Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет64/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

37

Саудагер сарттай қайтты өмір 



Құмар ойнап ұтылған.

Мөңіреп жұртқа ой қайтты,

Бұзауы өлген сиырдай.

Ләпсі – төбет қабаған

Жемтік көрсе тұра ма

Ырылдап танау жиырмай?

Өзімнен-өзім қызғанып, 

Азын-аулақ жиғаным

Өзіме де бұйырмай.

Өлеңдегі образдар сонылығымен бірден көңіл аударады. Өмірдің құмар ойнап ұтылған саудагер 

сартқа теңелуі, «Мөңіреп жұртқа ой қайтты, Бұзауы өлген сиырдай» дерексіз нәрсені жанды бейнеге 

айналдырып, көз алдымызға келтіреді. Дегенмен үңіле түссек, өлең жолдары біртұтас құрылымға 

айналып кетпей, образдар өз алдына оқшауланып қалатындай әсер қалдыратынын  аңғару қиын 

емес.  Өзара  ұласып,  бүтін  көрініс  жасаудың  орнына  жеке-жеке  фрагменттер  түрінде  елес  беріп 

өтеді.  Яғни  мәтін  элементтері  сыртқы  форма  жағынан  өлшемге  құрылғанмен,  ішкі  мағыналық 

арқауы босаң. Өз шығармаларын ауызша жырлағандықтан Дулат ақынға жазба әдебиеттің қатаң 

талаптарын қоя алмаймыз. Мысалы, 

Құрт жегендей қуарып,

Дәнің тандыр суалып.

Елдігің кетіп ыдырап,

Алтын жағаң сөгіліп,

Абыройың төгіліп,

Барыңнан да жақсы еді

Жоқ болғаның мұнан да – 

деген жолдар жыраулар поэзиясын еске салады. Ақын тыңдаушысымен тікелей қарым-қатынаста 

болатындықтан, олардың қабылдау қабілетін, ойды түсіну мүмкіндіктерін ескермей тұра алмайды. 

Соған  байланысты  Дулат  шығармашылығы  да  ауыз  әдебиетінің  белгілерінен  толық  арылып 

болмаған.

Өлеңдегі  әрбір  тілдік  элемент  эстетикалық  құрылымға  енгенде  мағыналық  жағынан  да, 

стильдік жағынан да белгілі бір өзгерістерге ұшырайды, сөйтіп көркем мазмұнның компонентіне 

айналады. Абай айтқан «Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» деп қойған талабы көркем шығарманың 

сыртқы  түріне  ғана  емес,  ішкі  мазмұнның  да  бірлігіне,  бүтіндігіне  меңзеп  тұрғандай.  Мұндай 

эстетикалық мазмұн мен құрылымдық бүтіндікке тек жазба әдебиетте ғана  қол жеткізуге болады. 

Қазақ әдебиетіне оның жарқын үлгісін Абай көрсетіп берді.  

Абай қазақ әдебиетіне, поэзиясына жаңа бағыт әкеліп, жаңа дәстүр қалыптастырды. Абайдың 

ақындық  дәстүрі  мәселесі  абайтану  ғылымының  ажырамас  бір  бөлігі  болып  табылады.  Ғалым 

М.Мырзахмет «Абайтану тарихы» атты еңбегінде: «Ал Абайдың ақындық дәстүрі өзінен кейінгі 

кезеңде өмірге келген ақындар творчествосында қалай дамытылып жалғастырылды деген аса күрделі 

ұғымды қамтиды. Зерттеушілер Абайдың ақындық дәстүрін дамытып жалғастырған кімдер болды 

деген мәселені әр тұрғыдан жалпы көтергені болмаса, ол дәстүрдің Абайдан соңғы дәуірде қалай 

дамытылғаны арнайы қарастырыла бермеді. Бұл зерттеу нысанасына енді ғана алына бастағанымен, 

оны кең мағынада ғылыми тұрғыдан терең барлап қарастыру ісі өз зерттеушісін күтуде» [6,134б] 

– деген пікір айтқан еді. Демек, Абай дәстүрінің өзінен  кейінгі әдебиеттегі көрінісін, одан  әрі да-

мып, өрістеуін зерттеу өте  қажет. Бұл  ретте ұлы  ақын қалыптастырған  әдеби  мектеп өкілдерінің  

шығармалары  тіліне  де  баса назар аудару керек. 

Абайдың    ақындық    мектебінен    сабақ    алған,  поэзиясынан    сусындап,  сөз  өнерін    түсініп, 

ізбасары болғандар, ең алдымен, оның  төңірегіндегі  тілі  орамды,  өнерлі  жастар, інілері, балалары  

болғаны    ешқандай  дау  тудырмасы  анық.  Ұлы  жазушымыз  М.  Әуезов:  «Абай  ақындығының 

айналасы» атты мақаласында: «Абайдың төңірегіне оның хат танитын, білімді шәкірттері Көкпай, 

Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, өзінің кіші ұлы Мағауия сияқты жас ақындар топталады. Бұлардың бәрі 

де Абайдан үлгі алып, өздігінен оқып, білімдерін толықтырады, орыс әдебиетін оқиды, өздерінің 

ақын ұстазы айтып берген тақырыптарда – тарихи, романтикалық, салт-сана, тұрмыс мәселелеріне 

арнап өлеңдер жазады» [7,244б] – деп, Абайдың бірқатар шәкірттерін атап өтеді. Шәкәрім, Тұрағұл 

сияқты т.б. шәкірттерінің аталмауы саяси себептерге байланысты болғаны белгілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет