Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
530
1. тұрғын үй ассоциацияларын басқару үшін маманданған қызметкерлер мен несие берушілерді
тартуға арналған саясат пен ынталандыру шаралары жөнінде ұсыныстар даярлау;
2. тұрғын үй секторындағы қазіргі ахуалға, заң және әкімшілік құрылымға сараптама жүргізу;
ҚР тұрғын үй секторының дамуына тұрғын үй ассоциацияларының әсерін зерттеу мен болжамдау;
түрлі елдердегі тұрғын үй ассоциацияларына салыстырмалы талдау жасау;
3. конференциялар, тренингтер және іс-сапарлар арқылы ақпарат пен біліммен алмасу; тұрғын
үй ассоциациялары туралы терең зерттеу жүргізу;
4. ҚР тұрғын үй ассоциацияларының құқықтық және әкімшілік үлгісін құрастыру және жүзеге
асыру.
Мақала зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелеріне сүйене келе, тұрғын үй ассоциа-
циялары мен аралас қаржыландырудың Қазақстандық үлгісін жоғарыдағы стратегиялық міндеттер
мен әрекеттер арқылы дамытуға болатындығын қорытындылайды. Зерттеу нәтижелері үшінші сек-
тор, жалдамалы тұрғын үй мен құрылысты аралас қаржыландыру, жайлы және қолжетімді баспана
салаларындағы саясатты ақпараттандыру мен жақсарту мақсатында қолдануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |