Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН  ТҰРАҚТЫ  ДАМУ  ЖОЛЫНДА



Pdf көрінісі
бет78/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131
ҚАЗАҚСТАН  ТҰРАҚТЫ  ДАМУ  ЖОЛЫНДА 
Қазақстанның экологиялық жағдайлары, алдын-алу 
шаралары 
Қазақстаның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Батыстан шығысқа  
қарай -  2.925 км  ( Каспий теңізімен орал ойпатынан Алтайға дейін ), 
солтүстіктен    оңтүстікке  қарай  Батыс  Сібір  жазығымен  Орал 
тауларының  жоталарынан  Тянь-Шань  тауларымен  Қызылқұм  шөліне 
дейін  1600  км.  Қазақстанның  жалпы  ауданы  (2.7  млн.  шаршы  км  ) 


 
112
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
Франциядан  5  есе  артық.  Бірнеше  ландщафтық  белдеулер  мен  белдеу 
тармақтары  бір-бірін    алмастырады:  орманды  дала  (6  %),  дала  (28  %), 
шөлейт  (18  %  ),  шөлді  (40  %).  Қазақстанның  оңтүстік  шекараларын 
биік  таулар  көмкеріп  жатыр.  Қазақстан  халқы  16  млн-нан    астам  
адамды    құрайды.    Адам  іс-әрекетінен  пайда  болған    экологиялық  
проблемалар    Қазақстанды    да  шет  қалдырған  жоқ.  Еліміздегі    
экологиялық    аймақтар  пайдалы  қазбаларды,  жер  ресурстарын  тиімсіз 
игеру,су,  ауа  компоненттерінің  ластануы және  тірі  ағзалардың  әртүрлі 
ауру  көздеріне    айналуы    экологиялық  зардаптардың  белең  алуынан 
туындауда. 
Каспий  маңы,  мұнай  өндіру  мен  өңдеу  салаларына  маманданған 
облыстар    аймағына  Қазақстанның  негізгі  мұнай  өндірушілері  болып 
табылатын  Атырау  және  Маңғыстау  облыстары  жатады.  Халқының 
саны  1.47  млн,  адам  немесе  халықтың    5  %  пайызынан  кем  бөлігін 
құрайды.  Ал  ұлттық  өнімнің  шамамен  16  пайызын  береді.  Каспий 
теңізінің  солтүстігінде    мұнай  қоры  –  3-3.5  млрд.  тонна  және  газдың 
қоры – 2-2.3 м³. Ағымдағы  мұнай өндіру барлық қордың 1 % құрайды. 
1996 ж  елдің  мұнай  өндіру  саласын қаржыландыру жүргізілді, жақын 
жылдары одан да артады. 
Каспий    теңізінде  бағалы  балық  бекіре    мекен  етеді.  Ол  ең 
жоғарғы  саналы  уылдырықтың    95  пайызын  береді  де,  оның  санын 
кемітеді.  Сондықтан  биокөптүрлілікті  сақтау  мәселесіне  көңіл 
аударылуы керек. 
Қазақстанда  мұнай  өндіру  100  жылдан  бері  жүргізіліп  келеді. 
Ескірген  технологияларды  қолдану  орасан  зор  экономикалық 
шығындар  мен    қоршаған  ортаның  бұзылуына  әкеліп    соқтырды. 
Топырақтың    деградациясы,  судың  мұнаймен  ластануы  адамның 
денсаулығына  және  экожүйелерге  әсер  етіп,  шөлдену  процесінің 
жүруіне,  биокөптүрліліктің  жойылуына  әсер  етуде.  Тыныс  алу 
жолдарының  қабыну  аурулары  мұнай  өндіретін    аудандардағы  орташа 
саны  облыспен  салыстырғанда  жоғарғы  канцерогенді  көмірсутектің 
концентрациясының    жоғары  болуы  бұл  зонадағы  қатерлі  ісіктен 
болатын  өнімнің  басқа  аймақтармен  салыстырғанда  2-4  есе  жоғары  
болуына  әкеледі.        Мұнай  өндірілген  жылдары  5  млн  тоннаға  жуық 
мұнай  төгілген.  Бұл  грунт  пен  беттік  судың  ластануына  өсімдіктің 
жойылуы  мен  адамның  ұшқыш  органикалық  қосылыстармен 
ластануына әкелді.  
Еліміздің  шығыс  облыстары  өнеркәсібі  жоғары  дамыған  аймағы 
ірі, түсті  және қара металлургия, энергетикалық кешені шоғырланаған. 
Бұл  аймақтағы  мәселелер  қоршаған  ортада  өндірістік  қалдықтардың 
жиналуы,  урбанизацияланған,  территориялардағы  атмосфералық 
ауаның  ластануы,  ормандардың  деградациясы  қорғауға  алынған 


 
 
113 
территорияның жеткіліксіздігі. Бұл аймаққа Солтүстік шығыс облыстар 
– Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады.  Халқының 
жалпы  саны  7  млн  –  нан  астам.  Аймақ  тау  -  кен  өндіру  көмір 
өнеркәсібімен  жылу  энергиясын  өндіретін  орталық  болып  табылады. 
Аймақтың  экономикасында  ауыр  өнеркәсіп  маңызды  орын  алады. 
Территорияның басым бөлігін (4 млн. га  ) ормандар алып жатыр, бұл 
бүкіл  Қазақстанның  орман  ресурстарының  50  пайызын  құрайды. 
Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.  
Ертіс,  Нұра,  Есіл  өзендерінің,  бассейндерінің  су  ресурстары 
негізгі су көзі. Шығыс Қазақстан  облысында Семей ядролық полигоны 
орналасқан.  Аймақтың  экономикасының    дамуына  ресурстардың  күйі 
әсер    етеді.  Ертіс  және  Нұраның  өзен  бассейндері  4.1млн    халықты 
сумен  қамтамасыз  етеді.  Және  ішкі  өнеркәсіптік  қажеттілік  үшін  1700 
мВт    энергия  өндіреді.  Бассейн  аралы  су  беруді  жоспарлау  Қара 
Ертістен  суды  Қытай  халық  Республикасына  беру  мәселені 
шиеленестіруі  мүмкін.  Тек  бір  Шығыс  Қазақстан  облысында  1.5  млрд 
тонна  улы  өнеркәсіп  қалдықтары  сақталған.  Олар  32  га  жерді  алып 
жатыр. Бірнеше жыл бұрын  Нұра  өзенінің  суын пайдалану 25 жылдан 
бері  сынаптың  жиналуы  себепті  тоқтатылған.  Су  түбінде  ластану 
мөлшері  200  мг/кг  құраған.  Ертіс  өзеніне жалпы  ластану  және  Шығыс 
Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қаупі төндіруде. 
 
 
Қазақстандағы энергетика өндірістері 
2 – кесте  
№ 
р/с 
Іске 
қосылған 
жыл 
Өндірістер 
1. 
 
 
2. 
3. 
 
 
4. 
5. 
6. 
1950-1960 
 
 
1966-1970 
1971-1975 
 
 
1973 
1976-1980 
1981-1985 
Жезқазған ЖЭО, Өскемен СЭС, Бұқтарма СЭС (бірінші 
агрегаты), 
Шардара СЭС, 
Қапшағай СЭС, Жамбыл және Ақсу ГРЭС 
Ақтау АЭС (қуаты 150 мың кВт электроэнергия), 
 
Екібастұз ГРЭС-1,2 энергблогі, 
Екібастұз  ГРЭС-1,  ГРЭС-2  (толығымен  іске  қосылды), 
Шульба СЭС. 
 
 
Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС-нан атмосфераға тасталатын 
зиянды заттардың мөлшері, г/кВт сағ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет