Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131
Географиялық 
қабықтың 
тұтастығы 
– 
бұл 
оның 
компоненттерінің  өзара  байланыстылығы  мен  өзара  тәуелділігі.  Ол 
заттар  мен  энергияның  үздіксіз  айналымына  және  алмасуына 
байланысты.  Белгілі  бір  құбылыстың  уақыт  ішіндегі  мерзімділігі  мен 
қайталануын  ырғақтылық  деп  атайды.  Ырғақтылық  –  географиялық  
қабықтың    өзіне    тән  сипатты  белгісі.  Ол  тірі  және  өлі  табиғатқа  тән. 
Табиғаттың  барлық  компоненттері  мен  табиғат  комплекстерінің 
экватордан  полюске  қарай  өзгеруі  аса  маңызды  географиялық 
заңдылық.  Барлық  сыртқы  процестер  (үгілу,  ағын  судың  әрекеті, 
топырақ  түзілуі  және  т.б.)  және  оның  нәти-желері  географиялық 
зоналық заңына бағынады. 
Белгілі 
бір 
биогеоценоз 
ішіндегі 
микроорганизмдердің, 
өсімдіктердің  және  жануарлар   жиынтығының   мөлшері  биомасса  мен 
анықталады.  Биомасса  құрлықта  бір  жердің  (1м-
2
  грамм  мөлшерімен) 
немесе  су  айдынының  көлемі  (  1м-
2
  грамм  мөлше-рімен)  бойынша  
өлшенеді.  Биосферадағы  бізді  қоршаған  тірі  ағ-залар  әлемі  әр  түрлі 
құрылыс деңгейіндегі түрлі биологиялық жүйелер түрінде кездеседі.  
Қазіргі кезде тірі материяның төмендегідей құрылыс деңгейлерін 
ажыратады:  молекулалық,  клеткалық,  ұлпалық,  мүшелік,  организмдік, 
популяциялық, биоценоздық және биогеоценоздық, биосфералық. 
Биосфералық    деңгей  Жер  планетасындағы  тіршілік  атаулыны  
түгелдей  қамтитын  ең  жоғары  деңгей  болып  саналады.  Бұл  деңгейде 
организмдердің  тіршілік  әрекетімен  байланысты    заттардың    барлық  
алмасуы  дүниежүзілік дәрежеде жүреді. 
Организмдердің  айналадағы  ортамен  өзара  қарым-қатынасы  зат 
пен  энергия  алмасуы  негізінде  жүріп  отырады.  Биосферадағы  
заттардың  алмасуы (биологиялық алмасуы) әр түрлі ағзалардың  өзара 
әсері  нәтижесінде  жүреді  де,  олар  бір-бірімен  қоректік  тізбектер 
арқылы байланысады.  


 
 
25 
Тірі  заттегі  -  биосферадағы  тірі  организмдердің  жиынтығы және 
биомассасы. 
В.И.Вернадский 
бірінші 
рет  биосфераның 
тірі 
заттектерінің  жалпы    массасын      есептеп  шығарды  (1015  т).  Алайда,  
бұл    шама    біраз    артық  болып  шықты.  Сондықтан  оны                
Н.И.Базилевич, Л.Е.Родин және Н.Н.Розов  есептеп  шығарды  (1012 т). 
Құрылық   биомассасының негізгі бөлігін жасыл өсімдіктер (99,2%), ал 
мұхитта  —  жануарлар  мен  микроорганизмдер  (93,7%)  құрайды. 
Материк бетіндегі тірі заттектің массасы  мұхит биомассасынан 800 есе 
артық.  Биосферадағы  мекен  етушілер  түрі  және  морфологиясы 
жағынан  әр  алуан.  Қазіргі  кезде  жер  бетінде  организмнің  2  млн-нан 
артық түрі бар. Олардың            1,5 млн-нан астамы жануарлардың, 500 
мыңға  жуығы    өсімдіктердің  түрлері  болып  табылады  Тірі  ағзалар 
дүниесі құрылымы және  биосферадағы  функциялық ролі жөнінен тірі 
организмдердің ең ірі бірлестіктері. Тірі ағзалардың 5 түрі сараланады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет