Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
92
қолданылатын амал және соларға ғана тән құбылыс болып табылады. Себебі ерлер ұялғанын бет
басу, теріс қарау сынды қимылдармен емес, басқаша, атап айтар болсақ, басын сипау, тілі күрмелу,
төмен қарау т.б. бейвербалды амалдары арқылы білдіре алады. Төменде мысалға келтіріліп, талда-
найын деп отырған бас сипау бейвербалды амалы ерлер қарым-қатынасында кездесетін амалдар
қатарына жатады.
Басын сипау (оң немесе сол қолымен өзінің басынан (төбесінен) сипау) – ұялу, ығайсыздану.
Әскерде кіші командир, үлкен командирлер болатынын оның білетін, білмейтіні маған беймәлім.
Алайда ол менің кіші командир болдым дегенімді бойымның кішілігіне апарып салды. Әдейі сөйтті
ме, жоқ білмегендіктен солай ойлады ма, оны да аңғара алмадым. Әйтеуір қыздар оның “көрініп
тұр” дегеніне ду күліп жіберді. Басымды қайта-қайта сипалап өзім де күлем [13, 261].
Ал қарым-қатынаста еркелету мағынасын білдіретін бас сипау бейвербалды амалы жоғарыда
айтылған қимылдан мағыналық әрі жасалу тұрғысынан айырмашылығы бар. Ұялу мағынасында
қолданылатын бас сипау қимылының жасалуында адресант қана қатысатын, яғни бұл қимылды
бір адам жүзеге асыратын болса, екінші басынан сипау бейвербалды элементін жасауда екі адам
(адресант пен адресат) қатысады. Бас сипау мағынасындағы екі қимыл да бір дене мүшелері (бас
және қол) арқылы беріліп, жасалынып, түрлі мағыналық реңкте қолданылып тұр. Бұл айтылғандар
тактильді-кинесикалық бейвербалды амалдың қатарына жатады. Себебі бұл жерде жанасуды, екі
қарым-қатынасушының бір-біріне жақындап, жанасуын көріп отырмыз.
Басынан сипау (адресант адресаттың басынан сипауы, төбесінен маңдайға немесе желкеге
қарай қолының алақанымен төмен қарай сипалауы) – еркелету. Оның «Құлыным!» – деп күс-күс
қолымен басымнан сипағаны маған зор қуаныш, үлкен бақыт болатын, дөрекілеу келген дауысының
өзі жаныма жалын егіп, көңілімді шалқытып қоя беретін [6, 5].
Бас иіп тәжім ету көптеген халықтардың мәдениетінде құрмет пен ізет білдіру ниетімен
байланысты болып келеді және де бұл дене қимылы шығыс елдерінде кең тараған. Атап айтатын
болсақ, Қытай, Корея, Жапония мемлекеттерінде алғыс білдіру, амандасу, қоштасу рәсімдерінде
қолданылатын ым-ишара түрі. Бұл да бір ізеттіліктің, құрметтеудің бір түрі болып саналады.
Бас ию қимылының қазақ тілінде екі түрі мен екі түрлі мағынасы бар. Біріншісі, ұлы адамдарға,
ата-анаға ризалықпен бас ию, яғни құрметтеудің, сыйлаудың белгісі. Екіншісі, жеңілуді, тәуелді
адам алдында кішіреюді білдіреді. Мысалы, Таяу кеп, даяшы жігіттердің көмегімен аттан түсті де,
жақындай беріп ханға басын иді [6, 45].
Бас ию, тәжім ету (басты сәл ғана төмен иіп, денесін еңкейген күйде ұстайды) – қоштасу. Патша
(ұнатпаған кескінмен бөгеп). Сізге мен, ең алдымен, князьға сөйлесіңіз дедім ғой, ротмистр. Одан
кейін, қажет болсаңыз шақыртып алам. Әзірге бара тұрыңыз!… Қош болыңыз… (Шоқан наразылық
кескінмен тәжім етеді де шығып кетеді). [10, 27].
Басын ию (басын сәл ғана төмен салу) – танысу. Қысық көзді келген тапал сары жігіт күлімсіреп
қарсы алды. Мәриям Раушанды айтып таныстырып еді, күлімсіреп иілді, қолын ұсынды [12, 67].
Қарым-қатынастағы омонимдік ым-ишаралардың нақты қандай қимылды аңғартып
тұрғандығын көркем шығармаларда бейвербалды амалдармен ілесе жүретін вербалды амалға назар
аудару керек. Сол көркем шығарма мәтініндегі ым-ишараның қалай іске асатындығын, қандай
жағдайда қолданып тұрғандығын айшықтап көрсетіп береді. Ал ауызша қарым-қатынаста өрбіп
жатқан әңгіменің мағынасына қарай отырып, оның вербалды түрін түсіндіріп, ым-ишараның
мағынасын арнайы сөзбен ұғындырып жатудың қажеті шамалы.
Достарыңызбен бөлісу: |