Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
242
Кройчик Л. Е. «Основы творческой деятельности журналиста» еңбегінде аудиторияның
ерекшелігіне, жарияланымдардағы проблеманың көтерілу деңгейіне, тиражы мен стиліне,
басылымның безендірілуіне қарай баспасөзді топтық және бұқаралық деп бөліп көрсетеді [1]. Ал
ғалым М. Шындалиева: «Салалық басылымдарда аудиториясының жас ерекшелігі, жынысы, білімі,
кәсібі, діни ұстанымы, т.б. әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері де ескеріледі», - дейді [2].
Бұлардың әрқайсысын өз ішінде әйелдердің жас ерекшелігі мен қызығушылығына, мамандығына
топтауға да болады.
Зерттеуші В.В.Боннер-Смеюхей де әйелдер журналын бірнеше типке бөледі:
1. Отбасылық-тұрмыстық журналдар, олар әйел өмірінің кез келген саласын қамтиды дейді.
Айдарлары махаббат, отбасы, тұрмыс, үй шаруасы, бала тәрбиесі, сұлулық, т.б. болуы мүмкін деп
айта кетеді.
2. Элитралы – жоғары тап өмірі туралы жазылған журналдар, олар да әйелдерге бағытталады,
дегенмен мазмұны өзгеше әрі аудиториясы да орта немесе жоғары табысты әйелдер деп көрсетіпті.
3. Қыздарға арналған журналдар, яғни жас ерекшеліктерін ескере отырып тек қана жас қыздарға,
тұрмыс құрмағандарға бағытталады [3].
Шетелдік басылымдарда бұл парадигма ескерілген. Магистранттардың Францияда өткен
ғылыми тағылымдамасы барысында сол елдегі әйелдер журналдарының ерекшеліктері назарға
алынды. Ең алғашқы әйелдер журналы да осы елде пайда болған. Ол ХVII ғасырда «Mercure Galant»
деген атпен жарық көрген. Ресей ғалымы Теребилина М. В. Францияда іскер әйелдерге арналған,
сәнгерлерге арналған, спортпен айналысатын әйелдерге арналған, үй қызметімен айналысатын
әйелдерге арналған жеке-жеке газет-журналдардың бар екендігін анықтап, олардың даму және
қалыптасуына арнайы зерттеу жұмысын жүргізген [4]. Яғни, басқа елдерде тек әйелдерге арналған
басылымдардың өзі әлдеқайда ілгері дамығандығын байқауға болады. Және аталған ерекшеліктерді
болашақта еліміздегі әйелдер журналдарының дамуында ескеріп, назарға алуға болады.
Негізінен, әйелдер басылымына деген қажеттілік жалпы әлемдік журналистика тарихында қоғам
қажеттілігімен, әйелдердің қоғамдары рөлі мен орнының, қызметінің арта түсуімен түсіндіріледі.
Қазір бір қолымен бесік , екінші қолымен әлемді тербетіп отырған әйелдердің қоғамдағы орны
мен құны артып отыр. Қазіргі жаһандану заманында әйелдерге арналған басылымдардың ұлттық
намыс, ұлттық тәрбиеге бағыт-бағдар алып, жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына қарай
өзгергені нұр үстіне нұр болар еді.
Алайда басылымдардың заман көшіне ілесіп, заман талабына сай дамып жатқандығын да
жасырмаған жөн. Кейбір қазақстандық басылымдар танымдық жағынан да, әрі сапасы жағынан да
жоғары. Мысалы, қазақ-орыс тілдерінде шығатын «SalNur» журналы мазмұны жағынан әйелдерге
арналған танымдық журнал болып саналады, аудиториясына қарай мұсылман әйелдердің имиджін
қалыптастыруды көздейді. Яғни, мақсатты аудиториясы – мұсылман әйелдері. Бұл – қазақстандық
әйелдерге арналған алғашқы мұсылман журналы. Ол халал өнеркәсіп, экономика, қаржы, киім кию
әдебі, отбасы мен неке, ана болу, сұлулық пен денсаулық, танысу, т.б. көптеген салаларды қамтиды.
Ресми сайты –
www.muslimwomen.kz
. Журнал Қазақстанның 17 қаласына өз редакциясы тарапы-
нан таратылса, «Қазпошта» арқылы жазылғандарға кез келген аймаққа жіберіледі. «SalNur» 2010
жылдан бастап 21000 данамен шықса, 2011 жылы таралымы 6000 дананы құраған. Қазіргі тиражы
– 3000 дана. Форматы – А4, көлемі – 62 бет. Толықтүсті жылтыр қағазбен шығарылады [5].
Қазақ қыздарының шашбауын көтеріп жүретін «АруАна» журналы да өзінің атауымен
ерекшеленеді. Аруана – қазақ ұғымында адалдық пен тектіліктің, мейірімділік пен төзімділіктің
ғана емес, намыстылық пен жүректіліктің де символы. Журналдың бірінші санында Қ. Әбубәкір:
«
Жаңа журнал өз оқырмандарын аруанадай асыл тектілікке жетелесін, өмір көшінің өр мен еңісінде
шөгіп қалмай, кеудесін кеңге салып, болашаққа қарай маң-маң басып тарта берсін!»,- деп ізгі
ниетін білдіріпті [6]. Журнал әйелдер қауымының рухани сырласына айналып үлгерді. Мынадай
айдарларды қамтиды:
– Ару ғұмыр
– Менің анам
– Ел ағасы
– Әже, келін, немере
– Жыр – десте
|