Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет79/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131
3 – кесте 


 
114
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
Ластаушы компонент 
Отын түрі 
Тас 
көмір 
Қоңыр 
көмір 
Мазут 
Табиғи газ 
Күкірт газ. 
Азот оксидтері. 
Қатты бөлшектер. 
Фтор қосылыстары.  
6,0 
21,0 
1,4 
0,05 
7,7 
3,4 
2,7 
1,11 
7,4 
2,4 
0,7 
0,004 
0,002 
1,9 


  
Өнеркәсіптік    қызмет    нәтижесінде  ауа  күкірт  тотықтарымен, 
фенолдармен,  формальдегидтермен,  қатты    бөлшектермен    және  
қорғасынмен    ластанған.  Семей  ядролық    полигонында  1989  жылға 
дейін  470  ядролық  жарылыс  жасалып,  300  000  га  территорияда 
радиоактивті жауын-шашын түскен. 1997 ж бағалы қылқан  жапырақты  
ормандардың    үлкен    территориясы  өртеу  әсерінін  жойылды.  Бұл 
биоалуантүрліліктің    кемуіне  әкеліп  соқтырды.  Ал    оңтүстік  аймақтар 
тұрақты  сумен    қамтамасыз  етуді  қажет  ететін  ауылшарушылық 
бағытымен  сипатталады.  Оңтүстік  аудандардағы  негізгі  экологиялық 
мәселелер  су  ресурстарының  жетіспеуі,  су  көздерінің  шайынды 
сулармен    ластануы,  жайылымның  деградациясы, табиғи  және  мәдени 
ескерткіштердің  бұзылуы.  Бұл  аймаққа  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік 
Қазақстан  және  Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 
5  млн.  Негізгі  қызметі  ауылшаруашылығы.  Ол  суару  үшін  Арал  және 
Алакөл-Балқаш бассейінінің өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың 
біраз бөлігі ауа – райы күрт континентальды шөл аймағында жатыр.  
Ауылшаруашылығының    ұлттық    өнімділігіндегі  үлесі  12% 
пайыз. 1990 жылы мал  шаруашылығындағы, ауылшаруашылығындағы  
өнімнің    61%  пайызын    құраса,  ал  1996  жылы  бұл  көрсеткіш  38% 
пайызға  дейін  кеміп  кеткен.  Суармалы  жерлер  17 млн  га  жерді   алып  
жатыр.  Бірақ  оның  көлемі    тұздану  мен  өнімділігін  жоғалту 
нәтижесінде үнемі кеміп келеді. 
Аймақтың экологиялық мәселелері негізгі су ресурстарын тиімсіз 
пайдаланумен,  ластануымен    байланысты.  1980-1996  жылдар 
аралығында  10  млн  га-дан    астам    жайылымдық  жерлер  өнімділігін 
жоғалтып, 17 млн га егістік жерлер өндірістен шығарылды. 
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал  
теңізінің    кеуіп  қалған  түбінен  сарапшылардың    мәліметтері  бойынша 
50-70  мың  тоннадан  астам  тұз  көтерілуде.  Ауыз  судың  сапасының 
нашарлығы  балалар  арасындағы  инфекциялық  аурудың  жоғары 
болуына әкеліп соқтыруда. 
Су  ресурстарын  тиімсіз  пайдалану,  Қытайға  судың  көптеп 
берілуіне  байланысты  Балқаш  көліне  де  Арал  тағдыры  тууы  мүмкін. 
Қазір  су  ресурстарына  деген  қажеттілік  50%  пайызға  ғана  орындалып  
отыр.  Аймақтың  әлеуметтік  және  экономикалық  дамуы  экологиялық 


 
 
115 
мәселелермен  тығыз  байланысты.  Халықтың    ауруға  шалдығу  деңгейі 
соңғы жылдары  2-3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15.3 – 
ке  кеміген.  Балалар  өлімінің  деңгейі  мыңға  шаққанда  30.4  құрайды. 
Негізгі  себеп  –  суға  байланысты  аурулар.  Экологиялық  жағдайлар 
аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуына кедергі келтіреді. 
Қазақстандағы өоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды 
сараптай  және  қорытындылай  келе  ұлттық  деңгейде    ең  алдымен 
шешуді  талап  ететін  маңызды  экологиялық  мәселелерге  мыналар 
жатады: 
1.  Су ресурстарының тапшылығы 
2.  Жайылымдар мен егіс танаптарының азаюы 
3.  Урбанизацияланған 
территориялардың 
атмосфералық 
ауасының ластануы 
4.   Мұнай өндіретін аймақтардағы қоршаған ортаның ластануы 
5.   Қоршаған ортаның  өндірістік  және  тұрмыстық  қалдықтармен 
ластануы 
6.  Ормандармен  ерекше  қорғауға  алынған  территориялардың 
жетіспеуі 
7.  Су қорларының шайынды сулармен ластануы 
8.  Радиациялық ластану    
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет