Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет437/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

262


Әдіскерлер тіл үйрену барысында мынадай динамикалық мультимедиалық құралдардың түрін 

қолдануға  болатынын  айтады:  «Презентация  –  аудиовизуальдық  құралдарды  пайдалана  отырып 

ақпаратты  көрнекті  беру.  Бұл  компьютерлік  анимация,  графика,  видео,  музыка  және  дыбыстық 

құрылғылардың үйлесіп, бір ортаға ұйымдастырылуы; анимация – қозғалыстағы картиналар қатары; 

бейнефильмдер  және  бейнетаспалар  (күйтабақ  ойнатқыш)  –  қозғалыстағы  бейнелерді  көрсету 

арқылы  шынайы  қатысымдық  әрекетті  дамытады,  оқу  материалының  қызықты,  проблемалы, 

дәлелді болуын қамтамасыз етеді» [3,175]. 

Қазақ  тілі  сабақтарында  қолданылатын  мультимедиалық  технологиялар  –  қазақ  тілін  оқыту 

үдерісін  қарқындататын,  үйренушінің  белсенділігін  жоғарылататын,  аз  уақыт  ішінде  мол 

дыбыстық, бейне, анимациялық тілдік материалды ұсына отырып, саралап-даралап оқытуға жағдай 

жасайтын, тілді меңгеру дәрежесін бақылауға мүмкіндік туғызатын, әртүрлі әдістерін салыстыруға 

мүмкіндік беретін, әмбебап және бағдарларламау қасиеттерге ие болған инновациялық технология. 

Қазақ  тілін  оқытудың  технологиялық  мәселелері  Қазақстанның  соңғы  он  жылдағы  қарқынды 

дамуының нәтижесі ретінде пайда болды. Елімізде мемлекеттік тілді оқытуға арналған тілдік және 

визуалдық қырларын ұштастырған  компьютерлік оқыту жүйелері әзірленді. Онда тіл үйренушінің 

өзінің  тікелей  қатысуы  қамтамасыз  етіліп,  қазақша  фразаларды  құру  модельдері  компьютермен 

үйретіліп,  электрондық  аударма  жасау  жолдары  –  барлығы  біртұтастықта  берілген  жаңа  оқыту 

технологияларына қол жеткізілді. Десек те, қазақ тілін жеткілікті деңгейде меңгермеген азаматтар 

әлі де көп. Сондықтан, мектепте де, жоғары оқу орындарында да ұстаздар тілдік көрсеткіштің 

Тілдесім  әрекеті  тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым  құзіреттіліктерінен  тұрады  десек, 

студенттердің  осы  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  ынталандырушы  және  қолдаушы  ортаны 

құра отырып, қажетті тілдік құзіреттілікті дамыту керек. Кейде мынадай әдіс те студенттің еркін 

сөйлеуіне  әсер  етеді.  Сіз  бір  сабағыңызда  білім  алушылардың  өзіңізге  сұрақ  қоюына  мүмкіндік 

беріңіз. Сұрақтар сол күнгі тақырыпқа, не болмаса өтілген мәтінге қатысты болуы шартты емес. 

Ол өзі таңдасын. Мүмкін студентке сіздің жас кезіңіздегі ұнатқан спорт түрін білу қызық шығар, 

мүмкін  сіз  оқып,  білім  алған  сәтте  есіңізде  қалған  қызықты  жағдайды  сұрағысы  келер,  мүмкін 

қазіргі студенттердің өмірі туралы сіздің не білетініңіз оларды қызықтырар. Әйтеуір сол сұрағын 

қазақ тілінде, қате болса да, өз тіл білу деңгейінде сұрай алса, онда араларыңызда бір-бірлеріңізге 

деген сенімді қатынас орнағаны, оның тілге деген құрметі артқаны деп түсініңіз.  Бұл тұста кейде 

олар журналист, сіз белгілі бір тұлға, керісінше сіз журналист, ал ол елге танымал адам ретінде 

ойналатын рөлдік ойындардың да әсері ерекше. Қатысушылар өздерін «артист бейнесінде» сезініп, 

берілген  рөлді  барынша  шынайы  сахналап  ойнауға  тырысады.  Педагог-ғалымдардың  пікіріне 

сүйенсек: «Рөлдік ойындар нақты қатысым әрекеттерін дамытуға, мотивация туғызуға түрткі болуға, 

ынтымақтастықты  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Ойын-драмалау  оқушылардың  бейнелі,  мәнерлеп 

сөйлеуін дамытуға көмектеседі» делінген [4,16 б.]. Демек, ойын түрлерін қолдану студенттің тілдік 

қатысым мен ептілігін дамытып қана қоймайды, олардың қиялын, есте сақтау, логикалық ойлау 

қабілеттерін  де  ұштайды.  Студент  қай  рөлді  таңдаса  да,  дайындалуға,  сұхбатқа  түсу  дағдысына 

бейімделеді, өз бетінше жаңа сөздерді жаттап, жаңа мәліметтер алады.  Бұндай тәсілдердің бәрі де 

тілдесім әрекетін дамыта түседі. «Рөлдік ойындар бір мезетте әрі ойын әрекетін, әрі оқу әрекетін, 

әрі  сөйлесім  әрекетін  жүзеге  асыра  алатындығымен  маңызды.  Рөлдік  ойындардың  оқу-үйрету 

мүмкіндіктері өте кең:

1) рөлдік ойынды өмірдегі шынайы тілдесімнің нақты моделі ретінде қарастыруға болады;

2)   рөлдік ойынның мотивациялық-қозғаушылық мүмкіндіктері де өте зор;

3) рөлдік ойын оқу үрдісіндегі әріптестік пен серіктестіктің дұрыс қалыптасуына  ықпал етеді;

4)   рөлдік ойын  білімгерлерді тілдесім процесінде вербалды құралдармен қатар, бейвербал-

ды  құралдарға  да  жүгінуге  итермелейді.  Яғни,  диалогтық  тілдесім  барысында  оқушылар  тілдік 

бірліктермен қатар, жағдаятқа сай түрлі ым, ишараларды да қолдана алады» [5,18]. Демек, тіл үйрету 

барысында әдіскер, оқытушы тарапынан болатын түрлі белсенді амал, әрекеттер білім алушының 

тілге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра алса, мақсат өз үдесінен шықты деуге негіз бар. 

Осы орайда білімді бағалау өлшемін ескеру өте маңызды фактор. Студент білімін бағалау – оқытушы 

тарапынан  әділ  және  ашық  болуға  тиісті  әрекет.  Оқытушы 

оқу  бағдарламаларындағы  күтілетін 

нәтижелерге жету мақсатында студенттердің білім алудағы жеке даму жолына назар аударуы қажет.   

Олардың оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігіне орай  






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет