Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   131
Саңырауқұлақтар 
– 
(микроскоптық 
ашытқы 
клеткаларынан,  өңездерден  алып  түрлеріне  дейінгі)  организмдердің 
ұланғайыр  тобы,  олар  органикалық  заттектің,  редуценттері  рөлін 
атқарады,  өсімдіктердің    топырақтан  минералдық  заттектер  мен  су 
сіңіруіне    жәрдемдесіп,  олармен  селбеспелік  байланыстар  түзеді  және 
өсімдіктер  мен  жануарлар  популяцияларының  тығыздығын  реттейтін 
паразиттер  болып  табылады.  Зат  алмасу  барысында  тірі  ағзалар  үнемі 
табиғиаттағы  химиялық  элементтердің  таралуын    өзгертіп  отырады. 
Миллиардтаған    жылдар    барысында  фотосинтездеуші  ағзалар  күн 
энергиясының    орасан  мол  шамасыни    химиялық  жұмысқа 
айналдырады.  Оның  қорының  бір  бөлігі  көмір  кен  орындары  және 
басқа  да  органикалық  заттар  –  мұнай,  торф  т.б.  түрінде  жиналады. 


 
26
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
Фотосинтез  есебінен  атмосферада  оттегі  жиналады.  Оттегіден  озон  
қабаты    пайда    болды.  Бұл  газдың    молекулалары  оттегінің  үш 
атомынан  тұрады,  ол  ультракүлгін  сәулелердің  молекулалық  оттегіне 
әсер етуі нәтижесінде түзіледі. Тіршіліктің өзі ультракүлгін сәулелердің 
басым  бөлігін  ұстап  қалатын  атмосфераның  қорғаныштық    қабатын  
жасады. 
Қазіргі    атмосферадағы  көмірқышқыл  газының  көп  бөлігі  тірі 
ағзалардың    тыныс    алуы    немесе  органикалық    отынның    жануы 
нәтижесінде  түзілген.  Атмосфералық  азот  та  тіршіліктің  нә-тижесі,  ол 
бірқатар  топырақ  бактерияларының  белсенді  әрекетінен  түзілген.  Тірі 
ағзалардың  әсерінен  көптеген  Жердегі  тау  жыныстары  пайда  болды. 
Ағзалар  жекеленген  элементтерді  қоршаған  ортадан  олардың 
мөлшерінен    анағұрлым  көп  шамасын  таңдамалы  түрде  сіңіріп,  өз 
денесінде жинай алады. Мысалы, көптеген теңіз жануарлары өздерінің 
қаңқасында  кальций,  кремний  немесе  фосфорды  жинап,  өлгеннен  соң 
су түбінде шөгінді жыныстарды: ізбес тас, бор, фосфолиттер т.б. түзеді. 
Оларды   органогенді элементтер  деп  атайды. 
Тіршіліктің  әсерінен  құрылықтың  бетінде  топырақ  қабаты 
қалыптасқан. Топырақтағы минералдың комноненттер, ыдырап жатқан 
органикалық  заттар  мен  көптеген  микро  және  макроорганизмдердің 
бір-бірімен  тығыз  байланыстылығы  сонша,  В.И.Вернадский  оны 
ерекше,  табиғаттың  биокосты  заты  деп  атады.  Әлемдік  мұхиттың 
суларында  да  осындай    биокосты  заты  болады.  Тірі  ағзалар 
құрылықтың тау жыныстарының желденуі мен бұзылуында ерекше рөл 
атқарады.  Олар  өлі  органикалық    заттарды  негізгі  ыдыратушылар. 
Тіршілік  Жердің  атмосферасын,  мұхиттың  суының  құрамын  өзгертіп, 
өзен қабатын, топырақ, көптеген тау   жыныстарын  жасады. 
Тау    жыныстарының    желдену  жағдайлары  өзгеріп,  өсімдіктер 
жасайтын микроклимат үлкен рөл атқара бастады,   
Жердің климаты да өзгерді. Тіршілік биосферадағы биоло-гиялық 
зат  айналымын  жүзеге  асыра  отырып,  өзінің  және  адамның  тіршілік 
етуіне қажетті тұрақты жағдайларды қамтамасыз  етеді. 
Тірі  ағзалар  биосферада  маңызды  биогенді  элементтердің  зат 
айналымын  жүзеге  асырады.  Олар  кезектесіп  тірі  заттан  бей-
органикалық  материяға  өтіп  отырады.  Бұл  циклдер  екі  негізгі  топқа 
бөлінеді:  газдардың  айналымы  және  шөгінді  заттар  айналымы. 
Біріншісінде  элементтердің  негізгі  көзі  атмосфера  (көміртегі,  оттегі, 
азот), екіншісінде таулы шөгінді жыныстар (фосфор, күкірт  және т.б.) 
болып  табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет