Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау
Стандарт талаптарын іске асыру үшін әрбір мектепке дейінгі ұйымда келесі талаптармен жағдайлар жасау қажет:
Психологиялық-педагогикалық жағдайларға талаптар:
1) ересектердің балаға құрметпен қарауы, балалардың жағымды өзін-өзі бағалауын, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділігін қолдау;
2) білім беру әрекетінде жұмыстың балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес түрлері мен әдістерін қолдану;
3) мектепке дейінгі ұйымның барлық педагогтары, мамандары және ата-аналарының бірлескен әрекеті негізінде әрбір баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру әрекетін құру;
4) ересектердің балалардың бір-біріне жағымды, қайырымды қатынастарын, әртүрлі әрекет түрлерінде олардың өзара бірлескен әрекеттерін қолдауы;
5) дене және психикалық озбырлықтың барлық түрлерінен балаларды қорғау;
6) балалардың даму бұзылыстары мен әлеуметтік бейімделуін диагностикалау және түзету үшін қажетті жағдайларды жасау;
7) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулықтарын қорғау мен нығайтуда ата-аналарды қолдау, ата-аналарды білім беру әрекетіне тарту;
Педагогикалық процесті ұйымдастыруға талаптар:
1) мектепке дейінгі ұйымдарды мектепке дейінгі білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз ету;
2) педагог кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыру;
3) баланы тәрбиелеу мен дамыту соның ішінде инклюзивті білім беру мәселелерінде педагогтарға кеңес беру;
4) білім беру процесін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне талаптар
1) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы мүмкін көлемі мен ұзақтығын қамтамсыз ету;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлерінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес болуы қажет;
3) әрбір жас кезеңдеріндегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Үлгілік оқу жоспарларында белгіленген.
4. Заттық-кеңістік дамытушы ортаға талаптар
Заттық-кеңістік дамытушы орта толық мазмұнды, өзгермелі, көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек.
Заттық-кеңістік дамытушы орта:
- Бағдарламаның мазмұнын тиімді іске асыру үшін балаларды әрбір жас
кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес заманауи дидактикалық материалдарды, жабдықтар мен мүккамалдарды қолданып дамыту мен тәрбиелеуге;
- балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуға;
- балалардың дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету, инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;
- әртүрлі білім беретін және дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыруға;
- балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық және қимылдық белсенділіктерін қамтамсыз етуге;
- заттық-кеңістік ортада балалардың айналасындағы ересектермен және
балалармен өзара бірлесіп әрекет етуде эмоционалды саулығына;
- балалардың өз ойларын айта білуіне бағытталған.
Заттық-кеңістік дамытушы ортаны құру кезінде гендерлік тәсілді ескеру және ұлдар мен қыздарға тән заттар, ойыншықтар және материалдармен қамтамасыз ету.
Заттық-кеңістік дамытушы орта білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріліп құрылады. Бір білім саласына арналған материалдар мен жабдықтарды басқа білім беру салаларын жүзеге асыру кезінде де қолдану қажет. Жабдықтарды таңдау балалардың шығармашылық, психологиялық және дене дамуына барынша мүмкіндік беретін келесі әрекет түрлері үшін іске асырылады: ойын, танымдық-зерттеу, коммуникативтік, еңбек, көркем-музыкалық, көркем әдебиетті қабылдау және т.б.
Барлық мектепке дейінгі ұйымдар өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 217 бұйрығымен бекiтiлген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алады.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру
Мектепке дейінгі ұйымның бағыныстылық нысанына, барлық типтері мен түрлеріне қарамастан педагогтары, мамандары мен қызметкерлері өзінің қызметтерін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және мектепке дейінгі білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйымның барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін дұрыс және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін жеке жауапкершілікте болады.
Достарыңызбен бөлісу: |