№ 3 (106) 2015
245
Key words: industry publications, newspapers and magazines for women, magazine columns, foreign
publications, the paradigm.
Редакцияға 17.03.2015 қабылданды.
ӘОЖ 821.512.122
А. ТОҚСАМБАЕВА
1
, Ғ. АКМАНОВА
2
филол.ғ.к., Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет доценті
1
,
пед.ғ.к., Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
2
, Семей қ.
ШӘКӘРІМ МЕН МӘШҺҮР–ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СИМВОЛИЗМ МӘСЕЛЕСІ
Берілген мақалада Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіптің шығармаларында кездесетін діни түсініктер
туралы айтылады. Мұсылман тарихында оқымысты, көрнекті ғалым ретінде танылған Омар Хаямның
еңбектерінде ұшырасатын сопылық сөздерді қазақ әдебиетіндегі Мәшһүр мен Шәкәрім дүниетанымымен
салыстырады. Мақаланың басым бөлігінде түсініксіз атауларға әр түрлі сөздіктерді пайдалана отырып
жан-жақты түсініктеме бере отырып салыстырулар жүргізіледі. Мақала әдебиеттанушылар мен
филологтарға арналады.
Түйін сөздер: Әдеби- эстетикалық, Абай – «Толық адам», Шәкәрім – «Жүрегі таза адам», Мәшһүр
болса – «Нәпсіні жеңген жан», Аллаһ Тағала, «Алқаш философ», «басбұзар бүлікші ақын», Шарап – Алланың
нұры.
Дінтанушы ғалым Мұртаза Бұлұтай: «... әр ғылымның, әрбір пәннің өзіне тән терминологиясы
болатыны сөзсіз, – дей келе,–кеңес дәуірінде қазақ тілінде діни-ғылыми, діни-әдеби тіл
қолданылмағаны белгілі... ИбраҺим Құнанбайұлы, Ибрахим Алтынсарыұлы, Шаһкәрім
Құдайбердіұлы, Ақат Үлімжіұлы, Мәшһүр Жүсіп, Әубәкір Кердері сықылды толып жатқан
төңкеріске дейінгі ақындардың туындыларында осы сөздерді табуға болады. Жалпы, бізде өзі
түсінбейтін жаңа сөздерге жатырқай қараушылық көп» [1,I,XIV,XV]– деп, исламдық шығыс
дәстүрінің әдеби терминологиясының қызылдар тәрк еткенге дейін әдебиетімізде берік орнығып,
қалыптасқандығын хабардар етеді. Ислам тақырыбы мен сарнына сай әдебиет тудыруда аталған
ақындар жаңа кезеңдегі әдеби үдерісті тарихи қажеттілікке сай, жұртшылықты толғандырған әрбір
қоғамдық оймен үндесетін поэзия жанрында өз шығармашылықтарында бой көрсеткен әдеби-
эстетикалық тәлімдерінің ауқымын кеңейтіп, діни-ағартушылық бағытты қазақ әдебиетінде өмірге
әкелді.
Ислам дініндегі ойшылдар үшін – Құдай аманатын орындаудың ең жоғарғы сатысы. Еліміз
егемендігін алғаннан кейін Ғұмар Қараштан басқаларының мұсылмандық көзқарастары Ғ.Есім, М.
Мырзахметұлы, Т. Жұртбай сиқты ғалымдардың еңбектерінде белгілі бір орныққан жүйеге түсіп,
жан-жақты саралана бастады. Діни бағыттағы туындыларында Абай – «Толық адам», Шәкәрім –
«Жүрегі таза адам», ал Мәшһүр болса, «Нәпсіні жеңген жан» сияқты толысқан таным-түсініктерін
әдебиетімізге енгізе білді. Бізге қажеті – М.Көпейұлы туындыларындағы исламдық көзқарастың
ақынның ағартушылық философиясымен ұштасуы. А. Қабылбаеваның: «Ислам ешқашанда өзін
алдындағы діндерден оқшау ұстап, олардың мазмұн – мағынасын бұзып – күзеген немесе жоққа
шығарған емес, керісінше, ислам өзін бұрынан келе жатқан құдайшыл діндердің тиянақтаушы,
аңсарын жалғастырушы әрі өрге бастырушы ретінде көрсетіп, бұрынғы пайғамбарларды құрметпен
еске алғанын әрі олардан кейінгілерді «қолдаушы пайғамбарлар» санайтынын айтқан жөн»[2,6]
–
деген пікірімен М.Көпейұлының исламдық көзқарасы тоқайласады.
Мәшһүр де, Шәкәрім де ешқашан Аллаһ Тағала жерге арнайы жіберген пайғамбарларын өз
шығармаларында бөлмейді, қайта бәрін де ең абыройлы расулдар қатарында құрметтейді.
Шығыс дәстүріндегі «шарап» ұғым-символы Шәкәрімде – «арақ» түрінде өзгеріске түссе, М.
Көпейұлында «гүл мен бұлбұл» символдық тұтастықта алынып молынан жырланады.
Осы орайда біз Омар Хайям рубаиларын ақын Қуандық Шаңғытбаевтың тәржімасы арқылы
танып-біліп өстік. Даңқты шығыс шайырын Қ.Шаңғытбаев орыс тілінен қазақшаға өте жатық
аударғанымен Хайям өлеңдері бізге түпнұсқадан емес, өзге тілден, оның ішінде өзге дінді ел арқылы
жеткенін ескеруге тиіспіз. Жалпы бізге ғана емес, Омар рубаилары әлемге алдымен ағылшындар
|