Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ететін білім беру ұйымының мамандары мүмкіндігі шектеулі балаға білім беру және тәрбиелеуде отбасының ауқымды әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады.
Баланың отбасымен жүргізілетін жұмыстың негізгі міндеттері:
ата-аналарда балаға қатысты қарым-қатынасты қалыптастыру, оны отбасында тәрбиелеуге белсенді қатысу;
ата-аналарға баламен өзара әрекет жасау тәсілдерін, жанұя жағдайында оны тәрбиелеу мен оқыту әдістерін және тәсілдерін меңгеруге көмектесу;
ата-аналарды түзете-дамыту жұмысына белсенді түрде тарту;
ата-аналармен психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізу, олардың психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін зерттеу.
Ата-аналармен жұмыс әртүрлі формаларда жүргізіледі:
жеке әңгімелесулер мен кеңестер;
ата-аналар лекторийлері;
ашық есік күндері;
семинарлар мен өзге де іс-шаралар.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарының (заңды өкілдері) құқықтары:
жеке білім беру және түзету бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатыса алады;
оқу және түзету сабақтарына қатыса алады;
консультациялық көмек ала алады;
түзете дамыту және білім беру үдерісін жүргізу нәтижелері туралы толық және нақты ақпарат ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: |