Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет316/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

188


Ғалым М.Мағауиннің қалыптастырып кеткен жыраулар поэзиясын зерттеудің ерекшеліктерін 

қайта  қарастырып  зерделеу  бүгінгі  өмір  талабынан  туындап  отырған  дүние.  Себебі,  ХV–ХІХ 

ғ.ғ және ХХ ғ. басындағы қалыптасқан ақын-жыраулар поэзиясының басты тақырыптары Қазақ 

хандығын  құрған  тайпалардың  топтасуы  мен  бірлігі,  мемлекетті  және  оның  әскери  күш-қуатын 

нығайту мәселелері болды.

Академик С. Қирабаев: «Жыраулар заман халін толғап барып, оны елдің тілегін, арман-мұңын 

айтқан жырлармен жалғастырған. Бұл жырлар негізінен елдің бірлігі, жердің тұтастығы, ұлттық 

тәуелсіздік идеясымен байланысты толғаулардан тұрады» [4], – дейді. 

Демек, жыраулар поэзиясы тәуелсіз Қазақ елінің «Мәңгілік Ел» құру жолында елдің бірлігін, 

тұтастығын,  мәдениеті  мен  тарихының  қалыптасып  дамуына  өзіндік  үлесін  қосатын  арна. 

Сондықтан жыраулар поэзиясы бүгінгі таңда Қазақ елінің рухани мәдениетінің өркендеп дамуына,  

мемлекеттілігінің қалыптасуына, экономикалық өркендеуіне зор ықпал етеді. Жыраулар поэзиясын 

қайта зерделеу өмір талабынан туындаған дүние.

Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  жыраулар  поэзиясында  ерлік  тақырыбының  басымдық  алып,  өз 

мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі 

мен қайтпас қайсарлығын жырлау ең өзекті мәселе болды. Жыраулар билеушілердің және адамдар 

жоқшылық  дегенді  білмей,  молшылықта  өмір  сүретін  қоғамның  мінсіз  бейнелерін  жасады. 

Жыраулар  өздерінің  поэтикалық  монолог-толғауларында  маңызды  мемлекеттік  проблемалармен 

қатар, әдеп пен мораль, ар-намыс пен қадір-қасиет мәселелерін қорғады, өмір мен өлім туралы, 

дүниенің құбылмалығы мен жалғандығы туралы өз ойларын толғады.

Жыраулар  поэзиясы  ұлттық  болмысымыздың  қалыптасуында  аса  қуатты  ықпалдылығымен 

ерекшеленді. Мемлекетті басқарған хандардан бастап, есі енді кіре бастаған балаларға дейін сөз 

өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық ықпалын қабылдайды. Қазақ халқы сөз өнерін киелі санайды. 

«Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» дейді дана халқымыз.

Профессор А.Егеубай жыраулар поэзиясының қазақ ұлтының рухани қалыптасуына жасаған 

ықпалы  туралы:  «Жыраулар  толғаған  адамшылық,  имандылық,  қаһармандық,  жігерлілік  һәм 

жайсаңдық жаңа қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай 

болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан танылды. Білім-білік, ақиқат, тіл, 

жаратылыс жайлы толғамдар да сол арнада желі тартты. Ежелгі түркі дүниесінің бар болмысы мен 

арман-мүддесі бір кезеңде қазақтың классикалық мәдениеті арқылы жаңғыра көрінді. Жыраулар 

дәуірінің ішкі мәніне үңілсек, төрт-бес ғасыр бойына тұтастай құбылыс ретінде дамыған әлеуетті 

әлеуметтік-көркемдік  ұлы  самғау  бұрын-соңды  болмаған  еді.  Ол  поэзияда,  елдік  құрылыста, 

тұрмыста материалдық һәм рухани мәдениетте бірдей айқын мүсінделді» [2], –дейді.

Жыраулар поэзиясы – дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген Қазақ хандығы атты дәуірдің 

әдеби мұрасы. Көрнекті ғалым-жазушы М.Мағауиннің айтуынша: «Қазақ халқының жалпы түркілік 

ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге 

созылды» [3, 3-4].

Демек, Қазақ мемлекетінің қалыптасу, даму тарихымен байланыстыра қарастыру тәуелсіздік 

жолына мәңгілік бағдар түзеген Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуында жыраулар поэзиясы 

үнемі ықпалды арна болады.

Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясын зерделеген М.Мағауин: «ХV– ХVІІІ ғасырларда 

жасалған  әдебиет  ел  мүддесін,  жұрт  мұратын  бірінші  орынға  қойды.  Өзіндік  түр  тауып,  айқын 

ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ 

үшін ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік 

өредегі ұлы шығармалар қалдырды» [3]. Яғни, жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнерінің әлемдік 

классикалық шығармалар шоғырына қосылатын біздің ұлттық рухани қазынамыз.

Жыраулар шығармаларында ой-пікірлерін ашық айтып, әмірші, хандарды, сұлтандарды «бас 

кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»  қағидаттарын  ұстанып  сынап  отырған.  Жыраулар  өздерінің 

сынында мемлекет мүдделерін жеке бас мүдделерінен жоғары қойған. 

Жыраулар поэзиясының атасы, абызы Асан Қайғы: 



Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет