Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Тұрақты даму мақсаттарына жету механизмдері



Pdf көрінісі
бет77/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131
Тұрақты даму мақсаттарына жету механизмдері 
Тұрақты  дамуға  арналған  қозғалыстардың  деңгейлік  алғы 
шарттарының  жиынтығын Қазақстан дамытуда. Бұл табиғи қорлардың 
байлығы,  тіршіліктің  кеңістік  масштабтары  және  аумақтың 
экологиялық  сиымдылығы,  өнеркәсіптің    даму  деңгейі,  білім  және 
ғылым, ұлттық мәдениет, мінез-құлық және ішкі рухани дүние, тарихи 
түбірлер және т.б.  
XXI  ғасырда  Қазақстан  Республикасы  терең  әлеуметтік, 
экономикалық және экологиялық сфералардың дағдарыс шарттарымен 
сипатталады.  Реформалардың  айқындалған  бағыты    аясында    барлық  
қоғамның    бірігу  жолдарында  дағдарыс  жойылуы  мүмкін. 
Қазақстанның  тұрақты  даму  моделіне  өтуі  ұлттық    байлық,  рухани-
өнегелі  құндылық  және  адам  білімі  үшін  өте  маңызды  өлшем  болып 
табылады.  Қоғамдық    түрде  мақсатқа  жету    концепциясы    мына 
қағидалық    мақсаттардың  шешімдеріне  тиісті  екенін  алдын  ала  ескеру 
қажет: 
-  елдің  бүгінгі  әлеуметтік  -  экономикалық  дағдарыстан  шығуын 
ескеру қажет; 
-  экономикалық    өсу  шегі  барысында  шаруашылық  қызмет 


 
 
109 
кағидасының экологизациясын және әлеуметтік проблемалардың 
шешімдерін іске асыру; 
-  биосфераның  бұрынғы  қалпына  келуін  қамтамасыздандыру 
және  сақтау,  оның  жергілікті  экожүйелердің  келешек  ұрпақ 
қажеттіліктеріне  хабардар  болуында    табиғи    ресурстардың  
деңгейлік күй-жағдайын есепке алу; 
-  экологиялық  қауіптілік  туралы,  табиғаттың  шек  қойылған 
мүмкіншіліктеріне  халық  білімінің  деңгейін  көтеру,  тіршілік 
игілігін  және  табиғи  қорларды  үнемді  қолдану  қажеттілігін 
айқындау. 
Мұндай  тұрақты  даму  үлгісіне  Қазақстанның    өтуі  осы  заманғы 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
экологиялық 
жағдайлармен 
анықталады,  сонымен  қатар  нақты  ұлттық  әрекеттердің  жоспарына 
негізгі  қағидаларды  енгізу  қажет.  Бұл  концепция    жоспар  кұруға  
арналған  әрекеттердің  негізгі  бағыты  ретінді  анықталуы  қажет. 
Айқындалған    жоспарда    нақтылы  және  конструктивті  түрде  тиісті 
мақсаттық  бағдарлар  және  жақын  арадағы  және  болашақта  даму 
механизмдерінің  ашылуы,  олар  қойылған  мақсаттың  кезеңді 
орындалуын,  Қазақстан  Республикасының  дағдарыстан  шығуын 
тұрақты даму үлгісіне өтуін қамтамасыз етеді. 
           Тұрақты  дамуға  өтудің  мәні  экономикалық,  әлеуметтік  және 
экологиялық  проблемалардың    жинақталған  шешімінде  ғана  емес, 
қоғамның  рухани-өнегелі  құндылықтардың  жаңа  жүйесін  кұруында 
және  құру  мақсаттарының  ақыл-ой  сфераларына  (ноосфера)  жетуінде. 
Бұл  ең  алдымен  қоғамның  құндылық  жаңа  жүйелерін  және  ойлаудың 
жаңа бейнесін жасау және оны халықпен  қабылдануы.  
Тұрақты  даму  мақсаттарының  жету  негізіне  -  қоғам,  табиғат, 
шаруашылықтың қосылған даму механизмдері бекітіледі.  
Бастапқы кезенде тұрақты дамудың жалпы идиологияларына заң 
шығаратын  және  нормативті  актілердің  жүйесі  қосылады.  Келесі 
кезеңдерде, экономикалық және әкімшілік   нормативті заңға сүйенген 
тұрақты  даму  мақсаттарының    орындалу    кезеңі.  Онда    жүйелердің  
қаражаттық және салық  экологизациясын, кұрылысты, инвестициялық 


 
110
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
және  сыртқы,  экономикалық    саясатты  жүзеге  асыру    қажет. 
Әлеуметтік – экономикалық  жүйе басқаруларының  үлгі құруларында 
келесі шарттар тиісті сақталу керек: 
-  егер  пайдасы  оның  себебінен  болатын  зиянның  шамасынан  
артпаса, ешқандай іс жүзіндегі қызмет ақталған емес; 
-  экономикалық  және  әлеуметтік  факторларды  есепке  алып  кез-
кезген  зиянды  қызмет  мүмкіндігінше  ең  төмен  деңгейде  болуы 
тиіс (қызметті ықшамдау); 
-  егер  кез-келген  адам  қызметі  үшін  шамадан  тыс  тәуекелде 
болса,  тіпті  егер  бұл  қызмет  қоғам  үшін  пайдалы  болса  да,  ол 
қызмет ақталмайды. 
Тұрақты  даму  үлгісіне  жақындауға  арналған  бағалау  дәрежелері 
және  нәтижеліліктің  мақсаттық  бағдарлар  және  шек  қоюларға    тиісті 
орналастырулар    және    олардың    жетілуінің  қоғамдық  бақылау 
қағидаларын  анықтау.  
Мақсатты  нысана,  өмір  сапасын  сипаттайтын,  экономикалық 
даму 
деңгейін 
және 
экологиялық 
амандықты 
сипаттайтын 
көрсеткіштермен  белгіленеді.  Бұл  көрсеткіш  деңгейлерге  тиісті 
сипаттама беріп, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, әскери және 
кез-келген  басқа  аспектілерде  Қазақстан  Республикасының  қауіпсіз 
дамуын мүмкіндігінше қамтамасыздандыру қажет. 
Қорытушы  көрсеткіш  болып  экологиялық  амандыққа  қоғамның 
көңіл  бөліп,  табиғат  қорғаушы  өнімдердің  орындалуына  бағытталған 
шығарылушы  жалпы  ішкі  өнімнің  көлемімен  салыстырмалы 
құралдардың  мөлшері  болуы  мүмкін.  Табиғи  ресурстардың  шамасын 
орынды  қолдану  және  сақтау  проблемаларын  шешу  кезінде 
өндірістердің  бөлек  түрлерінің  және  технологиялардың  табиғи 
сыйымдылық  көрсеткіштері  және  табиғи  қорлармен  қамтамасыздық 
көрсеткіштері  алынады.  ¥сынылып  отырған  шек  қою  және  оларды 
сипаттайтын  көрсеткіштер  қоршаған  табиғи  ортаға  шекті  рұқсат 
етілген  жасанды  әсерлердің  тигізетін  әртүрлілігінде  анықталған  болуы 
керек.  Олардың  шешімдерін  қабылдау  механизмдері  экономикалық, 
әлеуметтік  және  экологиялық  аймақтарындағы  зардаптарды  тиісті 


 
 
111 
есепке алынуын және шығындардың толық бағалануын  ескеру қажет. 
Қызметтің  маңызды  бағыты  -  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  етумен 
экологиялық  білім  деңгейін  және  халықтың  мәдениетін  жоғарылату 
болып келеді.  
Тұрақты даму үлгісіне өту - өте ұзақ процесс. Бұл процестің ұзақ 
жалғасуы  осы  «тұрақты  даму»  ұғымының  мәнінде  көрсетілген.  Осы 
ойлардың  орындалуы  келешек  ұрпақ  назарын  болжау  шартына 
енгізілген  болуы  мүмкін.  Үздіксіз  тұрақты  даму  үлгісіне  өту  процесі 
қоғамның  даму  өлшемімен  тұрақтылық  даму  туралы  ұсыныс  түрі 
өзгертіледі  деп  нақты  айтуға  болады.  Бүгінгі  ұсынулардың  аясында 
тұрақты дамуға өту концепциясының орындалуы үш кезеңнен тұрады: 
бірінші  кезеңде  бірінші  кезектегі  мақсаттарды  шешу  қажет. 
Әлеуметтік-экономикалық 
дамуды 
тұрақтыландыруды 
тиісті 
мақсаттарының  бір  уақытта  шешімі  жанында  нормативті  заңға 
сүйенген  базаның  шаруашылық  қызмет  экологизациясымен  және 
шұғыл  мақсаттардың  шешімінде  төтенше  экологиялық  жағдай 
аймақтағы қоршаған орта денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету. 
екінші  кезеңде  тұрақты  дамудың  негізгі  элементтерінің 
орындалуы. 
Әлеуметтік-экономикалық 
даму 
процесінің 
экологизациясымен  және   қамтамасыз етумен коршаған ортаның күй-
жағдайының нормативті деңгейіне еліміздің қалыптасу деңгейі. 
үшінші  кезең  қоғамның,  табиғаттың  және  шаруашылықтың 
дамуын  үндестіру  проблемасының  тиісті  түрде  шешілуі.  Бұл  дәуірді, 
Қазақстан Республикасына тұрақты жалпы сипаттама деп қарастыруға 
болады.  Алдын  ала  екі  кезеңге  ескерілген  шаралармен  Қазақстанның 
тұрақты даму процесі жүзеге асады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет