідей,  коммерциялық  компаниялардың 

брендингіндегідей  салынған  инвестициялардың  қайтарымдылығын  қамтамасыз  етпейді. 

Сондықтан,  мәдениетке  көбінесе  «пайдасыз»  әрекет  статусы  беріледі,  елді  жалпы  таныстыру 

шеңберіндегі филантроптық немесе қайырымдылық міндеттеме ретінде қарастырылады [2].

Бірақ  егер  мәдениетке  міндеттеме  деп  қарайтын  болсақ,  біз  оның  елдің  шынайы  рухы  мен 

мәнінің таныстырушысы ретіндегі қызметін түсінбейміз. Ел брендінің имиджін байыту, мемлекет 

құндылықтарын тереңірек түсіну барысында мәдениеттің рөлі өте маңызды. Мәдениет мемлекеттік 

брендингке  бірегей  өлшем  қоса  алады,  себебі  тұтынушылардың  коммерциялық  хабарламаларға 

сенімсіздік пен сезіктенуінің ұлғаюы барысында мәдениеттің коммерциялық емес табиғаты анық 

көрінеді. 

Сонымен  қатар,  мәдениеттің  құндылығы  –  елдің  географилық  орналасуы  сияқты,  елдің 

бірегейлігі  мен  мәнінің  тікелей  бейнесі  болып  табылатынында.  Мәдениет  –  бұл  елдің  бірегей 

сипаты.  Мемлекет  мәдениетін  қайта  таныстыру  оның  имиджіне  тектілік  деген  сипат  береді. 

Мысалы,  батыстық  тұтынушылар  жапондық  поэзияны,  мәдениетті,  өнер,  тағамдары  мен 

философиясын үстіртін білсе де, ол коммерциялық Жапонияға, оның өнімділігі, технологиялары 

мен миниатюризациялауға қарсы пункт ретінде әсер етеді. Бұл қатаң, өнімділігі жоғары мемлекет 

деген әлеуеті қауіпті имиджін азайтуға көмектеседі, сол арқылы басқаларға роботтар емес, шын 

адамдар жасаған тауарларды сатып алатынынан хабар береді. Жапондық поп-мәдениет Жапонияның 

байсалды имиджіне қарсы пункт ретінде жұмыс істейді [3].

Осыған  ұқсас  жолмен  Германияны  классикалық  музыка,  әдебиет  пен  философияның  отаны 

ретіндегі  кең  танымал  қабылдануы  Германияның  «стерильді  имиджіне»  -  қымбат  бағалы, 

технологиялық  жетілген  тұтыну  тауарлары  өндірушісі  имиджіне  қосымша  адами  өлшем 

қосады. Сондай-ақ егер Италия имиджі, негізінен сән мен стиль аясынан болған коммерциялық 

брендтер арқылы ғана қабылданатын болса, ол бізге үстіртін, ойнақы болып көрінер еді. Алайда, 

біздің  Микеланджело,  Рафаэль,  Да  Винчи,  Вивальди,  Паворотти  сияқты  тұғаларды,  сондай-ақ, 

Венеция, Флоренция, Рим сияқты суббрендтерді білуіміз осы ұнамды әуенге қуатты қарсы пункт 

қалыптастырады.



Сырт келбеті және айрықша белгілеріМұнда негізінен елімізге тән, бірден көзге ұратын 

белгілер жайлы айтылады. Еліміздің ең негізгі символдары – мемлекеттік рәміздер, ұлттық киімдер, 

халықтың қазіргі киім киіс үлгісі, ұлттық тағамдар. Осыларды біраз талдап өтсек.

Мемлекеттік рәміздер. Бұлардың ең алғаш көзге түсетін символдар екендігін айта кеткен жөн. 

Туымыздың негізгі түсі көгілдір екендігі баршаға мәлім. Жалпы, бұл түстің өте сәтті таңдалғанын 

айта кеткен жөн, ол халқымыздың табиғатынан өте жақсы хабар беріп тұрады. Оның ең бастысы 

салқын  түстерге  жататыны.  Бұл  түс  адамды  тыныштандырып,  сабасына  түсіреді.  Бұл  түс  әлем 

халықтарында тұрақтылық пен өз-өзіне сенімділікті білдіреді. Яғни, басқалар бізден соны күтіп 

тұрады. Көгілдір түсті тұнық мұхит пен ашық аспан мінездің ашықтығын, бейбітшілікті сүюді де 

білдіреді. Көк экспрессивті қызыл түске қарама-қарсы, яғни, салқынқанды шешімдер қабылданып 

ашу-ызаны санаға жеңдіре білетінімізді де айтады. Мұнда да туымызда көгілдір түс бекерден бекер 

тұрған жоқ, алтын түстес күнге фон қызметін атқарып тұр. Сол күн де бейбітшілікке ұмтылыстың 

көрінісіндей.  Көгілдір  аспан  астында  күннің  болуы  аспанның  ашықтығын,  бұлтсыздығын 

көрсетеді. Сол күннің астындағы бүркіттің қалықтап ұшуы еркіндікті білдіреді. Сол бүркіт те тудан 

бөлек ел символы болып отыр. Бүркітті, бүркітшілерді қасиеттеп өскен еліміз үшін бұл қалыпты 

жағдай секілді көрінгенімен көптеген елдермен салыстырғанда мұнда да бір ерекшелік байқалады. 

Бүркіт көптеген елдерде қасиетті саналады, алайда оларда дәл біздегідей бүркітті аңшылық үшін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   743   744   745   746   747   748   749   750   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет