Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Халық  Демография  Жастық топтар



Pdf көрінісі
бет63/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131
Халық 
Демография 
Жастық топтар 
Туу – өлім миграция 
Қоршаған  орта 
экономика 
атмосфера 
энергия 
өндіріс 
тұтыну 
су 
топырақ 
сауда 
қаржы 
Үкіметтің қаулылары 
Экологиялық  
Әлеуметтік 
Экономикалық 


 
 
87 
ұлттық  саябақтар  ұйымдастырылғаны    белгілі.  Ресейде  1874  жылы 
Аскания – Нова ұлттық бағы құрылған болатын. 
Қазіргі    кезде  жер  шарында  қорықтарға  қарағанда  ұлттық 
бақтардың  саны  әлдеқайда  көп.  Оның    себебі,  шет    елдерде  қорықтар 
аймақтары  шектелген    табиғат  қорғау  жүйесі  болғандықтан,  табиғатты 
қорғау  үшін ұлттық   бақтар  ұйымдастыру  әлдеқайда  ұтымды  екенін  дер 
кезінде  түсіне  білді.  Шын  мәнінде,  табиғатты  қорғау  оның  аймағымен 
шектелмеуі  тиіс,  керісінше  барлық  жер  адам  баласы  үшін  саялы  бақ, 
құтты  қонысы  болуы  керек.  Осы  орайда,  Канада,  Африка,  Австралия, 
Англия,  т.б.  өркениетті  елдерде  мемлекеттің  барлық  аумағы  ұлттық 
байлық  деп  қорғауға  алынған.  Мәселен,  Англияның    кішкене  ғана 
жерінде 189 ұлттық қорықша, 10 ұлттық саябақ, 81 корольдік  қорықтар  
болса,  ал    Германия      жерінде    735  қорықшалар,  400-ден  астам 
ландшафтық  аймақтар,  9100  табиғат  ескерткіштері  бар.  Сол  сияқты 
Франция  жерінде  22  ұлттық  парк,  20  қорық  бар  екенін  ескерсек,  
жоғарыдағы  «өркениетті»  елдердің    табиғатты  жоғарғы  деңгейде 
қорғайтынын байқауға болады. 
Бұрынғы  Кеңес  үкіметінің  жағдайына  тоқталсақ,  КСРО,  қазіргі 
ТМД елдері  бойынша  141  мемлекеттік  қорық, 2700 қорыққор, 12 ғана 
ұлттық  саябақ,  бірнеше  мың  табиғат  ескерткіштері  болған.  Әрине,  шет 
елдермен салыстырғанда бұл өте аз. Оның да өзіндік себептері бар. Десе 
де,  табиғат  қорғау  ісінде  шетелдік  тәжірибелер  мен  парасатты 
көзқарастарымыздың жетпей жатқанын мойындауымыз тиіс. 
Ал,  Қазақстан  Республикасы  бойынша  9  мемлекеттік  қорық,  66 
қорыққор ( оның 44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 палентологиялық ), 6 
ұлттық парк  және  24-тен  астам  табиғат  ескерткіштері  бар.  Әрине,  біздің 
аумақтың  көлеміне  шаққанда  қорғалатын  жерлер  барлық  жердің  3% 
пайызын  қамтиды.  Мұның  өзі  табиғат  қорғау    проблемасының  өз 
шешімін  таппай  отырғанын  көрсетсе  керек.  Дегенмен,  республикамызда 
қорықтар ұйымдастыру  соңғы  жылдары  қолға алына бастады. Мәселен, 
соңғы жылдары  Батыс Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастырылуы, 
Алтынемел,  Ордабасы,  Қарқаралы,  Іле  Алатауы  ұлттық    парктерінің 
құрылуы осының айғағы болса керек. 
Негізінен    ландшафтарды    қорғаудың    10  категориясы  бар: 
қорықтар,  қорыққорлар,  ұлттық    саябақтар,  табиғат    ескерткіштері, 
қорғалатын    ландшафтар,  табиғат    ресурстарының    қорыққорлары, 
биосфералық  қорықтар,  микроқорықтар  (  омыртқасыз  жәндіктер  мен 
өсімдіктерге арналған ),табиғат нысандары  және көп мақсатта  қорғауға 
алынған жерлер. 
Қорықтар  -  бұл    табиғат    нысандарын    қорғаудың  ең  жоғарғы 
формасы. Қорық аймағы  шаруашылық  айналымынан  босатылып, онда  
кен  өндіру  мен  құрылыс    жұмыстарын    жүргізу,  аң-құс    атып,  балық 


 
88
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
аулау,  шөп  шабу  мен  мал  жаю  және  ағаш  дайындау  сияқты  табиғат 
байлықтарын  нұсқан  келтіретін  әрекеттерге    тыйым  салынған.  Сонымен 
қатар,  қорық  жеріне  улы  химикаттарды    шашуға  және  басқа  жерлердің 
өсімдіктері  мен  жануарларын    жерсіндіруге    болмайды.  Бір  сөзбен 
айтқанда,  қорық    ұйымдастырылған    жердің    табиғаты,  сол  аймақтың 
ландшафттық-географиялық    белдеуінің  үлгісі  ретінде  қорғалуы  қажет. 
Бұл  жерлердегі  экологиялық  процестердің барлығы  адам араласуынсыз  
табиғи  жағдайда  өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі  ғана. Сол  
себепті  де  қорықтарды  соңғы  кезде  ашық  аспан  астындағы  нағыз 
«табиғат  зертханасы»  деп  те  атап  жүр.  Өйткені,  мұнда  ұзақ  жылдар 
бойына табиғат комплекстерін табиғи  жағдайда  ғылыми  терең  зерттеу, 
«табиғат  жылнамаларын » жүргізу сияқты  алуан түрлі жұмыстар  жүзеге  
асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып  кетуге жақын тұрған  
жануарлар  мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып  қоймай,  
өлкеміздің  көрікті  табиғат  ландшафттары, жалпы табиғат кешендері сол 
қалпында  сақталады.  Міне,  сондықтан  да  болашақ  ұрпаққа  табиғат 
байлықтарын  көркейген  қалпында    табыс  етуде  қорықтардың  алатын 
орны ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет