Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет403/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

С. Е. ТАПАНОВА

1

, А. А. СЫДЫҚБЕК

2

Филол.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры

1



Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты

2

САЛАЛЫҚ БАСЫЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ӘЙЕЛДЕР ЖУРНАЛДАРЫНЫҢ 

МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада  Қазақстандағы  қазіргі  әйелдер  басылымдарының  мазмұндық  ерекшеліктері  талданған. 

Әйелдерге  арналған  газет-журналдар  –  салалық  басылымдардың  ішінде  кеңінен  тараған  түрі. 

Қазақстандағы  әйелдер  басылымдарының  ішкі  мазмұны,  ондағы  жекелеген  айдарлар  зерттеу  объектісі 

ретінде қарастырылған. Оларға шетел басылымдарымен салыстырмалы талдау жасалған.

Түйін сөздер: салалық басылымдар, әйелдерге арналған газет-журналдар, журнал айдарлары, шетелдік 

басылымдар, парадигма.

Салалық басылымдар дегеніміз – тек бір ғана салаға арналған газет немесе журналдар. Қазіргі 

уақытта оқырманға басылымды білімі мен талғамы,  қызығушылығына қарай таңдауға мүмкіндік 

бар. Сондықтан да әр салалық басылымның қоғамда өз орны, тұрақты аудиториясы мен атқаратын 

қызметі, көтеретін жүгі бар.

Салалық басылымдардың ішінде кеңінен тараған түрі – әйелдерге арналған газет-журналдар. 

Әйелдерге  арналған  салалық  басылымдар  ХХ  ғасырдың  басында  жарық  көре  бастады.  Өлкелік 

комитеттің  әйелдер  бөлімінің  органы  ретінде  1925  жылдың  5  мамырынан  бастап  С.  Есованың 

редакторлығымен шыққан «Теңдік» газеті 1 шілдеден кеңейтілген журнал ретінде «Әйел теңдігі» 

атымен  шығарыла бастады. 

1934 жылдың аяғына дейін «Әйел теңдігі», 1935-1941 жылдары және 

1950-1954 жылдары  «Сталин жолы» деп аталды. 1955 жылдың қаңтарында «Қазақстан әйелдері» 

болып  шығарылды.  Журнал  қазақ  әйелдеріне  саяси  және  мәдени-рухани  тәрбие  берді,  оларды 

партия мен кеңес үкіметі алға қойған міндеттерді орындауға жұмылдырды.  

 Ақпарат ғасыры атанып отырған бүгінгі заманда «баспасөз» айтарлықтай ғаламат күшке ие 

болып  отыр.  Кеңестік  кезеңдегі  баспасөз  барлық  саяси,  қоғамдық  мәселелерге  белсенді  түрде 

араласып,  әйелдерді  түрлі  істерге,  қызыл  отауға,  кеңес  жұмыстарына  тартуда  үлкен  насихат, 

ұйымдастырушылық  жұмыстарын  жүргізді.  Қалың  бұқараның  санасын  қалыптастыруда,  оны 

саяси-әлеуметтік  қорғауда  да  баспасөз  көптеген  игі  істер  атқарды.  Бұл  бастамалар    бүгінде 

жалғасын тауып, қазіргі әйелдер басылымының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Сондықтан 

қазіргі таңдағы әйел басылымдарының типологиялық ерекшеліктері мен пайда болу алғышарттары  

зерттеуді талап етіп отырғаны сөзсіз.

Қазір жалпыұлттық басылымдармен қатар, аудиторияның сұранысына ие салалық-тақырыптық 

бағыттағы  (iскер,  мәдени,  ғылыми,  бiлiм  беру,  спорттық,  т.б.)  газет-журналдар  кеңінен  дамуда. 

Қазіргі таңда аудитория өзіне қажетті басылымды өзі таңдайды. Аудиторияның сұранысына қарай 

ұсыныс болатындықтан, аудитория тек тұтынушы емес, басылымды шығаруға үлес қосушы болып 

табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет