Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
456
дауыс беру тәсілі электоралды құрал ретінде тек Қазақстан Республикасында Президенттік, Мәжіліс
немесе маслихаты сайлауларында ғана емес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен
экспиременттік, жалпы ұлттық, ауыл және жергілікті әкімдерін сайлауда да қолданылды. Аталған
ереже Конституцияның 41, 51, 86 баптарымен және Қазақстан Республикасы сайлау туралы
заңдарының 8-бабымен бекітілді.
Еркін сайлау ережелерін жүзеге асыра отырып, ұйымдастырушыла алдымен әрбір дауыс
берушінің нақты қалауын білдіре алатын жағдай жасаулары қажет. Осы уақытқа дейін әрбір сайлау
комиссиялары ал олар бізде 13 мың (бүгін – 13307) сайлау заңнамаларына сәйкес еліміздің әрбір
үлкен азаматы ешбір шектеулерсіз дауыс бере алу мүмкіндіктерін жасап келді. Әрбір дауыс берушіге
сайлау учаскелеріне тізімді нақтылау мүмкіндігі үшін есік ашық. Ол сайлау күні жеке кабинкаға
кіріп өз-өзімен қалғанда, кімге дауыс бергісі келетінін шешу арқылы ел және қоғамдық басқаруларда
өзіндік үлесін қоса алады. Еркін сайлау ережелерінің негізі жалпы алғанда Конституцияның
33-бабы мен сайлау туралы Конституциялық заңнамасының 2-бабында «Сайлау еркіндігі» деп
аталатын және сайлау түсінігін «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар әр азаматтың сайлау
немесе сайлану еркіне қарай жүзеге асырылады делінген» мазмұнында жатыр және аталған баптар
сайлау заңнамасының «сайлау барысындағы дауыс беру еркіндігі» жайлы 48-бабымен бекітілген.
Яғни құқық қорғау органдары сайлау комиссиясының талабымен осы заңнаманың орындалуын
қамтамасыз етуге міндетті [5].
Аталған ереже өзге де 5 ережелер секілді Еуропа кеңесі Венеция комиссиясының 2002 жылдың
18-19 қазанында 52-сессиясында қабылдаған Басқарушы ережелер мен түсініктеме баяндама
түрінде ұсынылған ережелерде ерекше аталып өткен. Осы комиссияның мүшесі ретінде Қазақстан
Республикасы да көрсетілген құжатты бұлжытпай орындап, әсіресе дауыс беру еркіндігі қағидатын
қатаң сақтап келеді.
Азаматтардың белсенді немесе пассивті сайлау құқықтары алдыңғы ережелермен, яғни тең,
тікелей, жалпы және құпия сайлау құқығымен бірлесе отырып қызмет атқарады. Талданып, көрсетіліп
отырған ережелер дауыс берушілермен қатар сайланушыларға қатысты. Жалпы азаматтар өздерінің
белсенді дауыс беру құқықтары бұзылғандығы жайлы шағым түсірген емес. Бұл құқық негізі, кейбір
жағдайларды есептемегенде екі себеп бойынша бұзылмай келеді: а) олардың арасында бәсекелестік
жоқ; б) сайлау комиссиялары олардың құқықтары бұзылмас үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.
Ал қандай да бір мемлекеттік қызметке сайланғысы келкен үміткерлердің арасында теңдікті орнату
қиынырақ болып келеді, себебі бәсекелестік өте жоғары. Осы себептен заң шығарушы орган
үміткерлердің сайлау алдындағы компаниялары бойынша ережелерді барынша толық қамтуға
тырысты. Бұған Конституцияның 1, 12 баптары және Сайлау заңнамасының 53-56, 69, 70-73, 85-89,
101-104 баптарымен танысу арқылы көз жеткізуге болады. Шамамен 10 мың (бүгінгі күні 9749)
сайлау учаскелері аталған заңнамаларды саты-сатысымен осы күнге дейін жүзеге асырып келеді.
Тікелей дауыс беру құқығы дегеніміз, сайлаушыларсыз дауыс берушілер ел Президентін, 98
Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаттарын және 3 335 жергілікті маслихат депутаттарын
сайлап отыр. Қазақстан Республикасының азаматары аталған құқықтарды Конституциясының 3,
33, 41, 51, 86 баптарымен және сайлау заңнамасының 6, 51-56, 63-64, 66-1, 85-86, 95-96, 99, 101-
102, 110-113 баптары арқылы жүзеге асырып отыр. 1995 жылдан бері бекітілген тікелей сайлау
принциптері айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ, және бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған
барлық сайлау түрлерінде бұлжытпай орындалып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі сайлау мінездемесінің ерекшелігі ретінде сайлау кезеңінің
соңында бір үміткер қалған жағдайда сайлауды тоқтату жағдайын атап өтуге болады: бұл ретте
сайлау қайта тағайындалады. Бір мемлекеттік мекеменің сайлау орнына кем дегенде екі үміткер
болуы қажет. Осылайша балама сайлау принципі жүзеге асырылады. Барлық 27 сайлау барысында
аталған балама таңдау принципі қатаң сақталды. Бір орынға таласу мақсатында тіркелген
үміткерлердің саны шамамен 3 адамнан тұрғанын атап өтудің өзі жеткілікті болар. Ерекше жағдай
болып, аталған ережені бұзудың бір де бір фактісі тіркелмеген. Сайлаулардағы балама сайлау
мүмкіндігі Конституцияның 5, 41 баптары мен сайлау заңнамасының 47, 55, 59, 71, 73, 87, 89,
103-104 баптарымен қамтамасыз етіліп отырады, сондай-ақ 1990 жылғы ЕҚЫҰ копенгагендік
құжатының 7,6 үміткерлер үшін заңға сәйкес «бір-бірімен заң және мемлекеттік мекемелер алдында
алдында бәсекелестікке түсе алатын» кепілдіктер жасауы қажет делінген бөлімен бірлесіп қызмет
атқарады. Талданып отырған 1995 жылдан бергі кезеңде үміткерлер олардың партияларының,
көзқарастарының, бағдарламалары мен сайлау алды компаниялары арасындағы бәсекелестіктің
|