Әдебиеттер тізімі:
1.
Т. Абдрахманова. Поэтика Касыма Аманжолова. - Алма-Ата, 1985.
2.
Писатели Казахстана: справочник Алма-Ата, 1982.
3. Память о нем не меркнет. К 110-летию поэта Касыма Аманжолова//
Казахстанская правда. 2011. 8 сентября.
4.
Попов Ю.Г. Календарь Касыма Аманжолова// Индустриальная
Караганда. 2011. - 14 мая;21 мая.
5. К. Аманжолов. Стихи и поэмы. Алма-Ата, 1958.
93
Қазақстандықтар – Ұлы Отан соғысының
қаһармандары (1941-1945 жж.)
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
доценті, т.ғ.к.
М.Ж. Сүлейменова
1941 жылы 22 маусымда Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл
бастады. КСРО-ға шабуыл жасау үшін құрылған фашисттік блоктың Қарулы
күштерін топтастыру саны 5 млн. адамнан астам 190 дивизияға есептелген.
Фашисттік блок әскерлеріне саны 3 млн. адам болатын 186 дивизисы бар
Кеңестік қарулы күштері қарсы тұрды.
Фашист идеологтары өз «империясының» шығыс жағында «Түркістан»,
«Еділ-Орал» деп аталатын буржуазиялық мұсылман мемлекеттерін құру
жоспарын жасады. Келешектегі «Үлкен Түркістан» колониясы картасының
жобасы әзірленді. Жобаға Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұрстан,
Азербайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Синьцзян, Ауғанстан мен Иранның
солтүстік бөлігі енді. Фашист әскерінің жоспарының жүзеге асуына Кеңес
одағының бүкіл халқы көтерілді. Бұл соғыс тарихқа Ұлы Отан соғысы деген
атаумен енді.
Қазақстан соғыста КСРО құрамдас бөлігі ретінде қатысты. Сондықтан
көптеген ғалымдардың көзқарасы тұрғысынан тәуелсіз Қазақстан үшін Ұлы
Отан соғысы біздің тарихымыздың бір бөлігі болып тпабылады.
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық
маңызды шайқастарға қатысты.
Бастапқыда шекарашылар дұшпан әскерлерімен, сондай-ақ Кеңес
Армиясының батыс шекарашылар әскери округінің құрамасы мен бөлімдерінің
солдаттары мен офицерлері қоян-қолтық ұрысты. Солардың қатарында
мыңдаған қазақстандықтар болады.
Брест маңыңдағы ұрысқа бірінші болып қатысқандардың қатарында
шекарашылар Г.Әбдірахманов пен В. Лобанов, атқыштар В.Горянов пен
К.Иманқұлов, артиллерист Г.Жұматов, минометші В.Фурсов болды. Еліміздің
солтүстігінде болған шайқаста Кеңес Одағының батыры С.Гуденко,
пулеметшілер К.Қайдаров, Г.Оқасов, К.Теміржановтар батыл ерлік жасады.
Киев бағытындағы ұрыста Павлодар облысының тумасы генерал-майор
К.А.Семенченконың басшылығымен 19-танк дивизиясы табан аудармай
шайқасты, ал генерал-майор К.А.Семенченкоға Кеңес Одағының батыры атағы
берілді.
1941 жылы маусымда Минск облысының Радошковичи кентінде екі
бомбалаушы экипаждың – Н.Ф.Гастелло мен А.Маслов (оның құрамында біздің
жерлесіміз Б.Бейсекбаев та бар) дұшпан әскеріне бомба жаудыра отырып,
94
зақым алғаннан кейін өздерінің ұшақтарын немістің танк колоннасы
шоғырланған жерге бұрып жіберді, осылайша дұшпан әскерін елеулі шығынға
соқтырды. Н.Ф,Гастеллоға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы
берілді. 1951 жылы басқа экипаждың сүйектері табылды. Тек 1990 жылдардың
соңында ғана тарихи әділеттілік қалпына келтіріліп, Б. Бейсекбаевқа Ресей
Қаһарманы және Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атағы берілді
[1].
Қазақстандық батырлар Мәскеу түбінде жан аянбай шайқасты. 1941
жылдың күзіне қарай дұшпан әскері Прибалтиканы, Белоруссияны,
Молдавияны, Украинаның біраз бөлігін басып алды, Ленинград пен Қырымды
қоршауға алды. Неміс әскері жедел әдістермен басты бағыттағы кеңес әскерін
талқандау мақсатында «Тайфун» операциясына дайындықты бітіруге және қыс
түскенге дейін соғысты жеңіспен аяқтауға жанталасты. Сол кезде Германия
әскері Кеңес әскерінен 1.4 есе, танкіде – 1,7 есе, қару-жарақ пен миномет
бойынша – 1,8 есе, ұшақтар бойынша – 2 есе артық еді [2].
Мәскеу қаласын қорғауға әскери бөліктерге бөлінген Можайск қорғаныс
сызығы маңызды роль алды. Малоярославский әскери бөлімде полковник
А.Ф.Наумов басшылығымен Ақтөбелік 312-атқыштар дивизиясы орналасты.
Дивизия бір апта бойы үш-төрт дивизияға қарсы табанды қорғаныста
шайқасып, Нара өзеніне қарай шегінді, сол кезде оның құрамынан екі атқыштар
полкі шығып қалды, ал үшіншісінде үш жауынгер ғана қалды. Басқа екі
құраманың қалған әскерлерімен бірге 312-дивизия бөлімшесі жаңа 53-
дивизиясы болып құрылды, соғысты Вена түбінде аяқтады.
Мәскеуді қорғауда генерал-майор И. В. Панфилов және полк комиссары А.
С.Егоровтың басшылығымен 316-атқыштар дивизиясының атағы кеңінен
жайылды. Жеке құрам дұшпан әскерінің танктеріне тегеурінді қарсылық
көрсетті. 1941 ж. 16 қарашада Дубосеково разъезінде 18 әскери машинаның
көзін жойған және шығысқа қарай жауды жібермеген 1075-атқыштар полкінің
танкіге қарсы жойғыш әскери тобының ерлігі бүкіл әлемге аян.
Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков барлық майдан
даласына тараған жалынды сөз айтты: «Ресей кең-байтақ, шегінуге болмайды,
артымызда — Мәскеу». 316-атқыштар дивизиясының әскері дұшпан әскерімен
26 қазан мен 18 қараша аралығында батыл шайқасты. 1941 ж. 18 қарашада
генерал-майор И.В. Панфилов мина жарықшағымен жараланып, госпитальға
апара жатқан жолда қайтыс болды. 1942 ж. 12 сәуірде оған Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді.
Мәскеу үшін шайқаста И. В. Карпов басшылығымен атқыштар полкінің
және аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басшылығымен батальонның
панфиловшы-жауынгерлері айрықша төзімділік пен табанды ерлік көрсетті.
1073-
атқыштар полкінің 1-атқыштар батальонының командирі Момышұлы
өзінің табандылығымен және қайсарлығымен генерал Панфиловтың және қол
астындағы адамдардың жоғары сеніміне ие болды. Ол соғыстың аяғына қарай
9-
гвардиялық атқыштар дивизиясының командиріне және полковник атағына
дейін көтерілді. Бауыржан Момышұлы Қызыл Ту орденімен және 1 дәрежелі
Отан соғысының орденімен, «Ұрыстағы ерлігі үшін», «Мәскеуді қорғағаны
95
үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдерімен марапатталды. Ленин
орденіне және Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды. 1990 ж. 11
желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың және ҚазКСР әскери комитетінің
генерал-майор Б.Ярмухамедовтың ұсынысы бойынша бұл атақ даңқты айбынды
батырға тек қайтыс болғаннан кейін ғана берілді [3].
Дивизия дұшпанның қарулы күштерімен төрт рет шайқасқа түсті.
Панфиловшылар бір ай бойы Мәскеу түбіндегі үздіксіз шайқаста гитлерлік
армияның 2-танкілі, 29- моторлы және 11 мен 110-жаяу әскерінің дивизиясын
талқандады.
Мәскеу түбіндегі шайқастағы аңызға бергісіз ерліктерін Үкімет жоғары
бағалады, 316-атқыштар дивизиясын 8-гвардиялық дивизияға ауыстырды,
Қызыл Ту орденімен марапаттады. Жеке құрамның өтініші бойынша өздерінің
даңқты командирінің атымен аталды. Дивизияға Старой Русстан Холмға дейінгі
«қар жорығындағы» батыл әрі айлалы әрекеттері үшін (1942 ж. қаңтар-ақпан)
Ленин ордені берілді, ал шығыс және орталық Латвиядан жауды тас-талқан етіп
қуып шыққаны үшін - «Рижская» құрметті атағы, Риганы азат еткені үшін 2-
дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.
Генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның 23-
гвардиялық атқыштар полкінің автоматшысы Төлеген Тоқтаровтың ерлігі ел
есінде мәңгі сақталады. 1942 ж. 10 ақпанда Т.Тоқтаров Бородино селосында
орналасқан неміс штабына баса-көктеп кіріп, 4 неміс офицерінің көзін жойды.
Шайқастардың бірінде жүздеген офицерлердің көзін жойды, өзі қаза тапты.
Қазақстанның ұлттық батыры Төлеген Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін Кеңес
Одағының батыры атағы берілді. Батырдың атымен Өскемен және Лениногорск
қалаларындағы орталық көшелердің бірі аталады.
Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллиннің басшылығымен
автоматшылар тобы жау танктерінің көзін жойып, өз бөлімшесін қоршаудан
алып шықты. Неміс фашисттерімен болған ұрыстардағы әскери ерлігі үшін М.
Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ока өзінің маңында, Серпуховтың түбіндегі Воронин деревнясында жас
коммунист, автоматшы Рамазан Амангелдіұлы қаза тапты, ол қазақ халқының
ұлттық батыры Амангелді Имановтың ұлы еді. Дұшпан әскерімен соңғы
шайқасында 13 фашисттің көзін жойды. Амангелдиев 238-атқыштар
дивизиясының жауынгері еді, шабуылдағы батыл шешімі мен қайсарлығы
үшін, жеке құрамды ұйымдастыруы мен тәртібі үшін 1942 ж. 3 мамырында
Қызыл Ту орденімен марапатталды. «Блицкригтің» құлап қалуы, гитлерлік
армияның жеңімпаздығы туралы аңыздың тас-талқан болуы, Кеңес
Армиясының стратегиялық бастамасы Ұлы Отан соғысының барысы туралы
түбегейлі бетбұрыстың басталғанын растайды. Бұл фашистік Германия үшін
ұзаққа созылған әрі көзін жоятын сипаттағы процесс еді.
1941 ж. қыркүйек айынан бері Ақмолалық 310-атқыштар, Ақтөбелік 312-
атқыштар дивизиясы, кейін Қазақстанда жасақталған 314-атқыштар дивизиясы
Ленинград қоршауында және сол қоршауды бұзуда ерен ерлік көрсетті.
Қазақстандық жауынгерлер гитлер басқыншыларымен үздіксіз ұрыс жүргізе
отырып, дұшпанның әскеріне де техникасына да орасан соққы берді. Олар
96
Ленинград облысының 22 елді мекенін босатты, қоршауда қалған қаланың
«Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге белсене қатысты.
Полковник Н.В.Рогов басшылығындағы 310-атқыштар дивизиясы
«Новгородской» деп аталды. Дивизия Волхов майданының құрамында
солтүстік Новгород жақтан қорғанысты бұзып, немістерге шабуыл жасады,
Псков түбіндегі ұрыстарға дейін жетті. Кейін Карель майданындағы басқа
әскерлермен бірге қоян-қолтық ұрыс жүргізе отырып кеңес-фин шекарасына
жақын Лоймола станциясы маңындағы Свирь өзеніне дейін жетті.
2-
Прибалтика майданы құрамында Ленинград-Новгород операцияларына
391-, 30-
гвардиялық және 8-гвардиялық Панфиловтық атқыштар дивизиясы
қатысты. Новосокольники қаласында оңтүстік-батысқа қарай 1-атқыштар
дивизиясы шайқасты, оның құрамында 100-ші қазақ ұлттық және қостанайлық
151-
ші атқыштар бригадасы да болды. Жаудың теміржолға жақын жерде
шоғырланған күштерін талқандағаны үшін М-13 184 жеке гвардиялық
минометті дивизияның «Катюша» батареясының командирі аға лейтенант
К.Түсіпов Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ленинград қаласын қоршаудан
азат ету жолында пулеметші Мәншүк Мәметованың аты аңызға айналды. 1943
жылы 16 қазанда аға сержант фашистермен соғыса отырып, қаза тапты. 1944
жылы 1 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарғысымен аға
сержант Мәншүк Мәметоваға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры
атағы берілді және Ленин орденімен марапатталды.
Кеңес Одағының Батыры атағы тағы бір батыр қызымыз Әлия
Молдағұловаға берілді. 1943 жылы Орталық снайперлік дайындық мектебінің
әйелдер бөлімін бітірді. Ол дұшпанның 30-дан астам солдаты мен офицерінің
көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда солтүстіктегі Новосокольники қаласында
қаза тапты. 1944 жылы 4 маусымда Ә.Молдағұловаға қаза тапқаннан кейін
Кеңес Одағының батыры атағы берілді және Ленин орденімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының алтыншы жылдығын мерекелеу кезінде, яғни
23 қазанда Алматы қаласында Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға
ескерткіш қойылды [4].
Ленинград қаласын азат еткен мыңдаған қазақстандықтар ордендер және
медальдермен марапатталған. Олардың арасында К.Әлкенов, О.Л.Бекишав,
Г.Гусманов, М.Зайцев, Т.Құрманов, С.Рахметов, «Киров» крейсері
командасындағы алғашқы 49 ерікті-комсомолдар бар. Кировшылар бас
калибрдің және зениттік қарулардың атысымен фашисттердің доталары мен
дозаларының көзін жойды, қаһарман қалалардың аспанын жау әскерінің
авиациясынан қорғады. Ал төрт қазақстандық атқыштар – А.Алиев,
С.Бекбосынов, В.Малышев пен И.Паньков Лодейное қ. жанындағы Свирь өзені
арқылы жасанды көпір жасап, жау әскеріне орасан зор шығын әкелді. Осы
ұрыста атқыштар взводының командирі лейтенант С.Я. Киреев те көзге түсті.
Барлық аталған жауынгерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ленинград үшін шайқастағы ауыр күндерде парторг Сұлтан Баймағамбетов
Александр Матросовтың көзсіз ерлігін қайталады, оған қаза тапқаннан кейін
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Блокаданы бұзу үшін болған
шайқастарда, Нева өзені маңындағы қаланы қорғау үшін әскери ұрыстарда
97
комсомол жауынгер 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкінің 5-
атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров көзге түсті.
Ленинград маңында болған шайқастарда қазақстандық әскери құраманың
үштен бір бөлігі қатысты. Олардың арасында 48-атқыштар дивизиясының
атақты снайпері - Дүйсенбай Шыныбеков бар. 314-дивизияның снайперлік
қозғалыстың басында Солтүстік Қазақстан облысының Степан Разин атындағы
ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхозшысы қатардағы жауынгер Г. П.
Зубков бар. Ленинград қаласы үшін ұрыста артиллериялық бақылау аэростаты
дивизионы командирі С.Жылқышев ерекше көзге түсті.
Ленинград блокадасының қиын күндерінде қала тұрғындарына және
қаланы қорғаған жауынгерлерге Кеңес Одағының барлық халқынан тұрақты
қолдау көрсетілді. 1941 ж. қыркүйек айында қазақтың халық ақыны Жамбыл
Жабаев қала тұрғындарына «Ленинградтық өрендерім, менің!» деген атақты
өлеңін арнады, ол арнауда біздің көп ұлтты еліміздің барлық еңбекшілерінің
ойы, сезімдері мен сенімдері, бастан кешіп жатқан жағдайы суреттеледі.
1942 жылдың жазы мен күзінде Кеңес Одағының тағдыры Сталинград
түбіндегі қанды шайқаста шешілді. Неміс басқыншылары Еуропадағы екінші
майданның болмауын пайдалана отырып, еліміздің оңтүстік бөлігінен батыл
шабуыл жасауға көшті, яғни еліміздің ауыл шаруашылық өнімдері мол Дон,
Кубань, Кавказ өңірлерін жаулап алмақшы болды. Сталинградқа шабуыл жасау
үшін неміс армиясының «Б» тобы құрамынан 6-армия бөлінді (генерал-
полковник Ф. Паулюс).
Сталинград бағытына қарай Ставка ВГК өз резервінен 62-, 63- армияны
жылжытты. 12 шілдеде Сталинград майданы құрылды. Майдан құрамына
қосымша 21-, 28-, 38, 57-армия мен 8-Әуе армиясы енді.
Сталинград үшін болған шайқаста Қазақстанда жасақталған бөлімдер де
қатысты. Олардың бірі 38-атқыштар дивизиясы еді, дивизияға генерал-майор
Сафиуллин басшылық етті. Дивизия Сталинград үшін болған шайқаста табанды
ұрыс жүргізіп, аты аңызға айналды. 1942 жылдың 1 тамызынан бастап оның
жеке құрамы қажырлы ерлік көрсете отырып, асқан төзімділікпен фашист
әскерімен үздіксіз ұрыс жүргізді. Сталинград үшін ең қауіпті кезеңдер болса да
дивизия бірде бір жауды өткізбеді.
Қорғаныс Халық Комиссарының бұйрығымен 38 атқыштар дивизиясы 73
гвардиялық дивизия деп қайта өзгертілді, Сталинград қоғамдық ұйымдарының
өтініші бойынша дивизияға Сталинградской атағы берілді.
Сталинградты азат ету жолындағы кеңес әскерінің қарсы шабуылы 1942
жылы 19 қарашада Оңтүстік-Батыс әскерінің, Дон және Сталинград
майданының 65-әскерлерінің соққыларымен басталды. 23 қарашаға қарай
Калач ауданында кездесіп, дұшпанның 6-армиясы мен 4-танкілі армиясын
қоршауға алумен аяқталды (22 дивизия, 160-тан астам жекелеген бөлімдер мен
330 мың адам). 1943 жылдың 31 қаңтарында ген-фельдм. Ф.Паулюс бастаған 6-
армия әскерінің оңтүстік бөлігінің қарсылық көрсетуі тоқтатылды, ал 2 ақпанда
солтүстік бөлігі тізе бүкті. Жаудың 91 мыңнан астам солдаты мен офицері
тұтқынға алынды, соның ішінде 2500 офицер мен 24 генерал бар, шамамен 140
мыңдайы шабуыл барысында қаза тапты.
98
Паулюс әскерін қоршауға және тұтқынға алынуына қазақстандық 27-
гвардиялық, 29 және 38 –атқыштар дивизиясы мен майор Г.Н Бутнев басқарған
129-
минометші полк те қатысты. 2-гвардия армиясы құрамында қоршауды
бұзып жарып шыққысы келген жау әскерін талқандау кезінде полковник А.К.
Макарьев басшылығымен ақмолалық 387-атқыштар дивизиясы бар. Бұл
шайқаста оралдық 152-атқыштар бригадасы, жамбылдық 81-кавалериялық
дивизия шайқасты, 1942 жылы күзде Сталинградтың оңтүстік аудандарын
қорғады.
Сталинград үшін болған ұрыста жау әскерін қоршауға алып және көзін
жойғандары үшін төрт қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
61-
кавдивизияның
атты-артиллериялық
дивизионының
минометшісі
К.Сыпатаев 1942 ж. 26 қарашада Шарнутовский хуторында болған ұрыста
(Сталинградтың оңтүстігі) жалғыз өзі ұрысты жалғастыра берді. Неміс
танкісінің көзін жойып, өзі де қаза тапты. 17-гвардиялық танк полкінің
командирі подполковник Т.С.Позолотин 1942 ж. желтоқсанында жау әскерінің
тылына батыл рейд жасады, бұл жолды бірнеше мың оккупанттардың көзін
жойды, 500 тұтқынды айдап әкелді.
Сталинград үшін болған шайқаста жерлесіміз, ұшқыш Н. Әбдіров
жанқиярлық ерлік көрсетті. 1942 жылдың 12 қазанында әуе ұрысы кезінде жау
зениткасының снаряды ұшқыштың ұшағының моторына тиді. Жанып жатқан
машинаны өз әскері орналасқан жерге дейін апара алмайтынын білгендіктен
жау танкісінің көп шоғырланған жеріне қарай бұрып жіберді. Аспандағы 16
әскери ұрыс кезінде 12 танк, 28 автомашина, 18 арбаны және бірнеше жүздеген
неміс солдаттарының көзін жойды. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының
Жарғысымен 1944 жылы 31 наурызда Н.Әбдіровке Кеңес Одағының батыры
атағы қаза тапқаннан кейін берілді.
Г.Г.Рамаев 29-атқыштар дивизиясының 128-атқыштар полкінің барлау
взводына басшылық етті. 1943 ж. 16 қаңтарда Песчанка селосында
жауынгерлерімен бірге оншақты жаудың көзін жойып, 4 қару-жарақты қолға
түсірді. Ұрыста қаза тапты [5].
Көптеген қазақстандықтар Курск доғасы үшін болған шайқаста Брянск,
Орталық, Воронеж және Стпеной майданының әскери құрамалары мен
бөлімдерімен қатар шайқасып, неміс-фашист әскерін талқандауда үлкен үлес
қосты. Жаудың шабуылын талқандауға полковник П.М. Гудзя басқарған
семейлік 8-атқыштар дивизиясы, оңтүстік-шығыс Белгородта шайқасқан 72
және 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы қайқасты. Бұл құрамалар Орлов және
Белгород-Харьков шабуылдау операцияларда ұрыс жүргізе отырып, мыңдаған
километр жүріп, Крома қаласын, Ресей мен Украинаның көптеген қалаларын
жаудан азат етті. Харьков қаласын азат ету кезінде біздің жерлесіміз
қарағандылық В.Е.Бреусов айрықша көзге түсті, бір төбені алу кезінде 112
фашистің көзін жойды. Ротаның 16 жауынгерінен тек төртеуі ғана тірі қалды.
1943 жылдың 1 қарашасында В.Е.Бреусовке Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді. Сонымен қатар Ленин орденімен, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен,
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталды [6].
99
Курск шайқасы кезінде осы уақытқа дейін тек жекелеген операцияларда
және белгілі бір бағытта әрекет етіп келген КСРО-ның Әскери-Әуе Күштері
аспанда ерекше басымдылыққа ие болуымен атағы шықты. Мұндай нәтижеге
қол жеткізуге қазақстандық ұшқыштар да өз үлестерін қосты, олардың
қатарында истребитель С.Д.Луганский бар, ол әуе шайқастарында жаудың 37
ұшағын жалғыз өзі жойған, сондықтан оған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры
атағы берілген – 1943 жылдың 2 қыркүйегінде және 1944 жылдың 1 шілдесінде.
Шабуылшы Т.Я.Бигелдинов 1944 жылдың маусым айына қарай жау әскерінің
үстінен 155 әскери ұшып шыққан. Ол 1944 жылдың 26 қазан айында Кеңес
Одағының Батыры атанды. Соғыстың аяғына қарай оның есебінде 305 әскери
ұшып шығу, әскери ұрыста 7 ұшақтың, оншақты танкі мен машинаның,
жүздеген жау солдаттары мен офицерлердің көзін жойған. 1954 жылдың 27
маусымында Т.Я.Бигелдиновке екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы
беріледі. Қазіргі кезде генерал-майор отставкада. Ақтөбе жоғары әскери
авиациялық училище батыр ұшқыштың атымен аталады [7].
Курск шайқасы аяқталғаннан кейін кеңес әскері Днепр үшін болған
шайқасты құрайтын басқа операциялар сериясын өткізді. Десна, Днепр мен
Припяти үшін болған шайқастарда Воронеж майданының 13-армиясы
құрамында шайқасқан 8-атқыштар дивизиясына алғыс жарияланды, ал оның 43
жауынгеріне – А.Әлімбетов, Ж.Сүлейменов, К.Шакенов, П.Петров, Қарағанды
қаласының бұрынғы кеншісі – Мартбек Мамыраевқа Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді. Алтын Жұлдыз кавалерлері болып тағы да генерал-майорлар
А.И.Лосев пен С.А.Козак басшылық еткен 72-гвардиялық атқыштар
дивизиясының 20 жауынгері мен 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 20
жауынгері ие болды. Украинаның оңтүстік жағалауын, Молдавияны және
Белоруссия ормандарын азат еткендері үшін 112 қазақстандыққа Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді [8].
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаудың әскері басып алған
аумақтарда партизан қозғалысы пайда болды, партизан қозғалысы жаппай
жұмыла әрекет етуінің, ұйымдаса білуінің, Кеңес Әскерінің басшылығының
міндеттеріне бағына білуінің арқасында стратегиялық маңызға ие болды. Оған
қазақстандықтар қатысты: Ленинград облысында 220 қазақстандық, Смоленск
түбінде — 270, Украинада, Белоруссияда — шамамен 3000 қазақстандық
қатысты. 300-ге жуық қазақстандық Қарсылық қозғалысының қатысушылары
болды.
Басқыншылардың гарнизонына шабуыл жасауға торуылда отырғанда,
жолда диверсиялық әрекеттер жасау кезінде батыл әрекет жасаған И. С.
Арыскина, А.Жұмағалиева, К. Г. Омарова, 3. У. Хусановалардың республикада
атағы кеңінен жайылды. Қазақстандық саяси жетекшілер Г. Акмолинский,
Т.Жангелдин, Ж. Саин, В. Оразбаев және т.б. партизандар мен жергілікті халық
арасында үлкен жұмыс жүргізді. Партизан отрядтары мен құрамаларына Г.
Ахмедияров, Қ. Қайсенов, Н. А. Морогов, С. А. Олексенко, С.О. Төлешев, В. И.
Шаруда басқарды. Партизан командирлері А. С. Егоровқа, Н. В.Зебницкийге
және Ф. Ф. Озмительге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
100
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 мыңнан астам адамға Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді, соның ішінде 497 қазақстандық бар, олардың
арасында 97 қазақ бар. 1941 ж. 22 маусымда қазақстандықтардың ішінде
бірінші болып Кеңес Одағының Батыры 19-танк дивизиясының командирі
генерал-майор К. А.Семенченкоға берілді.
Кеңес Одағының Батыры атағы төрт қазақстандыққа екі мәрте табыс етілді:
шабуылшы-ұшқыш Т. Я. Бигелдинов, Л. И. Беда, И. Ф.Павлов және
истребитель-ұшқыш С. Д. Луганский. Батырлар арасында пулеметші М. Ж.
Мәметова, снайпер Ә. Н. Молдағұлова, атқыштар С. Баймағамбетов, С.
Лутфуллин, Мин Сен Юр, артиллеристтер С. Муткенов, И. К. Новиков, сауыт
бұзушылар П. К. Миллер, минометші К. Сыпатаев, кавалерист М. М.Катаев,
сапер П. И. Гончар, торпедалық катердің командирі Б. П. Ущев, атқыштар
дивизиясының командирі Г. Б. Сейфуллин, старшина И. Я. Съяновтар бар. 110
қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен, КСРО ордендері мен
медальдерімен марапатталған. Олардың арасында лейтенант Р.Кошқарбаев,
капитан Б. В. Чупрета, взвод командирі аға лейтенант К. А. Метов, минометші
А. Бахтыгереев, пулеметші П. Е. Вицько, байланысшы К. М. Волочаев және т.б.
бар.
Қазақстандықтар Қиыр Шығыстағы соғыстың соңғы ошақтарын жоюға
белсене қатысты. 9 тамызда 52-шекарашылар отрядының топ капитаны Г. А
Голубев қысқа ұрыста 20 жапон солдатының көзін жойып, Аргуни жағалауында
төрт жапон солдатын тұтқынға алып, атқыштар бөлімшесіне жол ашып берді.
Шабуылшы-ұшқыш Е. Янко (қаза тапқаннан кейін) Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді.
Квантун армиясына қарсы күресте қазақстандықтар батыл ерлік пен
батырлық үшін 2027 адам ордендер мен медальдермен марапатталды.
Құрамында қазақстандықтар болған Кеңестік Қарулы Күштер өз елінің
еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күресті, Еуропаның 11 елінің халқын
фашистерден азат етуге қатысты, Солтүстік-Шығыс Қытай мен Корейден
жапон басқыншыларын қуды. Кеңес халқының фашистік Германияны жеңген
ұлы жеңісі дүниежүзілік тарихи маңызға ие болды. Ұлы Жеңіс әлемдік
дамудың әрі қарай дамуына үлкен әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |