Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131
биосфераға  әсерін  тигізе  бастаған  шақтан  осы  кезеңге  дейінгі  уақыт 
аралығында  биосфераның  өзгеруін  бес  сатыға  бөлуге  болады.  Бұл 
сатылар: 
–  адамзаттың  биосфераға  әсері  әдеттегі  биологиялық  түр 
ретінде ғана болған; 
– 
адамзаттың 
қалыптасуы 
кезеңінде 
экожүйелерді 
өзгертпейтін бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған; 
– табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере 
бастаған; 
–  Жерді  жырту  мен  ормандарды  кесу  арқылы  табиғатқа  зиян 
келтірілген; 
–  Биосфераның  барлық  экологиялық  құрауыштары  түгелімен 
әлемдік өзгерістерге ұшыраған. 
Соңғы  саты  осыдан  шамамен  300  жыл  бұрын  басталып,  қазіргі 
кезге  дейін  келе  жатыр.  Сонымен,  адамның  іс-әрекетінің  әсерімен 
биосферада  болатын  негізгі  өзгерістер  түрлеріне  келесі  жағдайлар 
жатады: 
–  Жердің  беткі  қабатының  құрылымының  өзгеруі  (даланы 
жырту,  орманды  кесу,  мелиорация,  жасанды  көл  мен  теңізді  құру 
және  жер  бетіндегі  сулардың  режиміне  басқа  да  өзгерістер  әкелу, 
т.б.); 
–  Биосфераның  құрамын,  оны  құратын  заттектердің  ба-лансы 
мен  айналымын  өзгерту  (кен  қазбаларды  Жер  қойнауынан  алу, 
үйінділер  жасау,  әртүрлі  заттектердің  ауа  мен  су  объектілеріне 
шығарынды ретінде тастау, ылғалдылық  айналумен  өзгерту); 
–  Кейбір  организмдер    түрлерін    жою    арқылы  немесе 
жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын 


 
 
21 
шығарып,  оларды  жаңа  мекендейтін  орындарға  ауыстыру  арқылы 
биотаға өзгерістер енгізу; 
–  Жер  шарының  кейбір  аудандарындағы  және  ғаламшар 
деңгейіндегі энергиялық балансты өзгерту. 
Орыс  академигі  В.И.Вернадский  биосфералық  қалыптасу  және 
даму  эволюциясындағы  «тірі  заттардың»  ролін  өте  жоғары  бағалады. 
Әсіресе  тірі  организмдер  оған  қоса  адам  баласының  іс-әрекетінің 
биосфера  шегіндегі  биогеохимиялық  фактор  ретіндегі  ролін  бағалай 
келіп,  биосфера  өзін-өзі  реттеп  отыратын  табиғи  жүйе  екендігін 
дәлелдеді.  Яғни,  планетадағы  ең  жоғарғы  сатыдағы  дамыған 
тіршіліктің  ұйытқысы  түрлі  организммен  байланысты  екенін  баса 
айтты.  Шын  мәнінде  тірі  организмдер  ғарыштық  энергияны  Жердегі 
химиялық  энергияға  айналдыра  отырып,  планетадағы  тіршіліктің 
көптүрлілігіне  әкелді.  Осының  бәрі  биосферадағы  химиялық 
элементтердің  миграциясы  болып  табылады.  Бұл  процестер 
табиғаттағы  зат  және  энергия  айна-лымдарымен  шектеліп,  биосфера 
шегіндегі  ғаламдық  зат  алмасулардың  үздіксіз  қозғаушы  күшіне 
айналды.  Ең  басты  мәселе  биосферадағы  айналымдардың    қалдықсыз 
жүруі  нәтижесінде  биосфера  деп  аталатын  үйімізде  ешбір  басы  артық 
зиянды  қосылыстар  түзілмейді,  бәрі  де  қайтадан  айналымға  түсіп, 
табиғаттың өзін-өзі тазартуы  жүріп жатады. Ол процестердің ең басты 
қозғаушы күші – Күн екенін естен шығармауымыз керек.  
В.И. Вернадский табиғаттағы зат айналымдарының тұрақты даму 
процесіндегі    адамның    роліне  ерекше  мән  берді.  Тіптен,  оның 
дәлелдеуінше,  адам  баласы  теңдесі  жоқ  биосферадағы  ең  қуатты 
геологиялық  күш  ретінде  бағалады.  Яғни,  болашақтағы  биосфераның 
тағдыры  адамзаттың  ақыл-ойының  сапасында  немесе    деңгейінде  
екенін    болжай    келе,  өзінің  өте  маңызды  теорияларының  бірін 
тұжырымдады. Ол – биосфераның жаңа тұрғыдағы  ұғымы  мен сипаты 
– ноосфера туралы болжамдар жасады. Ол «ноосфера» деген терминді 
ғылымға енгізген француз мате-матигі Леруа еді. 
Ноосфера  –  ақыл-ой  сферасы  екенін  одан  әрі  зерттеулер 
жүргізген  В.И.Вернадский,  Э.Леруа,  Т.Шарден  сынды  ғалымдар: 
«...Адамның  ақыл-ой,  мемлекеттер  саясаты,  ғылым  жетістігі,  т.б. 
адамзаттың  биік  адами  деңгейі  табиғат    пен    қоғамның  гармониялық 
дамуын жүзеге асыратын ноосфера»  деген қорытындыға келген. Бірақ 
та,  планета  тұрғындары  ноосфера  идеясын  айтушы  ғұлама  ақыл 
иелерінің болжай айтқан шындығын бағалай білмеді. Жұмыр жер адам 
баласының    бұрын-соңды  болмаған  небір    зорлық-зомбылығына 
ұшырады.  Ғылыми  техникалық  прогресс  қазіргі  биосфераның 
тағдырын    басқаша    шешті.  Небәрі  соңғы  70-100  жыл  ішінде  адам 
баласының  іс-әрекеті  мен  ықпалы  табиғаттың  геологиялық  жылдар 


 
22
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
бойы  қалыптасқан  табиғилығын  мүлдем  өзгертті.  Жер  шарында 
тіршілік  жоқ  жерлер,  тіршіліксіз    құмдар,  шөлдер,  тақырлар  пайда 
болды.  Ауа-райы  өзгеріп,  табиғат  байлықтары  сарқыла  бастады.  Адам 
баласы  табиғат  байлықтарын  меңгеру  былай  тұрсын,  оған  пайда  көзі 
ретінде қарап, барынша ластап, айналымға келмейтін бөгде заттар мен 
қоқыстарды шығара бастады. Нәтижесінде, адам баласы өзіне - өзі кері 
әсерін  тигізді.  Яғни,  жаппай  қырып-жоятын  атом  қарулары,  улы 
химиялық  препараттар,  канцерогенді,  т.б.  тіршілікке  зиянды  заттар 
табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтарын  бұзып, планетаның өзіне  қауіп  
төндіре    бастады.  Мәселен,  ХХ  ғасырдың  аяғындағы  көмір  қышқылы 
газының  атмосферадағы  көлемі  қалыптасқан  тепе-теңдіктен  0,03%-тен  
0,034%-ке  көбейіп  отыр.  Яғни,  бұрынғы  қалпынан  25%-ке  өскен. 
Ғалымдардың    есептеуі  бойынша  бұл    көрсеткіш    ХХІ  ғасыр  басында 
25-35%-ке көбейіп, жалпы Жер шарының орташа температурасы +1
0
С-
ға  өсуі  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  биосфера  шегінде  ғаламдық 
климаттық  ауытқулар  болып  экологиялық  апаттар  (су  тасқыны,  топан 
су,  құрлықты  су  басу,  ауа  райының  өзгеруі,  жер  сілкінісі,  өрттер, 
құрғақшылық,  жұттар  мен  ашаршылық,  т.б.)  болуы  әбден  мүмкін 
екендігі дәлелденіп отыр. 
Академик  В.И.  Вернадский  өзінің  1944  жылы  жазған  еңбегінде: 
«...Болашақ  планетаның  ұсқыны  мен  тыныс  тіршілігі  адам  баласының 
ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және тәуелді болады. Ең 
бастысы  адамзаттың  санасыз  ақыл-ойының    нәтижесіне  байланысты 
биосфера  тағдыры  шешіледі»,-  деген  тамаша  болжамын  айтқан 
болатын.  Шын  мәнінде,  қазіргі  биосфераның    тұрақтылығы    тек  адам 
баласының  қолында  екенін  әрбір  көзі  ашық,  көңілі  сергек  мүшесі 
түсініп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет