Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет318/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

190


Бетегелі Сарыарқаның бойында, 

Соғысып өлген өкінбес!

 [1, 31]

...

 Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

... 

Кетбұғадай билерден

Кеңес сұрар күн қайда?!

Еділдің бойын ен жайлап,

Шалғынға бие біз байлап,

Орындықтай қара сабадан

Бозбаламен күліп-ойнап,

Қымыз ішер күн қайда?

[1, 34]


Доспамбет  жыраулар  поэзиясында  өзіндік  қолтаңбасы  бар,  жорықшы,  батыр  жырау  болған. 

Қазақ хандығы дәуірінде мемлекет мүддесін жоғары ұстанған ақын, елінің бірлігін, тұтастығын 

жырлаған.

Жыраулар – Қазақ хандығы мемлекетіндегі қазақ халқының әрбір азаматының еркектері мен 

әйелдерінің  де  асыл  сапаны  иеленуін,  сол  жақсылықты  ұрпақтарға  жалғастыруын  мұрат  тұтқан 

қайраткерлер. Жеке адамдардың қасиеттері арқылы халықтың, оның ұрпақтарының өнегелі тұлға, 

үлгілі әулет құрайтындығын жыр жолдарында айғақтайды. 

Ғалым-жазушы М.Мағауин: «Шалкиіз – көбі мақалға айналып кеткен талай афористік сөздердің 

авторы. Көзі жіті жырау өзінің айтпақ ойын неғұрлым өткір, неғұрлым дәл бере алатын сөздерді 

іріктеп қолданады. Және бұл әдепкі қарабайыр сөздер емес, қынаптан суырған қылыштай айдынды 

да әсем өмірге, динамикаға толы образды сөздер» [4, 46], – дейді.

Шалкиіз жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ, әлем бір қалыпта тұрмайды, бәрі 

өткінші деген пікірді уағыздайды. Жырау әрбір адам ақырын жүріп анық басуы тиіс, асқанға бір 

тосқан.


Ор, ор қоян, ор қоян,

Ор қоян атлы бір қоян,

Он екі көжек атасы -

Қаудырқұлақ шал қоян

Жүйрікпін деп мақтанбас.

Жүйрікпін деп мақтанса,

Ұзын жолдың үстінде

Оралып ойнап тұрған

О-дағы бір құба арланға жолығар!

...Сөйлегенде сөзі аузына сыймаған,

Еріккенде қызыл тілін тыймаған

Ғақбытлы сол жаман

О-дағы бір пәлеге жолығар! [1, 47]

Шалкиіз  жырау  «Көп  түкірсе  –  көл»  деген  мақалды  қолдана  отырып,  көптің  қолынан  бәрі 

келеді, ол жауға айбар, елге қорған, көпті ешкім жеңе алмайды. Көптің бірлігін сақтайтын жалғыз 

жол, ол – туыстық, қандастық, мемлекеттің тұтастығы, халқының бірлігі.



Жағағ дұспан қолы тимеске,

Артыңда туысқанның көбі игі... [1, 42-43].

Жыраулар  –  қазақ  халқының  ертеңгі  болашағы,  балалардың  да  татулықпен,  бірлікпен 

қалыптасып  өсуін  жырлайды.  Жастайынан  ауызбіршілікпен,  достықпен  қалыптасып  өскен  жас 

ұрпақтың халқын баянды бақытқа жеткізгені – тарихта дәлелденген ақиқат.

Ақтамбердінің қазақтың жаңа жас буынына арналған тәрбиелік өсиетінің осындай тағылымды 

жақтары бүгінгі Қазақ елінің өскін ұрпақтарына үлгі-өнеге болмақ. 

Балаларға өсиет:

Қылмаңыздар кепиет, 

Бірлігіңнен айрылма,

Бірлікте бар қасиет.

Татулық болар береке, 

Қылмасын жұрт келеке. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет