Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Биосфера қызметінің заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет15/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131
 
Биосфера қызметінің заңдылықтары 
Географиялық  қабық  –  күн  сәулесінің    энергиясы    мен 
органикалық  тіршілік  әрекеттерінен  түзілген  және  литосфера, 
гидросфера,  атмосфера  қабаттарының    өзара  әрекеті  мен  сіңісуі 
нәтижесінде  пайда  болған  табиғи  кешен.  Жердің  тұтас  географиялық 
қабықшасының    қалыптасу  және  даму  заңдылықтарын  танып  білуде  
А.А.Григорьев,  Л.С.Берг,  А.Г.Исаченко  т.б.  көптеген    ғалымдар  өз 
үлестерін қосты. Жер шарының географиялық қабықшасы туралы ілім 
концепциясын 
С.В.Калесник 
 
(1901-1977жж.) 
жасады. 
Ол 
географиялық  қабықшаның  негізгі  заңдылықтарын  тұжырымдады:  
географиялық  қабықтың  тұтастығы,  заттар  айналымы,  ырғақты 
құбылыстар,  белдемдік  (зональность),  бейбелдемдік  (азональность), 
полярлық асимметрия. 


 
 
23 
Заттар  айналымы  –  заттардың  литосфера,  гидросфера    және 
атмосфера,  соның  ішінде  ғаламшар  биосферасына  енетін  қабаттарда 
болып  жатқан  процестерге    бірнеше    рет  қайталап  қатысуы. 
Биосферадағы    химиялық    элементтер  табиғи    ортадан    ағзаларға, 
олардан    қайта  ортаға  үнемі    айналып  жүріп  отырады.  Тіршілікке  
қажетті    элементтер  мен  органикалық  емес  қосындылардың    ортадан 
ағзаларға,  ағзалардан  ортаға  айналуы  қоректік  элементтер  айналымы 
болып  есептеледі.  Қозғаушы  күшіне  сәйкес  зат  айналым  ішінде 
геологиялық,  биологиялық  және  антропогендік  зат  айналымдарын 
бөліп  қарастырады.  Жер  бетінде  адам  пайда  болғанға  дейінгі  кезде 
алдыңғы екі айналым  жүріп отырған. 
Геологиялық    айналым  (табиғаттағы  үлкен  заттар  айналымы) 
қозғаушы күші экзогенді және эндогенді геологиялық процестер болып 
табылатын  айналым.  Эндогенді    процестер    жердің    жылулық 
энергиясы әсерінен жүреді. Ол жер қойнауындағы  гравитациялық және 
радиоактивтік  процестерден,  магманың  қызуы  және  одан  кейінгі 
салқындауынан,  жер  қыртысын  құрастырған  заттар  көлемінің 
өзгеруінен  болады.  Экзогендік  процестердің  негізгі  қайнар  көзі  жер 
бетіндегі  ауа,  су,  литосфера  материалының  қозғалу  энергиясына 
ауысқан  күн  сәулесінің  энергиясы.  Экзогендік  процестер  сыртқы 
процестер,  негізінен  Күн  энергиясы    мен    Жердің    өзіне  тарту 
(гравитация) күшіне байланысты  геологиялық  процестер  жиынтығы. 
Олардан  үгілу  қыртысы,  тотығу  зонасы,  жер  бетінің    борпылдақ  
жыныстары, су айдындарында  түрлі құрамды тұнбалар және бұлармен  
байланысты    пайдалы    қазбалар  қалыптасады.  Бұл  екі  күш  өзара  
қарама-қарсы  әрекет  жасайды  және  олар  әр  жерде  әр  қарқында  ұдайы 
болып  жатады.  Сонымен,  геологиялық    айналым    тірі    ағзалардың 
қатысуынсыз,  биосфера    мен    Жердің    ең    тереңіндегі  қабаттары 
арасында жүзеге асатын айналым болып табылады. 
Биологиялық  айналым  (биосферадағы  кіші  зат  айналымы)  тірі 
ағзалардың  әрекеттері  арқылы  жүретін  зат  айналымы.  Үлкен 
геологиялық  айналымнан    биосфера  шегінде  ғана  жүретінімен 
ерекшеленеді.  Негізгі  энергия  көзі  фотосинтезді  туындататын    күн 
радиациясы.  
Сақтаулы    қорлар  (резервтік  фонд)  орналасуына    қарай  зат 
айналымын  екіге  бөледі.  Бірінші  –  газ  тәрізді  заттар  айналымы.  Оған  
көміртек,  оттек,  азот  сияқты    газдар  қатысып,  шығын  болған  газдың 
орнын  ауадағы  немесе  мұхитттағы  сақтаулы  қорлар  толтырып 
отырады.  Екінші-  шөгінді  заттар  айналымы.  Мысалы,  фосфор  немесе 
темір  тез  бұзылатындықтан  айналымнан  ұзақ  уақытқа  шығып  қалады, 
оларды  қайтадан  зат  айналымына  қосу  үшін  биологиялық  процестер 


 
24
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
жүргізу  қажет.  Бұл  айналымның  сақтаулы  қоры  жер  қабығында 
орналасады. 
Жер  бетінде  адамның  пайда  болумен  байланысты антропогендік 
зат  айналым    немесе  зат  алмасу    туындады.  Антропо-гендік 
айналымның  қозғаушы  күші  адамның   іс-әрекеттері   болып  табылады. 
Геологиялық  және  биологиялық  зат  алмасулар  салыстырмалы    түрде  
тұйық    болып    саналады.  Антропогендік  айналым  тұйық  
болмағандықтан    негізінен    антропогендік  зат  алмасу  деп 
қарастырылады  және  де  табиғи    ресурстардың    азаюына,  табиғи 
ортаның  ластануына  әкеліп  соғады.  Бұлар  адамзаттың    экологиялық 
проблемаларының негізгі себептері болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет