Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет51/87
Дата07.01.2022
өлшемі294,72 Kb.
#17078
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87
Жалпы ережелер

Осы ұсынымдар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру арқылы тең қолжетімді білім беру қызметтерін ұсыну бойынша жағдайлар жасау мақсатында әзірленген.



Психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді.

  1. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі міндеттері:

  • балалардың дамуындағы кемшіліктерді ерте (анықталған сәттен) түзетуді ұйымдастыру;

  • балаға және оның отбасына даму, оқу, әлеуметтену міндеттерін шешуге көмектесу (ықпал ету);

  • білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;

  • педагогтардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін (психологиялық мәдениет) дамыту;

  • баланы түзету-дамыту, тәрбиелеу жұмыстары мен оқыту нәтижелілігінің мониторингі (психологиялық-педагогикалық мониторинг).

  1. Психологиялық-педагогикалық қолдау білім берудің әртүрлі деңгейінде жүзеге асырылады:

  • мектепке дейінгі білім – дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау және түзету, мектепке дайындығын қамтамасыз ету;

  • бастауыш мектеп – мектепте оқуға дайындығын анықтау, мектепке бейімделуін қамтамасыз ету, оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық және оқуға деген ынтасын дамыту, өздігінен жұмыс істеу мен өзін-өзі ұйымдастыра білуді дамыту, «оқи білу» мен ықыласын қалыптастыруды қолдау, әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен әлеуетін ескре отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • негізгі мектеп – оқушының негізгі мектепке көшуін қолдау, оқудың жаңа талаптарына бейімделу, жеке тұлғалық және өзін танудың құндылық-мағыналық міндеттерін және өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуде қолдау көрсету, жеке тұлғалық проблемалар мен әлеуметтендіру проблемаларын шешуге көмектесу, өмірлік дағдыларды қалыптастыру, жүйке ауруларының алдын алу, ата-аналармен және құрдастарымен құрылымдық қарым-қатынас құруға көмектесу;

  • орта мектеп – оқушының бейіндік бағдарлау мен кәсіптік өзін-өзі анықтауға көмектесу, экзистенциальды проблемаларды (өзін-өзі тану, өмірдің мәнін түсінуге талпыну, жеке тұлғалық сәйкестікке қол жеткізу) шешуге қолдау көрсету, уақытша перспективасын, мақсатқа жету қабілетін дамыту, психологиялық-әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.

  1. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:

  • бала дамуындағы қандай да бір проблемаларды шешудің кешенді, пәнаралық тәсілі;

  • білім беру үдерісіндегі баланың дамуына қолдау көрсетудің үздіксіздігі;

  • қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

  • қолдау қызметін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау (болжау);

  • даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау шараларына ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымдарын белсенді түрде тарту.

Психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру

Даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін – ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т.б.), сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады.

Білім беру ұйымның ішіндегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды психологиялық-педагогикалық консилиум (бұдан кейін – педконсилиум) іске асырады.

Білім беру ұйымдарынан тыс жердегі (ПМПК ұсыныстарына сәйкес) мүмкіншіліктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды арнайы педагог (үйлестіруші қызметін атқарушы) ұйымдастырады және бақылайды.

Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары:


  • баланың психологиялық және дене даму ерекшеліктерін кешенді түрде тексеру, нақты психологиялық-педагогикалық түзету шараларына қажеттілігін анықтау;

  • баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке түзете дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

  • жеке, шағын топпен, топпен өтетін түзете дамыту жұмысын жүргізу;

  • кеңес беру және оқу-ағарту жұмысы;

  • ғылыми-әдістемелік қызмет (семинар-практикумдерді, жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу; жұмыс тәжірибесін баяндама, сөз сөйлеу түрінде жинақтау; әдістемелік ұсынымдар әзірлеу);

  • психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру.

Жеке түзете дамыту бағдарламаларын (ЖДБ) әзірлеу жұмысы психологиялық-педагогикалық консилиумның барлық мүшелері немесе қолдаудың сыртқы тобымен жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда оқу бағдарламасы бейімделеді немесе оқу жоспарындағы пәндер бойынша жеке оқу бағдарламалары құрылады. Жеке түзете дамыту және оқу бағдарламаларының мазмұны баланың жасын емес, оның зерде дамуының деңгейін, жеке даму ерекшеліктерін, баланың өтемдік мүмкіндіктерін есепке ала отырып анықталады.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында денсаулыққа қолайлы педагогикалық-күзету тәртібін қарастыру қажет (дамуында проблемалары бар балалардың мүмкіндігінен жоғары талаптарды қоймай, баланың қажеттілігін және келешек өмірін есепке ала отырып оқыту керек, сондай-ақ қойылатын талапты да аса төмендетпеу қажет).

Психологиялық-педагогикалық қолдау тобының әрбір мүшесі кәсіби этиканы сақтауға, балаға немесе оның жанұясына зиян тигізетін жағдайда, психологиялық-педагогикалық тексеру, кеңес беру жұмысы немесе қызметтің басқа да түрінің нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Қолдау маманы мекеменің білім беру бағдарламасын, даму бағдарламасын әзірлеуге, басқару жүйесін жобалауға қатысады, білім беру мекемелерінің педагогтар кеңесі мен басшылығының қабылдаған шешімдерін, оқу және тәрбие жұмысының жоспарларын, сонымен бірге білім беру үдерісінің ағымды жағдайының психологиялық негіздемесін және олардың жеке тұлға мен оқушылар тобын дамыту мен тәрбиелеудегі практикалық тиімділігін талдайды және сараптайды, мекемені басқару бойынша жеке қызметкерлерге, басшылыққа ұсыныстарды береді.

Педагог-дефектолог мүмкіндіктері шектеулі балаларды терең тексеруден өткізеді, әрбір баламен жүргізілетін түзете дамыту жұмысының жоспарын анықтайды, оны жүзеге асырады, тәрбиеленушілердің даму динамикасын бақылайды; балаларды кіріктіре оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогикалық қызметкерлерге ұйымдық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Педагог-психолог анықталған даму ауытқушылықтарын жою мақсатында психологиялық түзету жұмыстарын жүргізеді:

- эмоциялық сезімі бұзылған балалармен әлеуметтік-эмоциялық дамыту сабақтарын;

- қарым-қатынас жасауда қиындықтар туындайтын балалармен қарым-қатынас икемділігін қалыптастыру сабақтарын;

- тәртібінде бұзылыстары бар балалармен тәртібін қалпына келтіруге көмектесетін сабақтарды жүргізеді.

Психолог мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға психологиялық көмек көрсетеді, білім беру ұйымының ұжымында жағымды психологиялық көңіл-күйді қалыптастыруға көмектеседі.

Педагог-логопед балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерін анықтайды және оларды жоюға арналған түзету жұмысын жүргізеді; жалпы білім беру ортасында сөйлеу тілдік дағдыларын дамытуға арналған жұмыстарға қатысады.

Мұғалім мен тәрбиеші балалардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттеу негізінде балалардың толыққанды психологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді, педагог-дефектологпен және психологиялық-педагогикалық қолдауға қатысатын басқа да мамандармен педагогикалық қызметті тығыз байланыста жүзеге асырады.

Музыка мұғалімі балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып барлық балаларға эстетикалық және музыкалық тәрбие беру жұмысын ұйымдастырады және іс-жүзіне асырады. Түзету бағытындағы әртүрлі жұмыстарды: музыкалық-дидактикалық ойындарды, музыкалық-ырғақты қимылдарды, кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырмаларды және т.б. жоспарлайды.

ЕДШ нұсқаушылары балалардың дене дамуына қатысты дайындығын, жеке ерекшеліктерін және денсаулық жағдайларын есепке ала отырып дене тәрбиесін іс жүзіне асырады; балаларды салауатты өмір салтына баулиды, олармен тыныс алуды қалпына келтіруге, қимыл-қозғалысты нығайтуға, көру арқылы қимыл үйлесімділігін дамытуға және т.б. бағытталған түзету жұмысын жүргізеді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және іске асыру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарында оқуға, арнайы педагогика мен психологияның негізін білуге, мүмкіншіліктері шектеулі балалардың психологиялық және дене даму ерекшеліктері туралы түсінуге, білуге, білім беру үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі мен технологиясын білуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет