Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет187/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

113


Қалған соң көрісе алмай қайтсын байқұс,

Шығады шешем дауысы ойбайлаған [4,9].

Жырда  Жүсіпбек  нұсқасында  Айман  мен  Шолпанның  шешесі  туралы  осы  бір  тұста  ғана 

оның айғайлағаны айтылады да, себебі ашылмайды, ал Балқы Базар жырау мұндай тұстарды қалт 

жібермей жітілікпен аңдап, үйлесімділігіне, сөздердің мағына байланысына мән беріп отырғаны 

байқалады.  

Жырдағы  нұсқалар  арасындағы  ауысып  қолданған  сөздерді  санамалап  отырсақ  өте  көп, 

сондықтан қысқаша болса да тоқталып өту қажет. Мәселен,  1896 жылғы нұсқадағы 31 шумақ:

Бұл сөздің тұрмады енді артын естіп,

Маман бай сөз айтпады, сірә, айыптап [6,6],

Балқы Базар жырау нұсқасында:



Бас алмай мәмілеші айтса да ептеп,

Күшейген өкпелері сөзді кектеп [4,4],

1939 жылғы Қ.Имановтың қолжазбасындағы 31 шумақта:

Бұл сөздің тұрмады енді артын тектеп,

Маман бай сөз айтпады, сірә, ептеп [7,5].

Осы сияқты айырмашылықтар тобын қысқаша берер болсақ, мәселен, «Толтыртты өңкей нарға 

тоғыз саба» [6,2], «Қос-қостан сегіз нарға саба артады» [4,2]; «Шектіні таң бамдаттан тигізбесем» 

[6,9], «Ауылыңа ауыр қолды кіргізбесем» [4,5], «Шектіні таң сәріден тигізбесем» [6,9]; «Жиынына 

шақырған жан келеді деп» [6,2], «Ізінен қалғандары ерер дейді» [4,2], «Жиынына шақырған жұрт 

келеді,-деп» [7,2]; «Жиылды Шөмекейдің өңшең биі» [6, 3], «Әр елдің келді батыр, бай мен биі» 

[4,3], «Жиылды Маман байдың өңшең биі» [6,3]; «Былғайтын түйініңізді кекті келді» [6,5], «Әр 



жерден келді аталық тектілерден» [4,4], «Былғайтын егескенді кекті келді» [7,5] және т.б. осы 

сияқты сөздердің өзгеруі көп кездеседі.

Ауыз әдебиеті үлгілерінде әйелдің сұлулығын сөз етуде қолданылатын ару сөзі Балқы Базар 

жыраудың нұсқасында  қолданылғанымен, Жүсіпбек нұсқасында да, басқа нұсқаларда да мүлдем 

қолданылмаған. Мәселен, Базар жырау нұсқасында ару  сөзі төрт  жерде кездеседі: 

Айман сынды аруды,

Қалайша көзге ілмейді [4,15].

және «Аруын Айман сынды жадына алар» [4,12], «Алдыңнан арнап шыққан ару жарың» [4,22], 

«Кеулің сүйген аруың» [4,24].

Қорыта келе айтарымыз, «Айман–Шолпан» жырының нұсқаларында басқа да ауыз әдебиеті 

үлгілері  сияқты  айтушылардың,  көшірушілердің  есімдері  әр  түрлі  болғанымен,  жырдың  оқиға 

желісі  бәрінде  бірдей  деуге  болады.  Яғни,  бұл  ол  бастағы  шығарушының  бір  ақын  екендігін 

білдірсе керек. Ы.Т.Дүйсенбаев «Айман–Шолпан» жыры ауыз әдебиетінен көп жерлерде қол үзіп, 

жазба әдебиетінің дәстүріне ауа бастаушылықты немесе сол жазба әдебиетіне бой ұрушылықты ап-

айқын көреміз» дейді [8,24]. «Айман–Шолпан» жыры Жүсіпбек Шайхисламұлының нұсқасымен 

ең алғашқы баспа бетін көргені мәлім. Сондықтан болса керек, өзге нұсқалармен ұқсастығы басым. 

Әйткенмен, Балқы Базар жырау нұсқасы тілі жағынан көркем және қисса сарынынан ада.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет