Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
508
Саяси тәуекелдер мен дағдарыстар мониторингінің теориялық негіздері
Берілген ғылыми жұмыста саяси тәуекел деп, «белгісіздік, уақыт пен ақпарат тапшылығында
қабылданатын саяси шешімдердің жағымсыз салдарынан белгілі бір мемлекет аумағында басқару,
экономикалық және өзге қызмет түрлеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал ететін саяси
факторлардың пайда болу мүмкіндігі» түсініледі. Мұндай факторларға жататындар – қылмыстық,
саяси және азаматтық тәртіпсіздіктер, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық және т.б. көрсеткіштер.
Ал «саяси дағдарыс» ұғымына келесідей диффиниция беруге болады: «саяси қатынастардың
ерекше шиеленісу салдарынан саяси жүйенің тұрақсыз, дестабилизациялық жағдайымен сипатта-
латын, саяси жүйеде іргелі өзгеріс немесе жүйенің тұтас күйереуін тудырта алатын, алайда соны-
мен қоса саяси жүйенің жаңаруы мен прогрессивті дамуына едәуір ықпал ете алатын саяси процесс
дамуының ерекше формасы».
Саяси тәуекелдер мен дағдарыстарға мониторинг – әсіресе 1990 ж. бастап қарқынды дамып
келе жатқан саяси зерттеулердің ерекше түрі. Бұл саладағы басты ғылыми-зерттеу ұйым ретінде,
бүкіл әлемде саяси тәуекелдер мен дағдарыстарды, соғыстар мен шиеленістерді зерттеумен айна-
лысатын үкіметтік емес ұйымдарды біртұтас жаһандық торға біріктіретін Алдын ала аңықтау мен
алдын ала жауап беру Форумы (Forum for Early Warning and Early Response - FEWER) болып келеді.
Форум құжаттарына сәйкес жүйелі мониторинг бұл, - «шиеленістік немесе дағдарыстық аймақта
сыртқы бейтарап сарапшылардың ұзақ мерзімді және жүйелі бақылаулары нәтижесінде жиналатын
ақпаратты біріктіру және өндеу». Жүйелі мониторинг келесі мақсаттарға бағытталады:
- Шиеленіс немесе дағдарыс аумағында, не әскери қақтығыс пен дағдарысқа ұласып кетуге
нақты қауыпты білдіретін тәуекел аумағында зорлық-зомбылық деңгейін алдын алу немесе
төмендету;
- Шиеленіс пен дағдарысты алдын алу мен реттеуге бағытталған шаралардың іске асу, не
аспау себептерін талдау;
- Шиеленістік және дағдарыстық үдерістерді аңықтау мен алдын алу үшін қажетті ақпараттық
және сараптамалық базаны қалыптастыру [3, 34].
Саяси тәуекелдер мен дағдарыстар мониторингін дағдарыстық үдерістер байқалатын аумақта
ақпаратты жинаудан, оны өңдеп, ол негізде шешім қабылдауға дейін иерархилық тұрған сервистердің
(яғни, қызметтердің) біртұтас жиынтығы ретінде көрсетуге болады.
Яғни, мониторингтік зерттеу бірқатар сатыдан тұрады: ең алдымен дағдарыстық үдерістер
байқалатын аумақта қажетті ақпарат жиналады, кейін ол техникалық қызмет көрсетілетін
жерде сақталып, өңделеді. Бастапқы сараптамадан өткен соң, қорытылған ақпаратқа бірқатар
«тұтынушылар» қол жеткізе алады (бұл тапсырыс берушінің ниетіне байланысты): БАҚ, жекелеген
адамдар немесе интернет-ресурстары. Алайда, монитрингтік зерттеудің ақырғы қорытындылары
көпшілікке жарияланбауы да мүмкін, түпікілкті сараптамадан өткен соң ол тапсырыс берушеге
өткізіліп, сараптамалық мәліметтер негізінде саяси шешім қабылданады. Демек, саяси тәуекелдіктер
мен дағдарыстар мониторингінің басты мақсаты – жиналған ақпаратқа сүйене отырып шешім
қабылдау, яғни ақпарат массивтерінің ішінде себеп-салдарлық байланыстарды құру.
Адам өмірінің қызметіне қатысты ақпаратты жинау және өңдеумен айналысатын мониторингтік
агентіктер мен құрылымдардың (әсіресе мемлекеттік емес, тәуелсіз) маңыздылығын келесідей
түсіндіруге болады: әрбір ақпараттың бастапқы негізгі көзі ретінде іс жүзіндегі қоршаған өмір
болып табылады. Алайда, бүгінгі таңдағы жер бетіндегі адам санының өсуі мен олар арасында
мәліметпен алмасудың технологиялық мүмкіндіктердің жетілдірілуіне байланысты әрбір жеке адам
кез келген ақпаратқа қол жекткізе алады. Қарапайым адам үшін саяси, экономикалық, рухани т.б.
саладағы ақпараттың шексіз деңгейдегі көлемін игеру мен түсінуден гөрі, қабылдау да мүмкін емес.
Нәтижесінде, кез келген адам мұндай үлкен ақпараттық кеңістікте бағыт таба алмай, тиісінше шың
өмірдің дәлме-дәл бейнесін да қалыптастыра алмайды.
Осыған байланысты бүгінгі таңда адам қызметіне қатысты ақпарат көлемінің өсуімен қоса, осы
ақпаратты тұтынушы-адамға жеткізетін, сұрыптайтын және өңдейтін құрылымдардың маңыздылығы
да арта түседі. Ақпаратты жеткізу каналдарынан гөрі, олар ақпарат «фильтрлері» тәріздес, өйткені
ақпаратты сұрыптау мен тұжырымдау нәтижесінде шын өмірдің жалған, бұрмалаған образдарын
жасамақшы. Ал кез келген саладағы адам қызметінің нәтижелігі осы салаға қатысты қоршаған
ортаның нақты бейнесін нақтылайтын ақпаратқа байланысты болғандықтан, осы орта бейнелерін
жасайтын конструкторлар ақпарат ағымдарын өз мүддесіне сай бұрмалау нәтижесінде адамзат
қызметінің барлық салаларына айтарлықтай әсер етуі мүмкін [4, 76-77]. Сонымен қоса, бұл салада
жұмыс істейтін мемлекеттік ақпараттық және статистикалық агенттіктердің мәліметтері көбінесе
|