Дәрістің түрі: проблемалық
Дәрістің мақсаты: Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізетін мамандарды даярлау: мұғалім-дефектологтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар; мектептің, балабақшалардың әкімшілігі; жергілікті білім беру органдары өкілдерінің қызметтерімен таныстыру
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс .
Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мұқтаждығына және басқа мән-жайларға байланыссыз, өз әлеуетін және білім алуға құқығын іске асыруға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім берудің артықшылығы оқушылардың араласуында. Қатынасу – білім беру басталатын нүкте. Мұғалімдер балалармен, оқушылар мұғаліммен және бір- бірімен қатынасуы тиіс.
Бүгінгі таңда ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны 144 783 баланы құрайды, оның ішінде 96 555 мектеп жасында және 48228 мектепке дейінгі жаста.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылға қарай:
мектепке дейінгі ұйымдардың 30%; мектептердің 70% инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау;
психологиялық-педагогикалық түзеу және психологиялық-педагогикалық консультациялар кабинеттері желісін кеңейту.
2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан 495 б/б) балабақша инклюзивті білім беруді енгізді, онда 6130 детейбала, 44,7% немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады ( 40 мыңнан астам бала).
Педагогтар мен ата-аналарға ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-консультативтік көмек көрсету үшін 7 инклюзивтік білім беру жөніндегі ресурстық орталығы құрылды (Ақтөбе – 1, Ақмола -1, Қарағанды – 1, БҚО – 2, Қызылорда – 1, ҚАЗ ҰПУ- 1).
Қазақстан Республикасында 42 арнайы балабақша және 435 арнайы топтар жұмыс істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар білім мен тәрбие алуда, 97 арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы 2605 арнайы сынып жұмыс істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы білі алады.
Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, 58 психологиялық-медицииналық-педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық -коррециялау қолдауды көрсетуде.
ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178 колледж жүргізуде. Аталмыш санат студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам құрайды. «Дефектология» мамандығы шеңберінде кадрларды даярлау елдің 17 ЖОО-да жүргізіледі. Бұдан басқа педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 3 жыл ішінде 2771 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың барлық курстарының тыңдаушылары үшін инклюзивті білім беру бойынша міндетті лекциялар әзірленді және енгізілді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білімге қол жеткізуді электрондық білім беру жүйесі де қамтамасыз етеді. Үйде білім алатын балалар қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарды алады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін жеке қозғалыс құралдары, арнайы пернетақталар және манипуляторлар алынады; есту қабілеті бұзылған балалар үшін - есту аппараттары, дыбысты күшейтуші микрофоноы бар жүйе, тифлотехникалық құралдар алынады. Білім алуға жол ашуды қамту үшін ақпараттық қамтамасыз ету құралдары , соның ішінде принтерлер мен Брайлевтік дисплейлер, оқу машиналары мен үлкейтуші құрылғылар, электронды лупалар, сөйлеуші экранды үлкейтуші шағын құрылғылары және тағы басқалары аса маңызды. Республикалық бюджет есебінен компьютерлік техника және құрал-жабдықтармен 6 мыңға жуық үйінен оқытылатын мүгедек-бала қамтылған.
Қазіргі уақытта республикадағы арнайы білім беру ұйымдарының жартысына жуығы мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандырушы мультимедиялық білім беру жүйесімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 % -ында интерактивті тақталар орнатылған. Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95 %, білім беру арнайы мекемелерінің 41 % логопедтік жаттықтырғыштармен , 37% — есту-сөйлеу жаттықтырғыштарымен жабдықталған
Инклюзивті тәжірибе мамандардан жаңа құзыреттіліктер мен білімдерді талап етеді. Түрлі мамандар мен педагогтардың мүмкіндігі шектеулі баланы жалпыға білім беру процесінде оқыту мен тәрбиелеудегі өзара байланысқа түсу ерекшеліктері – бүкіл ұжымның олардың дамуына жағымды жағдай жасалуына қатысуында. Топта жұмыс жасауда, оның әр мүшесі өзінің пәндік іс-әрекеті шеңберінде нақты мақсаттар мен міндеттерді орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |