Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет621/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   617   618   619   620   621   622   623   624   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

378


саяси бағасының берiлуiне қол жеткiзуiмiз керек. Осының бәрiн ғылыми түрде сараптап-зерттеп, 

мектеп оқулықтарына, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына кiргiзiп, мемлекеттiк басқару 

академиясындағы  болашақ  шенеунiктерге  «Тәшенев  тағылымы»  атты  дәрiсi  мiндеттi  түрде 

оқытылуы тиiс.    

Бесіншіден, оның өмірінің соңғы жылдарына қатысты беймәлім деректерді қарастыру қажет.

Алтыншыдан, жалғыз осы Астанамен тоқталып қалмай, елiмiздiң барлық iрi қалаларында және 

жоғары оқу орындарында «Ж.А.Тәшеневтiң қазақ тарихындағы орны» деген тақырыпта ардақты 

азаматтың  өмiрi  мен  қызметiне  талдау  жасалып,  ғылыми-тәжiрибелiк  конференциялар  өткiзген 

жөн.  Астанадағы  жоғары  оқу  орындарының  бiрiнен  «Тәшеневтану»  ғылыми-зерттеу  орталығы 

ашылса,  нұр  үстiне  нұр  болар  едi.  Сонда  ғылыммен  айналысатын  жастарымыз  Ж.Тәшеневтiң 

саясаткер, экономист, патриоттық, қайраткерлiк қырлары мен қоса тың игерудiң бұрын беймәлiм 

болып келген құпияларын толық зерттеп, тарих, саясаттану ғылымдарына да зор үлес қосылар едi, 

әрi жас ғалымдарымызға да бұл түрең түспеген тың тақырыптар болар едi.

Жетіншіден, ұлтымыздың мақтанышы болатын арысымыздың атына Астананың төрiнен және 

басқа  да  iрi  қалаларымыздан  ұзын  да  кең  даңғылдар  мен  көшелер  берiп,  теңдессiз  ерлiгiне  сай 

сәулеттi  де  зәулiм  ескерткiштер  тұрғызатын  уақыт  жеттi.  Ұлтының  ерлiгiне,  тарихына,  рухына 

айналған  Жұмекеңнiң  барлық  өмiрiнен  толық  деректер  мен  сырлар  шертiп  тұратындай  бас 

қаламыздың қақ ортасынан, әрi өзiнiң кiндiк қаны тамған туған жерiнен жан-жақты мағлұматтар 

беретiн мәдени орын ашылса деймiз.

Сегізіншіден,  осы  ретте  Тәшеневтiң  есiмiмен  аталатын  жоғары  дәрежелi  орден  шығарылса, 

Тәшеневке «Халық қаһарманы» атағы берiлсе деген ұсынысты қазақтың барлығы қолдайтынына 

еш күмән жоқ. Олай болса, осындай асылдарымызды ардақтай бiлейiк.

Қазақстан Республикасы мұрағат қорларында  қалың көпшілікке белгісіз батырлар туралы талай 

құжаттар сақтаулы. Халық арасында ешкім де, ешқашан да ұмытылмауы тиіс. Бұл тек бір отбасы 

үшін  ғана  емес,  барлық  қазақ  ұлты  үшін  құнды  дүние. 

Қазіргі  ұрпақ  үшін  халқы  мен  Отанына 

мінсіз қызмет етуде жоғары азаматтылық пен отаншылдықтың үлгісі болып табылатын Қазақстан 

тарихындағы аса көрнекті тұлғаны көпшілікке таныту өте маңызды. Жұмабек Тәшеневке

 қатысты 

талай құжаттар әлі де құпия болып қалуда. Ал біз Алаштың тағы бір ардақты азаматының айтылып 

жатқанына қуаныштымыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   617   618   619   620   621   622   623   624   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет