№ 3 (106) 2015
509
көп жағынан қате, ал екінші жағынан кешіктіріліп шығарылуына байланысты, бүгінгі таңда
халықаралық қоғамдастыққа замануи әлемнің «таза» саяси бейнесін ұсына алатын тәуелсіз, дербес
зерттеу институттарының маңыздылығы ерекше. Төменде мұндай институттар мен жобаларының
бір қатары барынша жете қарастырылған.
•
Саяси тәуекелдер мен дағдарыстар мониторингінің әлемдік жүйелері: әдіснамалық талдау
Саяси тәуекелдер мен дағдарыстарға нәтижелі мониторинг дерекнамалық базаны таңдауын және
оны жүзеге асырудың тиімді аналитикалық әдістемесін талап етеді. Бастапқы мәліметті жинау
мен оны қорыту әдісін таңдау ақырында мониторингтік зерттеудің сапасын көрсетпекші. Жиі
қолданылатын ақпарат көздері: статистикалық мәліметтер, БАҚ хабарламалары (Reuters Group
plc, ИТАР-ТАСС, BBC және т.с.с.), әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері және сарапшылардың
бағалаулары, алаңдық зерттеу кезіндегі жиналған мәліметтер.
Сандық немесе сапалық әдістерге негізделетін аналитикалық әдістемені аңықтау, нақты
таңдалған бастапқы деректер түріне байланысты. Осыған орай, мониторингтік зерттеудің келесі
түрлерін ажыратады:
- құрылымдық (статистикалық) мониторинг;
- сараптамалық бағалаулар негізіндегі мониторинг;
- әлеуметтік сауланамалар негізіндегі мониторинг;
- медиа-мониторинг;
- кешенді мониторинг.
•
Құрылымдық (статистикалық) мониторинг.
Құрылымдық (статистикалық) мониторинг – статистикалық мәліметтер мен сандық
көрсеткіштер негізінде саяси жүйеге немесе оның кіші жүйелеріне (жеке даму үдерістері,
функциялары, құрылымдары) бағытталған мониторинг түрі.
Тұтас ғаламшар және әлемнің жеке аймақтарындағы саяси үрдістерді зерттеуге арналған
нәтижелі аналитикалық әдістемелер мен жүйелер дүниежүзінің жетекші ғылыми-зерттеу
ұйымдарында жасалған болатын. Мәселен, осы ұйымдардың қатарында Бейбітшілікті зерттеудің
Стокгольм халықаралық институты (Stockholm International Peace Research Institute - SIPRI) және
онымен бірге тығыз қызмет ететін, ішкі және халықаралық шиеленістер мен соғыстар бойынша
мамандалатын Упсала унивеситетінің шиеленістерді зерттеу жобасы (Upsalla Conflict Data
Project – UCDP) болып келеді. Мұндай ғылыми-зерттеу орталықтарында саяси және әлеуметтік-
экономикалық динамиканың түрлі сандық көрсеткіштерін жинақтаған ірі ақпараттық базалар бар
– Сыртқы саясаттың кросс-ұлттық индикаторлары (Country Indicators for Foreign policy - CIFP),
Әлемдік дамудың индикаторлары (World Development Indicators – WDI), Адам потенциалының
даму индикаторлары (Human Development Index) және т.б. [3, 35-36]
Ресей аймақтарының әлеуметтік атласы атты жобаны 2003 ж. бастап Форд Фондының көмегімен
Әлеуметік саясаттың тәуелсіз институты жүзеге асырып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты –
Ресей аймақтарының замануи даму үдерістеріне талдау жасау; әлеуметтік инфраструктура, адам
капиталының даму деңгейі, әлеуметтік наразылық және өзге де өткір әлеуметтік мәселелерді сандық
және сапалық тұрғыдан бағалау.
Мұндай индекстердің біреуін мұқият қарастырып көрейік - Өмір сапасының индексі. Өмір
сапасының интегральді индексі келесі компонеттердің арифметикалық ортасы ретінде есептеледі:
- Жан басына шаққандағы орташа ақша табысының күнкөрістің ең төменгі деңгейіне қатынас
индексі - A;
- Жан басына шаққандағы орташа ақша табысынан көп табатын халық бөлігінің индексі - B;
- Халықты жұмыспен қамтушылық деңгей индексі - C;
- Күтілетін өмір сүру ұзатығының индексі - D;
- Бала өлімі индексі - E.
Өмір сапасы индексінің қорытынды интегральді көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі
(әрбір жеке индекстің көрсеткіші 0-ден 1-ге дейінгі диапазонда орналасады):
Бұл – өмір сапасының «дағдарыс» индексі. Қорыта айтқанда, Өмір сапасының индексі Ресей
аймақтарындағы дағдарыс потенциалын көрсетуге және ондағы әлеуметтік жағдайына экспресс-
диагностика мен талдау жасауға арналған мониторинг жобасы болып келеді [3, 41-42].
|