Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет63/87
Дата07.01.2022
өлшемі294,72 Kb.
#17078
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87
Байланысты:
ПИК лекция жинагы ИББ

Дәрістің түрі: ақпараттық


Дәрістің мақсаты: Студенттерге мүмкіндігі шектеулі балалармен, олардың ата аналарымен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстармен және
инклюзивті тәжірибе жағдайында ата аналар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас қайшылықтары туралы мәлімет беру.

Қазіргі таңда отбасына, әлеуметтік институт ретінде, үлкен назар аударылады. Көптеген мамандар отбасын үлкен реабилитациялық мүмкіндіктері бар құрылым ретінде қарастырады. Даму бұзылыстары бар, сонымен бірге туылғаннан мүгедек балаларға әлеуметтік қорғау жасауда және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде орын табатын қиындықтарды пәнаралық жүйелі бағыттарда зерттеу қажет (Л.М.Шипицина, С.В.Ковалев, Е.М.Мастюкова және т.б.).

Инклюзивті білім беруді дамыту іс-шараларын жоспарлауда бала мен оның отбасын жүйелі әлеуметтік зерттеу, жалпы білім беретін мектептің оқу процесіне баланы нәтижелі қосуға кедергі болатын қиындықтарды, кедергілерді, асуларды бағалау маңызды рольді алады.

Инклюзивті білім беруге жайлы орта жасау үшін білім беру және түзете-дамыту процестеріне ата-аналар белсенді қатысулары керек.

Отбасы күрделі ішкі құрылымға, өзіндік психологиялық құрылымға және ерекше функцияларға ие.

«Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасы үшін негізгі болып келесі қызметтер табылады:

1) түзете-дамыту,

2) орын толтыру және реабилитациялау (мақсаты - баланың психофизикалық және әлеуметтік статусын қайта құру, балаға материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беру).

Даму бұзылыстары бар балалардың туылуы ата-ананың қоршаған ортаға, өздеріне, өз баласына, басқа адамдарға және өмірге көзқарастарын өзгертеді.

Жалпы білім беру мектебінде оқуда мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік–биологиялық және эмоционалды, іс-әрекеттік бейімделуінде отбасындағы қарым-қатынас маңызды роль ойнайды.

Жалпы білім беру мектебінің мұғалімі мүмкідігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге жүйелі көмек пен қолдауды қажет ететін отбасыларын да білуі керек.

Даму бұзылыстары бар балалардың отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау үшін, отбасылық тәрбиелеу стильдері мен типтерін, сонымен қатар мүгедек-балалардың отбасыларын, заманауи ой-пікірлерді зерттеу керек.

Даму бұзылысы бар баланың туылуы ананы стресс жағдайына түсіреді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына тәуелдік деңгейі өте жоғары, әлеуметтік ортамен өзара байланысқа түсу дағдылары шектелген. «Ерекше» баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселесі ата-ана үшін өте ауыр болады, олар күрделі психологиялық жағдайға ұшырайды. Мұндай отбасыларына жүйелі психологиялық-педагогикалық көмек керек. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасымен жүргізілетін жұмысқа гуманизм позициясынан қарап, ата-ананы баланы келешек өміріне ерте дайындауына бағыттау қажет.

Даму бұзылыстары бар баланың туылуы жиі ажырасуға соқтырады. Себептері:

1) мінез өзгерістері (әйелінің, күйеуінің);

2) жиі ұрыстар;

3) сезімдердің жойылуы;

4) тағы «даму бұзылысы бар баланың туылуынан» қорқу;

5) даму бұзылысы бар баланың анасымен оның өзінің ата-анасы

арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы;

6) Қазақстандық отбасыларында отбасының ішкі күйімен байланысты

мәселелер, балаларды оқыту, тәрбиелеу – әйел баласының мойынында.

Даму бұзылысы бар баланың әкесі отбасының экономикалық жағдайына жауап береді, яғни «ерекше» баланың туылуы тек ананың ғана «өмірін» өзгертуге мәжбүрлейді, яғни әкесі үйреншікті әлеуметтік қарым-қатынастардан шектелмейді, сондықтан әкесінің психикасы, анасына қарағанда, патогенді әсерге соқтырылмайды.

Ата-аналардың білім деңгейлері де әр түрлі:

- көптеген мүмкіншілігі шектеулі балалары бар аналар өз жұмыстарын тастауға немесе өзгертуге мәжбүр;

- ана материалдық тәуелді жағдайға түседі;

- стресс жағдайы ананың өзінде де аурулардың пайда болуына соқтыруы мүмкін, патологиялық байланыс пайда болады: психогендік стресс, түрлі соматикалық немесе психикалық аурулар;

- физикалық жүк (әсіресе БСА балалары бар отбасыларда);

- қайталанған психозақымдар: жеңіл түрлері – көліктегі қақтығыстар, басшымен, өз ата-анасы, туыстарымен қақтығыстар; ауыр түрлері – жолдасының отбасынан кетуі, ажырасу, жақын адамның өлімі.

Психологиялық қорғаныс деңгейінде (эмоционалды-әлеуметтік стресс) – невротикалық күйлердің дамуына негіз болады. Г.Н.Волковская, А.И.Захаров, М.М.Либлинг, Н.В.Мазурова, И.И.Мамайчук, Г.А.Мишина, Л.И.Солнцева, В.В.Ткачева, Е.М.Мастюковалардың зерттеулерінде анықталғаны: кез-келген даму бұзылыстары бар баланың ата-анасымен өзара байланыстарында қақтығыстары бар.

Балалардың жекетұлғалық дамуымен ата-аналар қарым-қатынасындағы тенденциялар (көріністер):

1) әрбір даму бұзылысы бар балаға ата-анасымен деңгейлі эмоционалды-жағымды байланыс қажет;

2) ата-ана – бала қарым-қатынасының жеткіліксіздігі және адекватты еместігі ата-ананы басқа субъекттермен алмастыруда көрініс табады;

3) ата-аналардың балаларға адекватты емес қарым-қатынасы олардың нәтижелі іс-әрекеттерінде бейнеленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет