№ 3 (106) 2015
377
ХХ ғасырдың екінші жартысында, Қазақ елінің басына күн туған қиын – қыстау кезеңде Жұмабек
Тәшенев өзін өзгелерден ерекше ірі істерімен, пәрменді күшімен, құдіретті көріпкелділігімен таныта
білді. Ер сыналар сәтте туғанда, біртуар тұлға елі үшін нардың жүгін арқалаған қажыр-қайрат
танытты. Қазақ даласының әр сүйем жері үшін озбыр күштерге қарсы аяусыз күресті. Ол елім деп
еңіреген М. Шоқай, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, Ә.
Ермеков сияқты қазақ қайраткерлерінің ісін жалғастырды. Замана талабы туған кезде оттан шығып,
жалын құшқан, ақ алмастай қынабынан жарқ етіп, қадір – қасиетімен халқына танылды, сөйтіп
қазақ тарихында ойып орын алған қадау – қадау тұлғалар қатарынан бірік орын алды [20, 4 б.].
Ғалымдар мен тарихшылар Ж.Тәшеневтің әлемдегі саяси оқиғалардың қайраткердің саяси
көзқарастарының, ерлік қадамға баруын кеңінен толғап, азаматтық тұлғасының қалыптасуына әсер
еткен факторларды талдаған болатын. Осылайша ғалымдар 1955-1961 жылдар Қазақстанның ғана
емес, әлем тарихында айрықша маңызды кезең болатын деп түйіндейді.
Солтүстіктегі бес облыстан құралған «Тың өлкесі» республикамыздың тауарлық астығының
89 пайызын құрайтын еді. Қазақстан құнарлы жерлерімен қатар халқының санын да кемітер еді.
Егер сол кезде Жұмабек Ахметұлы Мәскеу басшысының айтқаның орындап, Ресей Федерациясына
600 мың шаршы шақырымнан құрылған бес облысты беруге келісімін бергенде, Ресей құрамына
3 миллионнан астам қазақстандық азаматтар ауысып, демографиялық жағынан үлкен соққы болар
еді.
Басқа еңбектерін айтпағанда, теңдессіз осы ерлігінің өзі-ақ Жұмабек Ахметұлы есімін Қазақ
тарихына мәңгілікке қалдырды. Ерлік пен батырлықты азаматтар тек соғыста ғана жасамайды.
Тарихта жасалған ерліктердің түрлері көп. Қазақтың қайсар рухының символы, 1960 жылдары
қуғынға ұшыраған аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташенов бір аймаққа
ғана емес барша қазаққа, біртұтас Қазақстанға ортақ тарихи тұлға. Қазақ елінің рухы асқақтап,
жаңа қоғамымыздың бүгінгі мен келешек өскелең ұрпағының рухани өсіп-өнуіне, дамуына игі
ықпал етері айдан анық.
Қазіргі ұлттық тарихымыз қайта зерделеніп жатқан тұста қатты ойланатын жайт, бұл. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекет тарихын, даңқты бабалары жүріп
өткен жолдың бұралаңы мен бұлтарысын, қилы кезеңдері мен тағдырлы шешімдерін, ақтаңдақ
беттері мен дара тұлғаларының қайраткерлік өнегесін біліп өскен ұрпақ қана өзіне тиесілі замана
жүгін діттеген межесіне абыроймен жеткізе алады», - деп атап көрсетті.
Біздің ойымызша, тұлғатану жастардың бойына қазақстандық патриотизм рухын дарыту
үшін ауадай қажет. Бұл – жастардың бойына жаңа патриоттық сезімді қалыптастырудың бірден
– бір алғышарты. Тұлғатану мен патриоттық тәрбиеге қатысты жас қаһармандарды алға тарта
жүрсек, өрімдей ұл – қыздарымызды тәрбиелеуге ықпал ететіні сөзсіз. Шынында да, біз тарихи
бабаларымызды ұлықтауымыз керек, ұмытпауымыз керек. Жұмабек Тәшеневтің тұлғалық рухы
жас ұрпақтың бойына сіңу үшін қажет шара бұл. Бұл жастар үшін керек. Тәуелсіздігімізді сезініп,
оның құндылығын бағалау үшін керек.
Олай болса, осындай асылдарымызды ардақтайтын, жалпы мемлекетіміздің тарапынан
Жұмабек Тәшеневке қатысты алдағы уақытта атқарылуға тиісті игі бастамаларды атап өткім келіп
өтір:
Біріншіден, өкінішке орай, қазір Қазақстанда Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші орнатылмаған.
Астана мен Шымкент қалаларында екі-ақ көшеден басқа осы ірі тұлғаның атымен аталатын көше,
бірде бір мектеп жоқ. Оның есімімен көшелер, мектептерді атау, естелік тақталар қойып, басқа да
игі шаралар атқарылу керек. Әсіресе, Ақмола, Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды қалаларына
аса назар аудару қажет.
Екіншіден, Ж.А.Тәшеневтің республика басшылығында болған қызметінде кейбір білім,
ғылым, мәдениет саласындағы оқиғаларға, оған қатысқан адамдарға қатысты берген бағасына, іс-
әрекетіне қатысты мәселелерді әлі де анықтай түсу керек.
Үшіншіден, қазақтың асыл азаматы туралы алдағы уақытта ғалымдар тарапынан терең зерттеуді
қажет ететін мәселеледі қарастырып,тұлғаға қатысты барлық деректерді бір қолға жинап алып,
зерделеу қажет. Мысалы, Мәскеу мұрағаттарындағы құжаттарға (соның ішінде, әлі-де құпиялық
мерзімнің толық аяқталмауы да бар) қол жеткізе алмай жатырмыз.
Төртіншіден, Жұмекеңе байланысты өтетiн жиындарда айтылатын ойлар мен ұсыныстардың
нақты iске асырылып, ең бiрiншi кезекте Ж.Тәшеневтiң өмiрi мен қызметiне ресми түрде тарихи-
|