Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет745/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   741   742   743   744   745   746   747   748   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

460


жастар және танымал мәдениет саласындағылары, тек олар ғана емес, жалпы өзін-өзі ақтайтын 

және  пайда  әкелетін  артефакт  болып  табылады.  Концерт,  көрме,  фестиваль,  тіпті  цирк  сияқты 

ұлттық және мемлекетаралық мәдени шаралар елді оң қабылдауды байытып, сонымен қатар жақсы 

табыс  әкелуі  мүмкін.  Жастарға  арналған  тауарлар  маркетингі  поп-мәдениетімен  қатар  жүреді, 

ал  кей  тауарлар  классикалық  мәдениет  таратушысы  ретінде  қызмет  атқарады.  Мысалға  Моцарт 

бейнесін  тарататын  Mont  Blanc  қаламсабын  алайық.  Өз  тауарларын  өткізуде  поп-мәдениеті  мен 

субмәдениетті Nike, Tommy Hilfiger, Pepsi, басқа көптеген фирмалар қолдануда. Мәдени шараларға 

демеушілік көрсетуді көптеген компаниялар өзінің мәдениетті, филантроптық, интеллигентті және 

космополиттік ұйым ретіндегі статусын таратудағы ең тиімді құрал ретінде көреді. Сол себепті де 

рухани құндылықтарымызға аса көңіл бөлуіміз қажет, ел брендінің бағытын анықтап беретін де, 

оны насихаттауда басты рөлдердің бірін ойнайтын да солар.

Рухани құндылықтарыЕліміздің бейнесін қалыптастырудағы басты назар аударылуы тиіс 

бағыт – ата-баба мұрасы. Оны да дұрыс түсіне білу қажет, тарихи ескерткіштер де, ауыз әдебиеті 

де, т.б. көптеген мұралар бұл ұғымға сәйкес келеді. Бірақ, бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен 

басты  мұрасы  –  салт-дәстүр.  Кез-келген  дәстүрдің  халық  санасын  қалыптастыруда  атқаратын 

белгілі бір қызметі болады. Соған сәйкес құндылықтар жүйесі де реттеледі. Сол салт-дәстүрлер 

елдің ажырамас ерекшелігі, одан бас тарту өзіңе өзің ор қазумен тең. Бүкіл бір халықтың жоғалып 

кетпеуінің негізі де осы салт-дәстүрлерді ұстану, оның жоғалып кетпеуіне жол бермеу.

Бәсекелестікте  ең  бастысы  ерекшелікті  сақтай  білу,  оның  қарсыластікінен  басым  екендігін 

дәлелдей  білу.  Ал  қазіргі  заманда  бәсекелестік  адамның  санасы  мен  түйсігіне  ауысқандығы 

жоғарыда айтылып өтті. Ғаламдастыру үрдісі шекараларды жоғалтуға барынша тырысып бағуда, 

алайда  ғаламдастыру  дегеніміз  басқаға  еліктеу  дегенді  білдірмейді,  керісінше,  басқа  елдерді 

мойындатуға қол жеткізу дегенді білдіреді. Адамдар көбіне-көп соғысқұмар, басқаларды басып-

жаншуға  дайын  тұрады.  Тек  уақыт  өте  келе  оның  көріністері  ғана  үнемі  өзгеріп  отырады:  адам 

әрекеті ежелгі заманда нанын тартып алуға, кейінірек басқа елдерді күшпен бағындыруға келіп сайса, 

қазіргі заманда қарсыласының санасын жаулаудан көрініс табады. Салт-дәстүрінен, мәдениетінен 

айрылған ел басқаның жетегінде кетеді, тәуелсіз ойлаудан қалады. Ел брендінің қызметі де осы 

бағытта атқарылуы тиіс. Салтымызды бүкіл қазақ болып жаңғыртуға атсалысып жатырмыз, алайда 

бұл жеткіліксіз, оны әлемдік деңгейге жеткізу қажет. Ұлттық дәстүрлерді таныстыру орыс және 

ағылшын тілінде де жүруі тиіс. Ешкімнен ұялмай, жасқанбай көрсете алатындай мәдениетіміз бар 

екен, оны басқалар да білуі тиіс. Қазақта қайталанбас салттар жеткілікті. Тек соны көрсете алмай 

жүрміз. Мысалға айтыс өнерін алып қарайық. Бұл өнер тек қазақ пен қырғызға ғана тән. Ал соны 

басқа  елдердің  білуі  екіталай.  Мағынасын  түсіндіріп,  дұрыс  қырынан  көрсете  білсек,  талайды 

таңдай қақтырарымыз анық. Әлемнің талай елінде суырып салма ақынның болатынын естімеген де 

болар. Бұған аздап ұқсайтыны – рэп оқитындардың сайысы ғана, алайда оның айтыстың маңына да 

жоламайтынын бәрі де білуі тиіс. Алайда бұл тек қазақ тілінде басқа елдер сөйлей бастағанда ғана 

іске асатын шығар. Ал әзірше айтысты ең алдымен иісі қазақтың бәрі ұғынуға тиіс. Бұл жерде қазақ 

дегенде оған барлық қазақстандықты жатқызып отырмыз. Алғашқы белес осы болмақ.

Қазақтың ерекшелігі кез-келген салада жеткілікті, әр салада жеке стилі бар десем қателеспеспін. 

Мысалға музыка саласында қазақтың күйі бар. Оны «Ұлытау» тобы жаңа заман талаптарына сай 

өңдеп  әлем  жұртшылығының  назарына  ұсынғанда  талайды  таңдай  қақтырды.  Алайда  сол  топ 

әлемге жеке стилімен танымал бола бастап еді, оның өзі де аяқсыз қалды. Әрине бұл топ әлі де 

шығармашылық  өмірін  жалғастырып  жатыр,  алайда  тиімді  стратегиялық  әрекеттің  болмауы 

себепті  алған  жүрісінен  жаңылып  қалған  секілді.  Бірақ  бұл  топтың  өзіне  ғана  тән  қасиеттері 

болғандықтан  тиімді  басшылық  болса,  зор  үміт  күтуге  болады.  Алайда  қазақтың  күйін  әлемдік 

деңгейде  таныстыруда  тек  бұл  бағытта  шектеліп  қалуға  болмайды,  оны  классикалық  музыка 

қатарында таныстыру қажет. Қазақтың музыкалық аспаптары бүтін бір ансамбль құрады, оны тек 

жаңа заманмен үндестіру қажет. Қазақтың музыкаға талабы зор екендігін классикалық жанрдағы 

өнерпаздарымыз  дәлелдеп  отыр.  Алайда  бұл  салада  да  орындаушылық  өнерімізден  басқасын 

көрсете қойған жоқпыз. Орындаушылардың әлем жұртшылығының қошеметіне ие болатыны анық, 

ішіндегі виртуоздарының аты тарихта қалуы да мүмкін, алайда ұлы туынды иесінің аты тарихта 

алтын әріптермен қалатынын ұғыну қажет. Сол себепті де композиторлар мектебінің нығаюына аса 

көңіл бөлінуі қажет. Мектеп толықтай қалыптасқан жағдайда әлем тарихында аты қалуға таланты 

жететін ұл-қыздар лайықты білім алар еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   741   742   743   744   745   746   747   748   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет