Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет63/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

36

Харекеті - әрекет.



Өзі оңбаған антұрған 

Кімге ойлайды берекет?

Осы өлең жолдарында дұшпан, кеселді, күшік иттей үру, қу, құтырту, құрту, оңбаған, антұрған 

сөздері  әр  түрлі  сөз  таптарына  жататындығына  қарамастан,  бірыңғай  жағымсыз  экспрессивті-

эмоционалды мағынаға ие екенін көреміз. Сол арқылы ақынның өзі айтып отырған мәселеге теріс 

көзқарасын танимыз. Әрине ол сөздер оқшау-оқшау қалмайды, өзара селбесе келіп, мәтіндегі өзге 

сөздерге де әсер етіп, сөйлеуші бағасын білдіруде ғана емес, тыңдаушы пікірін қалыптастыруда 

да біртұтас эстетикалық құрылым ретінде көрінеді. Сондай-ақ әрбір сөз мәтін талап етіп тұрған 

мағыналық-стильдік  жүкті  арқалайтын  болады.  Соның  нәтижесінде  сөз  «деформацияланып», 

мағыналық құрылымында бірқатар қайта құрулар жүріп өткен. Сөздің лексикалық мағынасының 

негізін құрайтын заттық мағына екінші қатарға жылжып, сигнификаттық, коннотативтік бөліктері 

маңызды орынға шығуы мүмкін.  Дұшпан  сөзі заттық мағынада қас, жау сөздерімен синоним болады. 

Өлең жолдарында «Мал мен бақтың дұшпаны»  деп қолданылғанда дұшпан сөзінің заттық мағынасы 

көмескіленіп,  керісінше,  жағымсыз  экспрессия  барынша  айқындала  түскен.  Тура  мағынасында 

адамдар бір-біріне дұшпан болады, малға, баққа дұшпан болмайды. Бір жағынан, дұшпан сөзінің 

лексикалық мағынасының өзегі құртушы, жоюшы деген сияқты ұғымдарға жылысқанын көреміз. 

Бұл  ұғым,  негізгі  болмағанымен,  дұшпан  сөзінің  лексикалық  мағына  құрылымында  бар.  Екінші 

жағынан,  мал,  бақ  сөздерінің  мағынасы  метонимия  жолымен  ауысқан.  Толықтырып  айтқанда, 

малы мен бағы бар адамның дұшпаны. Бірақ ақын осылайша толықтырып айтса, сөздер бейнелілік 

қасиетінен  айырылып қалар еді. Осы өлеңде сипатталушы субъектіні пысық сөзі білдірген. Ол тура 

мағынасында  ширақ, еті тірі ұғымында жұмсалады. Өлеңде пысық сөзі басқа  сөздермен тіркесу 

арқылы қосымша мағыналық реңктерге ие болады. Мал мен бақтың дұшпаны тіркесі  пысық сөзінің 

күрделі эпитеті болса, кеселді сын есімі де эпитет ретінде жағымсыз экспессия үстеуге өз үлестерін  

қосқан. Кеселді сөзінің мағынасы кесапатты, залалды екені мәлім. Сондай-ақ Күшік иттей үріп жүр 

теңеулік құрылымының да сипатталушы мүшесі – пысық. Теңеудің образы – күшік ит, теңеудің негізі 

– үріп жүр сипатталушы мүшеге қатысты алғанда ауыспалы мағынада келгендіктен метафоралық 

теңеу болады. Осы теңеу арқылы пысықтың берекесіз, шамасын білмейтін, еш нерсенің байыбына 

бармайтын,  шатаққор  деген  сияқты  тағы  бір    қыры  ашылады.  Қу  тілменен  құтырту        дегенде 

құтырту  желіктіру, есірту, елірту ұғымын береді. Сол арқылы пысықтың айлакер, қу, сұм екендігі 

аян болады. Отырту өзгелік етіс тұлғалы етістігіне келер болсақ, жалпыхалықтық тілдік қолданыста 

отырғызу түрінде келеді. Отырту деп жұмсалуы тек ұйқас жасау қажеттігінен тумаған сияқты. Қу 

тілменен құтыртып, Кетер бір күн отыртып деп келгенде, отырту   сөзінің мағынасы алдап кету екені 

белгілі болып тұрады. Бұл - отырту  сөзінің тура мағынасы емес, Тақырға отырғызып кету деген 

тұрақты сөз тіркесіндегі фразеологиялық байлаулы мағынасы. Мәтіндегі сөздердің әсерінен осы 

мағынасы жанданып, отырту сөзі ерекше экспрессоидқа айналған. Сол сияқты Харекеті - әрекет 

қолданысы да көңіл аудартады. Бұлар арап-парсы тілінен енген бір ғана кірме сөздің дыбыстық 

варианттары бола тұра, мәтіндегі басқа сөздермен ықпалына түсіп, мағыналық дифференцацияға 

ұшырағанын  көреміз.  Харекет  -  кәсіп,  шаруа,  әрекет  айла-шарғы,  қулық  ұғымдарын  білдірген. 

Сонымен қатар Харекеті - әрекет деп қосарланып келуі арқылы тынышсыздық, мазасыздық сияқты 

ұғым қоса бой көрсетіп, жағымсыз көзқарас та аңғарылып қалады. Өлеңде тілдік құралдар қатаң 

өлшемге құрылып барынша сығымдалған сайын, көркемдік қуаты еселеніп, мазмұн жағынан ұлғая 

түсетіндей. Ақынның шығармашылық ойы логика-семантикалық байланыстарды ширата отырып,  

тосын  тіркестер  арқылы  сөзді  ойната,  құбылта  қолданып,    көп  қырлы,  сан  салалы  байланыстар 

нәтижесінде  мағыналық  құрылымы  ұлғаяды.  Мәтіндегі  сөздер  бір-біріне  арқа  сүйей  отырып 

мағыналық сыйымдылығы артады.

Абайға дейінгі қазақ поэзиясында мәтіндегі тілдік құралдардың бәрінің тегіс бір көркемдік-

стильдік  мақсатқа  жұмылдырылып,  эстетикалық  бүтіннің  ажырамас  бөлшегіне  айналуы  кездесе 

қоймайды. Абайға дейінгі қазақ поэзиясын шолып қарағанда, көрнекті ақын Дулат Бабатайұлының 

басқалардан ерекшеленіп тұратыны бірден  байқалады. Дулат пен Абай әлеуметтік тақырыптарды 

жырлауда  көп ретте үндестік тауып жатады. Профессор Р. Сыздық: “Қазақтың жазба поэзиясының 

алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі 

туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгісін көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады” [5, 582] 

– деп әділ бағасын берген болатын. Тілі көркем,  мазмұны терең түйдектер Дулатта да бар. Мысалы, 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет