Әдебиеттер тізімі:
1. Абусеитова М. Казахстан и Центральная Азия в XV - XVII вв. История,
политика, дипломатия. - Алматы, 1998.
2. Асфендияров С.А. История Казахстана (с древнейших времен). -
Алматы, 1993.
50
3. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20 – 40-е годы XIX века. - Алма-Ата:
Казак университетi, 1992. – С. 284.
4. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5 т. Т. 4. - Алма-Ата: Главная
редакция Казахской советской энциклопедии, 1985. – С. 111.
5. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины XIX в. -
Алма-Ата: Наука, 1958.
6. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIII и первой
половины XIX вв. - Алма-Ата: Наука, 1960.
7. История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней). – Алма
–
Ата: Наука, 1979. – С. 334.
8. История Казахстана (с древнейших времен и до наших дней). В 5 т. Т.
2. -
Алматы: Атамура, 1998.
9
. История Казахстана (с древнейших времен и до наших дней). В 5 т. Т.
3. -
Алматы: Атамура, 2000.
10. История Казахстана с древнейших времен до наших дней). Очерки. -
Алматы: Дәуір, 1993.
11. История Казахстана в русских источниках XVI - XX вв. III том //
Журналы и служебные записки дипломата А.И. Тевкелева по истории и
этнографии Казахстана. (1731 - 1759) / Исторический очерк и комментарии И.В.
Ерофеевой. - Алматы: Дайк-Пресс, 2005.
12. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех
тысячелетий. – Алма-Ата: Рауан, 1992. - С. 315.
13. Кузембайулы А., Абил Е.А. История Республики Казахстан. - Астана,
2003.
14. Левшин А.И. Описание киргиз- казачьих или киргиз-кайсацких орд и
степей / Под общ. Ред. Акад. М.К. Козыбаева. – Алматы: Санат,1996. – С. 163 –
164.
15. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. – Алматы: Санат, 1999. –
С.108.
16. Шакарим Кудайберды-улы. Родословная тюрков, казахов, киргизов.
Династии ханов. – Алма-Ата: СП Дастан, 1990. – С. 48.
51
Бұқар жырау – философ, кеңесші, ақын
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»
кафедрасының аға оқытушысы
Түсіпбеков Ж.А.
Қазақтың жырау ақыны, мемлекеттік қайраткер Бұқар жырау Қалқаман-
ұлы (1668-1781) Павлодар облысының қазіргі Баянауыл ауданы аумағындағы
Далба тауының маңында туған. Оның өмірбаяны туралы мәліметтер аз
сақталған. Ол Арғыннан, оның ішінде Қаржастан шыққан. Оның әкесі
Қалқаман жорықтық батыр-жауынгерлердің бірі болған.
Сақталып қалған шығармаларының мазмұны бойынша Бұқар жырау
балалық және жастық шағында өзінің құрдастарынан тамаша қасиеттерімен,
суырып салып айтуға бейімділігімен ерекшеленген. Айта кететін жай, жырау
сөзінің өзі жыр деген сөзден шыққан. Өзінің поэтикалық шығармаларын
суырып салып айту жолымен жасаған адамдарды солай атаған. Олар толғау деп
аталды, нақылды болды және ғибраттық сипатта болды.
Сондай-ақ Бұқар жыраудың мұсылман дінінің өкілі екені, сөз өнерін
жетік білгені белгілі. Өз заманының өте білімді адам бола тұрып, ол араб
тілінде жазған.
Бұқардың жас кезінде-ақ би (қазылар) ретінде танылуы оның әлеуметтік
белсенділігі туралы айтады.
Тәуке хан кезінде (1680-1718) ықпалды билердің біреуі болды. Бұқар
жырау Қазыбек бимен, Төле бимен және Әйтеке бимен бірге Тәуке ханның
«Жеті Жарғысы» жинағын құрастыруға қатысты.
Өзінің ұзақ жылдық өмірінде Бұқар-жыраудың қазақ халқының өміріндегі
көптеген тарихи оқиғалар мен өзгерістердің куәгері мен оларға қатысушы
болуына тура келді. Өзінің ғұмырында ол феодалдық бытыраңқылықтың, тайпа
аралық өзара қырқыстардың куәгері болды. Ол қазақ хандарының, сұлтандар-
дың билігін, олардың саясатын және т.б. таныды.
Материалдық-тұрмыстық қиындықтарды бастан кешіріп және "Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама" жылдарындағы өзінің бұрынғы ықпалынан
айырылып, билік басына Абылай ханның келуімен Бұқар жырау мемлекеттік
істерге қайтып келеді. Ханның бас кеңесшісі және беделді билердің бірі болып
табылып, Бұқар жырау қазақ халқының өміріндегі ірі проблемаларды шешуде
маңызды роль атқарды.
Оның поэтикалық мұрасынан 1200-ге жуық жолдар бізге дейін жетті.
Бұқардың бізге дейін жеткен шығармаларын халық сақтап қалып, ХIХ ғасыр-
дың аяғында және ХХ ғасырдың басында жазып алды.
52
Бұқар жыраудың шығармаларынан және олардағы идеялық қарама-
қайшылықтардан сол заманның көптеген қарама-қайшы мақсаттары айқында-
лады. Өз заманының тұрақсыз және құбылмалы сипатын Бұқар жырау толық
заңды құбылыс ретінде қабылдайды. Ол әлемде мәңгі ештеңе жоқ, адамзат
өмірі ғана емес, сонымен бірге табиғаттың өзі де өзгерістерге ұшырайды
дейді.
Өзінің толғауларында ол өз заманының барлық маңызды мәселелерін
қозғады және оларға жауап беруге тырысты. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама», қалмақтар шапқыншылығы жылдарында, Бұқар жырау үнемі бірігу-
ге — біріккен ірі қазақ хандығын құруға шақырды. Ол оның кеңесшісі болған
Абылай ханға үлкен сенім артты, оны мақұлдап, саясатын қолдады. Бұл оның
«Игілік тілеу», «Абылай, сен 11 жасыңда», «Мен сені көргенде», «Ханым
менің, алаңсыз ұйықтап жатырсың» және басқа өлеңдерінде көрініс тапты.
Бұқар жырау бір орталығы бар бірыңғай мықты мемлекеттің бастауымен
қазақ халқының үш жүзін біріктіру туралы армандады. Сондықтан, Абылай
ханды осы арманды іске асыруға қабілетті деп санап, Бұқар жырау оны өзінің
әрекеттері мен өлеңдерінде барлық жағынан қолдайды, хандық биліктің дамуы
және нығаюы үшін аянбай күреседі.
Бұқар жырау орыс халқымен достық қатынастарды орнатудың қазақ
халқының өмірлік мүдделеріне жауап беретінін түсінеді. Бұқар жырау
қазақтардың Ресеймен бейбітшілікте өмір сүруге тырысуын жақтайды және
ханды өз халқының еркіне қарсы шықпауға шақырады. Осыған байланысты ол
Абылай ханға белгілі бір ықпал етеді. Сонымен қатар Бұқар жырау патша
үкіметінің негізгі мақсаты отаршылдық саясатты іске асыру болып табылады.
Өз заманының аса маңызды проблемаларын қозғап, Бұқар жырау адамдар-
ды бірлікке, достыққа және батырлыққа шақырған.
Бұқар жырау шығармаларындағы негізгі тақырыптар – бұл халықтың
өмірінің күйсіздігі, хандық биліктің халықпен өзара қатынастарының күрделі-
лігі, жүз арасындағы ұрыс-таластар, хандықты нығайту және шетелдік басқын-
шылар күресу үшін күштерді біріктіруге шақыру, өжет батырларды мадақтау.
Осының барлығы оның «Тілек», «Шіркін, уақыт, уақыт», «Құлар алдында»,
«Абылай», «Бояуы жарқыраған гүл», «Биік тау жойылды», «Абылай ханды
жоқтау» және т.б. толғауларында көрініс тапты.
Бұқар жырау қазақтардың дәстүрлі дидактикалық поэзиясының дамуына
қомақты үлес қосты. Мысалы, «Күннен кейін айға не керек?», «Бұрынғы жау
дос болмайды» шығармаларында ол этика, халық бірлігі мәселелерін қозғайды.
Басқа толғауларда ақын адамның өмірге деген махаббатын, оның оптимиз-
мін және болашаққа деген сенімін, білімге деген ұмтылысын, дүниенің
құпияларын білуге ұмтылуды дәріптеді.
Абылайдың бейнесінде Бұқар жырау жомарт және әділ ханның бейнесін
құруға тырысты. Қазақтардың Қалдан-Серен әскерімен жеті күндік шайқасын
көрсетіп, ақын қазақ жасақтарының жеңісі туралы ғанибетпен әңгімелейді, ал
Абылай ханды осы жеңістің рухы мен туы деп атайды. Ол Абылайдан қуаттың,
ойдың, мейірімділік пен адамшылықтың символын көреді. Әділдік үшін
мынаны атап кету керек, ханның халыққа көзқарасы туралы айта отырып, ол
53
оның озбырлығын, ашкөздігін әшкерелеген, халықтың мұқтажына назар салуды
талап еткен («Мен сөйлеймін», «Өз халқыңа қамқор бол» және басқа өлеңдер).
Ол Ресеймен бейбітшіліктің қажеттілігін көрсетті («Абылай хан кезінде» және
т.б.).
Өзінің көптеген толғауларында ақын адамдардың өзара қатынастары
туралы, болашақ туралы моральды-этикалық проблемаларды көтереді («Егер
ханға жауап бермесем», «12 айдан кейін жаз қайтып келеді» және т.б.).
Бұқар жыраудың қызметі мен шығармашылығының ролі мен маңызы
туралы айта келе, Ғ. Есім өзінің «Қазақ философиясы. Сарыарқадағы пирамида,
немесе махаббат философиясы» кітабында өте қызықты және негізделген ой
айтады, «Бұқардан кейін де ұлы жыршылар, жыраулар болған, Абылай ханның
артынан да қазақ хандары пайда болған, бірақ бүкіл қазақтың мүддесін
білдірген, Абылай хан сияқты хан және Бұқар жырау сияқты жырау болмаған.
Егер Қазақ хандығының соңғы ханы Абылай болса, онда соңғы жырауы Бұқар
жырау болған».
Өз заманының барлық зәру мәселелерін оларға арқау еткен Бұқардың
шығармалары, баспа беттерінде революцияға дейін пайда бола бастаған. Оның
шығармалары бірнеше рет жинақтарда, антологияларда және хрестоматиялар-
да шыққан. Олар 1970 жылы шыққан, «Алдаспан» антологиясында аса толық
берілген. 2002 жылы «Нар заман мен заман поэзиясы» жинағы шықты, онда
жырау шығармаларының едәуір саны ұсынылған.
Әдебиеттер тізімі:
1. Бухар жырау Калкаманулы //Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия.
Павлодар, 2003.
2. Есим Г. Казахская философия. Пирамида в степи, или философия любви.
3. Жаксыбаев С. Бард великой степи //Звезда Прииртышья. 1993, 21 августа.
4. Михайлов В. Люди помнили поэта, забытого государством //Казахстанская
правда. 1993, 13 августа.
54
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би –
қазақ даласының ұлы билері
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
доценті, тарих ғ.к.
Сүлейменова М.Ж
Қазақтың атақты үш биінің есімдері – Төле би Әлібекұлы (1663-1765),
Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1682-1766) –
олардың мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы тұрғысынан,
шешендік өнерінің және поэтикалық шеберлігінің күші жағынан халықтың
жадында мәңгілік сақталып қалды және тек Қазақстанда ғана емес, сонымен
бірге одан тыс жерлерде де танылды.
Сондай-ақ, осы жерде біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-
баевтың 1993 жылғы 28 мамырдағы демократиялық жаңарулар кезінде,
Шымкент қаласының жанында, Ордабасы тауында оның екі көршілес мемлекет
–
Қырғызстан мен Өзбекстанның Президенттерімен кездесуі кезінде айтқан
сөздерін еске алу керек: «Біз халықтың әйгілі үш ұлы, үш даңқты данасының
аттарын білеміз: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Олар қазақтар үшін
бірліктің ауыспайтын нышаны болды. Олардың армандаған сөздері Қасиетті
кітаптардан алынған нақыл сөз сияқты ұрпақтардың ақылын жаулап алды.
Олардың қазақ халқы үшін тарихи маңызын, олардың біздің тарихымыз үшін
маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Және біздің халық ретінде
сақталып қалғанымыз, егеменді мемлекетке атау бергеніміз, қазір тәуелсіздік
туын көтергеніміз, қасиетті жерде игілікте, бейбітшілікте және келісімде өмір
сүріп жатқанымыз үшін, біздер, қазақтардың қазіргі ұрпағы оларға толық
міндеттіміз. Және олардың құдай берген өшпес жадының алдында басымызды
төмен иеміз.
Н.Ә. Назарбаевтың өз әріптестерін Ордабасы тауына шақырғаны кездей-
соқ емес. Атап айтқанда осы жерде екі ғасырдан артық уақыт бұрын, қазақтарға
жоңғарлар тобыры шапқыншылығының барған сайын көбею қаупі төнген
кезеңде, үш жүздің жоғарғы билері осы уақытқа дейін бытырап кеткен халықты
топтастырған сөздер мен дәлелдер таба білді.
Бәлкім би термині "біліг" ежелгі түркі сөзінен шыққан болар, оның екі
мәні бар: «билеу» және «білу». Шыңғыс дәстүрінде ол сондай-ақ нақыл
сөздер, афоризмдер, өсиет әңгімелер мағынасын иеленеді. Шеберлерді олардың
айтуы, нұсқауы және мәселелерді өнеге боларлық негізде шешу бойынша өте
жоғары бағалаған. Шешендік, өткір тілділік, тойтарыс бере білу, айтқан сөзді
құр жібермеу, онымен кей кезде шайқастың сипаты мен нәтижесі анықталған,
батырлар жеке жарысқа түсу маңыздылығы бойынша жиі жол бермейтін,
халықаралық саясат пен дипломатияның елеулі бөлігі болды. Би –
55
проблемаларға терең ене білетін, түйіндерді бағалай және шеше білетін,
осының арқасында істің барысына хандар мен заңды билеушілерден кем емес
әсер ететін адам.
Би дегеніміз жай ғана қазы емес, осы құрметті лауазымға сайланған,
өзінің бүкіл өмірінің мысалымен қазы болу құқығын дәлелдеген адам. Даналық,
аңғарғыш ақыл, аналитикалық ойлау қабілеті, ата-бабалармен жинақталған заң
білімдерінің жиынтығын иелену, тайпаның, рудың, ауылдың, қаланың, аймақ-
тың, жүздің, бүкіл Ұлы даланың өмірінің дәстүр-салттық тәртібінің егжей-
тегжейінде бағдарлану және міндетті түрде – жеке тұлғаның дақ түспеген
моральдық-адамгершілік қасиеттерімен бірлескен шешендік өнердің жоғары
деңгейі адамға таңдаулы би болу құқығын берген.
Төле, Қазыбек және Әйтекені халық барлық билердің биі деп атаған. Олар
замандастар болған. Олардың әрқайсысы туралы академик С. Зиманов былай
дейді:
«
Төле би қазақтың ежелгі этностық бірлестігі үйсіндерден шыққан. Әр
түрлі деректер бойынша, ол Ташкент маңында дүниеге келіп, онда өмірінің
жастық кезін және соңғы жылдарын өткізді. Оның шыққан тегі аты аңызға
айналған Майқы биден басталады. Әкесінің еркі бойынша бала Төле бес
жасынан бастап оқуын бастады, 9 жасынан бастап әкесінің басшылығымен сот
талқылауларына және сот шешімдерін шығаруға қатысқан, ал 15 жасында Төле
дана ақсақалдардан, атап айтқанда, 100-ге келген Сарыарқадағы атақты Әнет
бабадан бата алып, сынақтар мен өзіндік аккредиттеуден сәтті өтіп, дербес қазы
жолына түседі». «Қазыбек би дәстүрлі Сарыарқалық мәдени ортада өсті және
тәрбиеленді, онда оны дарынды бала ретінде қабылдады. Оны қоғамдық
қайраткерлерге дайындады, халықтың ауызша рухани байлығын меңгеруге,
шешендік негіздері мен техникасына, даналықты меңгеруге үйретті. Орта
Жүзде Қазыбек би беделі танылған адам болды. Орыс өкілінің 1763 жылға
қатысты бір ресми хабарламасында былай айтылған: «Орта Жүзде Қазыбек
биді үнемі және күнде дерлік Әбілмәмбет ханның өзі де, Абылай хан да, және
басқа ұлыстардың сұлтандары, ақсүйек старшиналар да әр түрлі кеңес сұрап
келетін, және оның келісімінсіз ешқандай ақсүйекті қабылдамайтын, басты
қазы ретінде құрметтейді».
Әйтеке би туралы академик С. Зимановта былай делінген: «Есімі Кіші
жүздің ежелгі аумақтарының шегінен тыс алысқа созылып жатқан Әйтеке би
өзінің дәуірінде аңызға айналды. Оның туылған жылы мен қайтыс болған
жері жуықтатып анықталған. Әйтеке бидің Төле би мен Қазыбек бидің
замандасы болғаны көпшілікке белгілі. Олармен бірге XVII ғасырдың соңғы
ширегінде және XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының үш
құрылтайын билеушілер тобына кірген. Әйтеке атақты Ұлықбектің медресе-
сінде оқып, оны сәтті бітіріп шыққан. Араб, парсы және түрік тілдерін
меңгерген. Бес жасынан бастап Жалаңтөс билеушінің отбасында атақты қызыл
езу билерде билік мектебінен өткен. Әйтеке бидің идеялық мақсаттары
бастапқыда Төле би мен Қазыбек би басшылыққа алған мақсаттармен ұқсас
болды. Олардың барлығы халыққа шынайы және әділ қызмет етуді өздерінің
бірінші және бастапқы мақсаты етіп қойды».
56
Төле би Әлібекұлы – көрнекті қоғамдық қайраткер, Ұлы жүздің биі,
«Жеті жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі, шешен және ақын. Төле
Дулат руынан, оның ішінде тоғыз баласы болғандығымен әйгілі Құдайбердіге
көтерілетін Жаныстан шыққан. Қарапайым халыққа жататын олардың руында
Төлеге дейін бай да, би де болмаған. Ол 1663 ж. Жамбыл облысының Жайсаң
шатқалында дүниеге келген. Төле би білімді, сауатты, бала кезінен өз халқының
шешендік-ақындық өнерінің дәстүрлерін бойына сіңірген адам болған. Ол 15-20
жасынан бастап билердің жиналыстарына қатысып, халқының арасында өзінің
әділдігімен және шешендік өнерімен атағы шықты. Ол Ұлы жүздің ханы
Жолбарыс дүние салған соң, алты жыл бойы (1743-1749) Ташкентті басқарды.
Абылай ханның балалық шағына арналған өлеңде Бұқар жырау оған
қиын жағдайда жүргенде, Әбілмәмбеттің жұмыскері болып, үйсін Төле бидің
түйесін баққанын есіне салады. «Сабалақ» поэмасында Бұқар Төленің киімі
жыртылған, ескі қой ішігін киген, шаштары ұйпаланған, түрі сарғыш-қара
торы, бірақ қоқырайған сұңқар тәрізді өткір көзқарасты баламен әңгімесін
жырлайды. «Сенің бойыңда бір ерекшелікті байқаймын, текті адамға, тәкаппар
сұңқарға ұқсайсың», - Төле балаға. «Менің тегім де, ұрпағым да жоқ,
мақтанарлық ештеңем жоқ, әкем, шешем, туған үйім мен халқым да жоқ, мені
қалауыңызша атаңыз». Оны өсіп кеткен шашы, жыртық бас киімі, ұйпаланған
түрі үшін Сабалақ деп атап кетіпті. Ол осы түрінде қой бағып, үнемі дорбасын
асынып, салмақты, көңілсіз болып жүретін. Егер оған көзі түссе, Төленің
адамдарды танығаны ғой. «Болар бала - бесіктен» - деп бекер айтпаған ғой.
Төле бидің тапқырлығы, даналығы және биязылығы оның көзінің
тірісінде Бұқар жырауда, Қазыбек биде, Әйтеке биде танылған. Тарихта Төлеге
қатысты мынадай пікір қалған: «Ізгі ойдың - көзі, ал оның авторында рухани
Майқы атасы бар». Бұл жерде ол өзіне Майқы бидің рухын сіңірді деген
мағынаны білдіріп тұр. Сыңыр жырау, Асан Қайғы, Жиренше Төле биді
хандардың тірегі деп санады, оның шешендігін және қарапайым адамдардың
мұқтаждықтары туралы қамқорлығын ерекшелеген.
Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жазумен және іске асырумен Төле бидің
есімі халықтың санасына берік орнады. Төле бидің халықты егіншілікпен
айналысуға, мал өсіруді қала өмірінің тәртібімен үйлестіріп, көшпенділіктен
отырықшылыққа өтуге, болашақ ұрпақ жайындағы қамқорлық мақсатында
көрші халықтардан жақсы өнеге алуға шақыруына байланысты оның беделі
жоғарылады. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», - деген Төле.
М.Ж. Көпеев танылған би және кеңесші Тәуке ханды қазақтардың орталықтан-
дырылған мемлекетті құрғаны үшін майталман күрескер ретінде бағалады,
оның саясаткер ретіндегі еңбегі – халықты нығайтуда, біріктіруде.
Аңыз бойынша, адамдар жаппай орныққан жерлерін асығыс тастап кете
бастады, жалғыз Төле би ғана өзінің үйін бұзбады. Одан: «Сен неліктен
жиналмай отырсың?» - деп сұрайды одан. «Биылғы жылы бір қарлығаш киіз
үйдің төбесіне ұясын салды. Бұл аты аңызға айналған құс: су тасқыны
болғанда, Нұхтың
кемесі суға батқанда, оны құтқарып қалды. Енді мен оның
ұясын қалай бұзып, балапандарын құртамын», - деп жауап беріпті Төле.
Қалмақтың әскер басшысы: «Иә, бұл шынында да қасиетті екен», - деп, оны
57
және оның жанындағыларды орнынан қозғамады. Ташкент пен Шымкенттің
төңірегінде Төле биді тура атымен атамай, «Қасиетті құс» деп атау дәстүрі
сақталған.
Тәуке хан дүние салған соң Қазақ хандығының ыдырай бастауына
байланысты, Төле би Ұлы жүздің билеушісі болып қалып, жоңғар шапқын-
шыларына уақытша тәуелді болды. Оның уақыт өткен сайын оларға алым
төлеуіне тура келгендігіне қарамастан, Төле би саяси билікті өзінше жүргізді.
Төле бидің қазақ қауымдарын біріктірудегі және жоңғар езгісінен босатудағы
ролі аса елеулі болып көрінеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Төле би Абылай
сұлтанды көтермелеуге мүмкіндік туғызды. Төле би Орта жүздің бас биі
Қазыбек Келдібекұлымен және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлымен бірге
халық арасында құдай берген деп аталған Тәукенің бас кеңесшісі болды. Төле
би Тәуке ханның Түркістанды Қазақ хандығының астанасы етіп бекіту, үш
жүзді бір орталыққа бағындыру, біртұтас Қазақ хандығын дамыту, туыстас
қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат шапқын-
шыларына қарсы әскери одағын құру бойынша шараларын жүзеге асыруға
қатысты.
Сондай-ақ Төле би Ресей мен Ұлы жүз арасындағы қатынастардың
қалыптасуы мен дамуына көп күш жұмсады. 1733 жылы Төле би сұлтандар
және билер тобымен бірге императрица Анна Иоанновнаға жолдаудың бастама-
шысы болды. Әбілқайырдың 1731 ж. Ресей бодандығын қабылдауынан кейін
1734 ж. 10 маусымдағы сауатқа сәйкес, Ұлы жүз Ресейдің бодандығына қабыл-
данды. Бірақ бұл қағаз жүзінде ғана қалды. 1749 ж. тамыз айында Төле Ұлы
жүздің Ресей қолдаушылығына қабылданғаны туралы жеке жолдау жазады.
1749 ж. өзінің жиені Айтбайдың басқаруымен Оренбург губернаторы И.И.
Неплюевке елшілер жіберіп, Төле би Ресейдің бодандығына өтуге әзірлігін
білдіреді. Неплюев өзінің 1749 ж. 26 қыркүйекте Төле биге жазған жауап
хатында оның Ресейге қосылу тілегін қолдап, екі ел арасындағы сауда қатынас-
тарын дамыту үшін қолдау көрсету өтінішін білдірді. Басшы және шешен Төле
бидің қабілеті Қазақ хандығының бытырауы және жағдайды пайдаланып, қазақ
халқын жойып, қалғанын «Ауыртпалық жылдарына» ұшыратқысы келген
жоңғарлардың шапқыншылық жорықтары кезеңінде ерекше айқындалды. Төле
би Қабанбай батырмен, Бөгенбай батырмен және Жәнібек батырмен бірге
біртұтас халық майданын құрып, азаттық соғысты басқарды. Халық ауыз
әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған.
Төле би әйелдер мен ерлердің тең құқықтығын жақтаушы болды. Өзінің
Данагүл келініне ол: «Қайын атаңнан қашпа. Бұл – ескірген әдеп-ғұрып».
Тәуке хан жарғыларының негізгі ережелерін қайталап айта отырып, Төле
оларды, атап айтқанды жер даулары туралы, барымта мен ұрлық туралы, құн
(орнын толтыру, өтеу, кінәсы үшін төлеу) туралы, балалар тәрбиесі туралы,
отанды қорғау туралы мәселелерде, жесірлер туралы дауларда нақты жүзеге
асыруды қолына алған. Ол отбасының адам өміріндегі рөлін кеңінен таратқан.
Ал отбасы дегеніміз негізгі, бір ерік, бір шақпақ тас сияқты тік тұруы тиіс, ал
оған бағынбағандар ауыр жағдайларға тап болады.
58
Төле халықты шыдамдылық пен табандылыққа шақырған. «Шешендер
және өздерін көсем санағандар көп болды, - деген Төле би, бірақ олар
қазақтарды бір жерге жинай алмады, міне осыдан олар сыртқы зорлық-
зомбылықтан зардап шегеді, бір-бірінен шеттейді, тіпті саны аз жаулардан да
жеңіліске ұшырайды. Егер халық бірлігімен, бауырлық ынтымақтастығымен
күшті болса, онда ол кейінгі ұрпақтар үшін үлгі болады. Және батырлардың
рухы жеңіске рухтандыратын болады. Басшы өзінің халықтың игілігі мен
бірлігі туралы ниеттерімен өзінің бағытталуын ақтайды, ал өзін жақсы көретін
жігіт өзін қаншалықты мақтаса да, көп болса ауылда ғана белгілі болады,
өзінің пайдасы үшін досын сатып кетеді».
Төле би даңқты Тәуке ханның кезінде өзінің есімдері болашақ ұрпақ үшін
символ болатын, әділеттілік жаршылары Әйтекенің, Қазыбектің жанында болу
бақытына ие болғанын мақтан тұтқан. «Қабанбайдан артық даңқты батыр жоқ,
Төле биден асқан би жоқ», - деп жазған М.Ж. Көпеев. Төле бидің өмірін өзінің
сөздерімен де сипаттауға болады: «Халықтың бақыты бай адамдарда емес, дана
адамдарда».
Халық арасында оның есіміне байланысты өте көп афористік айтылым-
дар, мақалдар мен парадигмалар кеңінен таралған. Шымкентте, Түркістанда
және кезінде өзі басқарған Ташкентте Төле би қалың бұқара халықтың пайда-
лануы үшін тағайындалған, сәулеттік ғимараттардың құрылысына белсенді
қатысты. Төле бидің есімі Ұлы жүзде ғана емес, сонымен бірге Орта және кіші
жүздерде болған ірі тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Төле би 1756 ж.
Шымкент облысының Леңгір ауданында Ақбұрхан ордасында дүние салды
және өзі 12 жыл бойы басқарған Ташкент қаласында, анасы жағынан Бабырдың
атасы — Жүніс ханның қасында жерленген.
Аңызда айтылғандай, Қазыбектің шешендігінен ұтылған және есі танған,
қазақтың қас дұшпаны Қоңтайшы Қалдан Сереннің айтуымен Қазыбек би «Қаз
дауысты Қазыбек» атанған. Ол Қарағанды облысының қазіргі Қазыбек би
(Егіндібұлақ) ауданының аумағында өз руының билеушісі және атақты би
Келдібектің отбасында дүниеге келген, өзінің шыққан тегіне лайықты тәрбие
мен білім алған. Орта жүзге, Арғын ұрпағының Қаракесек руына тән болған.
Атасының есімі Шаңқар болған. Шаңқардың есімінің атақты және танымал
болғаны соншалықты, тіпті анасы жағынан атасы – Сүлеймен Шаңқарға
алыстан көшіп келген, оны көп оқығандығы, даналығы үшін Абыл деп атап
кеткен. Отбасылық дәстүрдің арқасында Қазыбек бала кезінде шешендігі мен
ұшқыр ойын, ақындық қасиетін білдірген және есейген шағында сөз тапқыш-
тығымен және адатты, шариғатты және ата-бабаларының ақындық мұрасын
жетік білуімен әйгілі болды. Жас Қазыбектің қарапайым емес қабілеттері үшін
ақсақалдар мен Орта жүз руларының билері оны соттың іс қарауына тартады
және ол өзінің тапқырлығымен, шынайылығымен және тамаша шешендік
қабілетімен көпшіліктің құрметіне ие болады, жылдар өткен соң атақты би
атанады.
Сондай-ақ Қазыбек би ақын, би-шешен ретінде де әйгілі. Оның әдеби
шығармашылығы Орта жүздің басшысы, сот ісін жүргізуші және дипломат
ретіндегі қызметінен ажыратылмайтын болды, сондықтан оның сот ісін
59
қараудағы немесе пікірталас-келіссөздердегі сөйлеген сөздері прозалық
афоризмдер және қарсыласының сөздеріне өлеңмен жауап беру түрінде болды.
Сондай-ақ оның шығармашылығында дана жұмбақтардың немесе серіктестері
не болмаса қарсыластары айтқан тұспалдардың және астарлы сөздердің
поэтикалық шешулері кездеседі.
Көрнекті би-шешен Қазыбек шешендік өнердің әдістері мен поэтикалық
бейнелерді тамаша қолданған, бұл оның сөзін қатты әсерлендіретін. Бұл қабілет
оның халықтың, әйелдердің, әскери тұтқындардың мүдделерін қорғау, өз
отандастарын, кейінен Абылай ханды да тұтқыннан босату мақсатында жоңғар
басшысы Қалдан Серенге сапары барысында анық байқалды. 1741 ж.
қалмақтардың Орта жүзге шапқыншылығынан кейін Абылайдың тұтқынға
түскені және екі зынданда (түрмеде) отырғаны белгілі. Бәлкім, Абылай жекпе-
жекте баласы Шарышты өлтіргені үшін, оны Қалдан Сереннің талаптарына
жауап ретінде туысқандары ұстап берген болар. Абылайдың бойындағы үлкен
болашақты көріп, оның мінезін, мінезінің мықтылығын, қазақ халқының бірлігі
идеясына берілгендігін бағалап, Қазыбек би үлкен табандылық танытып,
Абылайдың Отанына қайтып келуіне қол жеткізді, онда Абылай формальды
түрде хан болмай тұрып, бірден Сары Арқадағы хандықты басқарды. Оның
жоңғар басшысы алдындағы үздік поэтикалық туындыларының бірі сақталып
қалған: «... Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай
жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау
баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай
білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң
боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен
қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір
балқытқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Танымайтын
жат елге танысқалы келгенбіз, Танысуға көнбесең шабысқалы келгенбіз. Жаңа
үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммен, жабысқалы
келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не
тұрысатын жеріңді айт!».
Қазыбек бидің қазақ халқының тағдырындағы рөлі туралы келесіні айтуға
болады: білім берудің және біртұтас орталықтандырылған қазақ мемлекетін
нығайтудың, оның егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғаудың бастама-
шыларының бірі. Үш жүз бірлестігінің бастамашысы, Тәуке хан қабылдаған
«Жетi жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі ретінде Қазыбек би Төле
бимен және Әйтеке бимен бірге тарихта қалды. Онда жерге, мүліктік қатынас-
тарға, отбасына, қылмыстар үшін жаза тағайындауға, халықаралық қатынас-
тарға, құда түсуге, ажырасуға, жесірлер жағдайына байланысты проблемаларға
конституциялық пысықтау тапты. Қазыбек би өмір бойы қажымай-талмай
рулар мен хандар арасындағы билік үшін күресте туған жанжалдарды
тоқтатуға, сондай-ақ көршілес елдермен өркениетті қатынастарды сақтаудың
лайықты жолын табуға ұмтылып, халықты бірлікке, пікірлестікке шақырды.
60
Қазыбек би Теректі өзенінің жанындағы Семіз бұғы тауының етегінде,
өзінің «қожалығында», қайтыс болды. Түркістанда Ахмет Яссауидің кесенесін-
де жерленген.
Әйтеке би (шын аты Айтық) Байбекұлы. Оның өмірбаяны туралы
мәліметтер өте мардымсыз, туылған жері мен күні де белгісіз. Ол Бұхараның
жанында туылған және дүниеден өткен күні шамамен 1682-1766 жж. деп
жорамалдайды. Бірақ оның үш жүзді біріктіру себебі бойынша кеңеске шешу-
ші қатысуы белгілі. Ол үйдегі де, мектептегі де (Бұхарадағы медресе) тәрбие
мен білім алу жолынан оның ағасы болып келетін Самарқандтағы Шардара
және Телеқара құрылысымен әйгілі, қоғамдық және саяси қайраткер Жалаңтөс-
тің тәлімгерлігімен өтті. 20 жасында Әйтеке би атақты би болды, 30 жасында
Кіші жүздің аға биі атанды және содан бері оның есімі Төле бимен, Қазыбек
бимен, сондай-ақ Тәуке ханмен қатар тұрады.
Әйтеке би — «Жеті жарғы» авторларының бірі, ол рулар арасындағы
қанды кек тізбегін тоқтату үшін, қанды кекті, қанға қан принципін «әділ
жазалау» және «өтеп алу» принципіне айырбастауға мүмкіндік туғызған. Тәуке
ханның көмекшісі мен кеңесшісі, батырдың өзі, Тәукемен бірге Сайрамға
шапқыншылықтың көріністеріне қатысты. Қазақ жерлерін меншікті конститу-
циясы бар, бірыңғай орталықтандырылған мемлекет шеңберінде біріктірген-
діктен, «ұлы», «құдай берген» деп аталған, Тәуке ханмен бірлесіп, ойраттармен
және орыстармен қатынастарда белгілі тепе-теңдікті анықтауға жәрдемдескен,
қазақтардың, қарақалпақтардың және қырғыздардың жоңғар шапқыншылығына
қарсы күштерін біріктіруге мүмкіндік туғызған. Ол замандастары мен ұрпақ-
тарының жүрегінде өзінің ақылды шешімдерімен айқын із қалдыруы үшін,
би жоғары адамгершілік деңгейде болуы тиіс деген пікірді айтқан. Олардың
әділдігін Әйтеке би «аттың жалын қатаң түрде ортасынан кесе» білумен
байланыстырады. ХVII ғ. 80-ші жылдарында Тәуке хан билеп тұрғанда жоғарғы
сот тұлғалары және хандық кеңестегі жетекші саяси күш ретінде билердің
рөлі нығайды. Олар ру ақсүйектерінің съездеріне қатыстырылды, онда
хандықтың аса маңызды мәселелерін шешті. Рулар арасындағы барлық ірі
даулар да осы ала ауыздықтар олардың мүдделеріне әсер еткен рулардың
билерінің қатысуымен шешілген.
Әйтеке би бала кезінен тапқырлығымен және шешендігімен ерекшеленіп,
онысымен өзінің тумаластарын таң қалдырған. Қосуақ биді таң қалдырып,
дауды шешіп бере алған жағдай кеңінен белгілі. Ауылда қозы бағып жүрген
баланың жанынан салт аттылар өтіп бара жатады. Жас Әйтеке оларды қарсы
алып: «Қазақтың ұлдары бір-біріне бөтен бе еді? Егер сіздер Ұлы жүзден
болсаңыздар, онда менің үлкен ағаларым болыңыздар, егер Орта жүзден болса-
ңыздар, онда менің ортаншы ағаларым болыңыздар, егер Кіші жүзден болса-
ңыздар, онда менің кіші інілерім болыңыздар», - депті. Жолаушыларды бұл
сәлемнің салмақты және құрметті үлгісі қызықтырып, олар өздерінің сапары-
ның мақсаты туралы айтады. Олар Қосуақ бидің тумаластары төлеуі тиіс
болған құнның өтеуін алу үшін жолға шыққан екен. «Осы өлке адамының киіз
үйге шырмалған арқанға байланған аты киіз үйдің маңында ойнап жүрген,
біздің рудың баласын теуіп жіберіп өлтірді», - деп түсіндірді олар. Жауабына
61
Айтық: «Егер ат баланы есіктің жанында теуіп жіберсе, сендер толық құнын
аласыңдар, ал егер әрірек тұрғанда тепсе – онда жартысын, ал егер ат киіз үйдің
сыртында тұрса, құнның төрттен бір бөлігін аласыңдар», - деп жорамалдайды.
Кейіннен белгілі болғандай, Қосуақ би дауды осылай шешкен екен.
Жиырма жасының өзінде-ақ Әйтеке атақты би, танымал делдал-сот
болған. Халықтың жадында оның сөздері мен шешімдерінің мәнерлі
қарапайымдылығы, төлтума философиялылығы белгіленген. Егер Қазыбек биді
«қаз дауысты» деп атаса, Әйтеке бидің атын еске алып, оның нақыл сөздерін
өткір қылышпен салыстырып, пікірлерінің ұшталғандығына басты назар
аударған. Тумаластары Әйтеке бидің еңбегін лайықты бағалап, отыз жасында
оны Кіші жүздің бас биі етіп сайлайды. Тәуке хан Әйтеке биді жеті бидің –
кейіннен Қазақ хандығындағы мемлекеттік құрылғының және құқықтық тәртіп-
тің басты принциптерін анықтаған, кәдімгі «Жеті жарғы» құқығы нормалары-
ның жинағын әзірлеушілердің құрамына кіруге шақырды. Осы заңдар жинағы
қазақ қоғамын әрі қарай феодалдандыру процесінде үлкен роль атқарды. Бұл
заңдар гуманизм мөрімен белгіленді деп айтуға болмайды, бірақ сонда да
Әйтеке бидің және заңдарды құруға қатысқан басқа билердің арқасында қанды
кек типті ескіліктің сарқыншағы заңдастырылмады, Әйтеке би ресми түрде
ханның кеңесшісі болды. Ол бірыңғай орталықтандырылған қазақ хандығының
құрылысына белсене қатысты.
Төле бимен және Қазыбек бимен бірге Әйтеке би жылдар арқылы Тәуке
ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттілігінің эстафетасын алып өткендей
болды. Ол қазақ мемлекетінің барлық үш жүзінің бірлікте, татулықта және
келісімде болуы туралы ойлады және қам жеді. Әйтеке би ішкі және
халықаралық проблемаларды шешу кезінде дана, әділ би, мықты ой адамы,
жоңғар басқыншыларына тойтарысты ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан,
дарынды әскери қайраткер ретінде көрсетті. Сондай-ақ ол шешендік өнердің
үлкен талантын иеленді, адамдарды сендіре білетін адам болды.
Әйтеке би 25 жасынан бастап алдымен Ордабасында, сонан соң Күлтөбе-
де және Ұлытауда өткізілген, үш жүздің беделді адамдары мен билеушілерінің
жыл сайынғы жиындарына үнемі қатысқан. Тәуке хан кезеңінен бастап
дәстүрлі болған осы жиналыстарда ұлттың бірлігін практикада нығайту пробле-
малары талқыланды, әр түрлі ара ауыздықтардан және жүздер мен рулар
арасындағы ашық өшпенділік жағдайларынан туындаған, билер арасындағы
даулар шешілді. Әйтеке бидің жасы бойынша Төле би мен Қазыбек биден кіші
болғанына қарамастан, сол немесе басқа ала ауыздықтарды шешкенде оның
сөзінің үлкен салмағы болған. Шүбәсіз беделі бар Әйтеке би, кейде пікірлердің
парасатты теңдестігін сақтап, жеке билер арасында болатын қатты дауларда
сабырлы фактор болатын. Оған көптеген адамдар жүгініп, оған соңғы сөзді
қалдырған. Әйтеке бидің үш ұлы болған: Өтебас, Қосыбай және Жалтыр. Оның
өзі, үш ұлы бидің кіші бола тұрып, бәрінен бұрын 57 жасында дүние салды. Ол
Ташкенттен 75 шақырымда Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында
жерленген.
Бидің Отанына деген шынайы сүйіспеншілігін сипаттайтын сөздері
көпшіліктің есінде сақталды: «Егер сен бай болсаң, халқыңа пайда әкел. Егер
62
сен жауынгер болсаң, жауыңды талқанда. Егер де сен бай болып, халқыңа
пайда әкелмесең, жауынгер болып, жауыңды жеңбесең, онда өз еліңде бөтен
боласың». Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев ол туралы былай деген: «Ұлы қарт,
дана және әділетті билеуші Әйтеке би қазақ мемлекеттілігін нығайту үшін көп
іс атқарды. Оның бұл еңбегін артық бағалау оңай емес. Оның халықты бірік-
тіруге, ру аралық мықты байланыстарды жөнге келтіруге қосқан үлесі де
қомақты. Ол біздің Отанымыздың тарихында, қазақ халқының тарихында мәңгі
қалады».
Сонымен, қазақтың үш биі - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қазақ
мемлекетінің, қазақтардың «Жеті жарғы» заңдар жинағының жетілуі мен
дамуында, қазақ халқын ойраттар шапқыншылығы қарсы біріктіруде елеулі рөл
атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |