Махмуд ибн ал-Хусайн ибн Мухаммад әл Қашғари ( 1029—1101) —
түрік ғалымы. Ол Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірінің отбасында
13
дүниеге келген. Оның әкесі Қашқарда туып-өскен және Баласағұн қаласын
басқарған. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз тегін
туған жерінің атымен атаған. Қазақша айтсақ - қашқарлық дегенді білдіреді. Ол
сол заманғы араб мәдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат
қаласында біраз уақыт тұрғанда «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің
жинағы») еңбегін жазды.
1914-
15 жж. «Диуани лұғат ат-түрік» қолжазбасын алғашқы рет базарда
түрік ғалымы Али Амири сатып алады. Ол Киласли Рифатқа қолжазбаны ретке
келтіруді тапсырды. Рифат қолжазбаны көшіріп, 1915 жылы бірінші және
екінші кітапты, ал 1917 жылы үшінші кітапты Стамбул қаласында шығарады.
Осы кезден бастап еңбекті жан-жақты зерттеу басталады.
Бұл жинақ орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы
деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты
материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек. «Диуани лұғат ат-
түрік» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте
адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында
кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді.
Ж. Баласағұнның ізімен М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі
тайпаларының тілдік құрылыстарын жүйе-жүйемен баяндауға арналған.
Қашқаридың ізбасарлары Фарабтық Исхак ибн Ибрахим әл Фараби (Джаухари),
оның "Диван аль-адаб фи" байан лугат аль-'араб" еңбегі ("Араб тіліндегі әдеби
туындылардың жинағы") Бируниге сүйенді. Дәрілік құралдардың түрікше
атаулары Бируни мен Қашғари еңбектерінде бірдей. Махмұд тамаша арабша
филологиялық білімімен қатар орта ғасырдағы мұсылман ғылымының барлық
салаларын терең білгені байқалады.. "Бұл кітапты, - деді Махмұд – мен әліпби
ретімен жаздым, мақалалармен, садж (рифмтелген проза), мәтелдермен,
өлеңдермен, раджаз (әскери мазмұндағы өлеңдер) және прозадан алынған
үзінділермен толықтырдым. Ол ең әуелі аз әріптерден құралатын сөздерді
береді де, одан әрі әріптің санына қарай дамытып отырады. Қандай сөздерді
беріп, қандай сөздерді бермеу мақұл дегенде, сол кезеңде тайпалар тілінде
қолданылып жүрген яғни, актив сөздерді ғана беру керек деп мәлімдейді. Ол
сөздік жасауды әйтеуір білген, естіген сөздерді тізе беру деп қарамайды.
Сонымен қатар автор тілдің сөздік құрамындағы актив сөздер мен пассив
сөздерді айыра қарап, екеуін екі түрлі құбылыс деп есептейді. ''Түркі тілдері
сөздері жинағының'' лексика-графикалық мәні мұнымен ғана бітпейді. Онда
антоним мен синоним сөздер, омоним сөздер мен метафоралар, диалектілік
сөздер бас-басына ажыратылып түсіндіріліп отырады. Ал мұндай жүйеге
келтіру, байқампаздық Қашқари заманындағы лингвистика үшін аса бір ірі
табыс еді. Автор ескірген сөздерді, шеттен кірген сөздерді сөздікке енгізбедім
деп мәлімдейді. Махмұд Қашғари 1072-1074 жж. халифа әл-Муктадиға
арналған ''Түркі тілдері сөздерінің сөздігін'' жазды. Онда тәлім-тәрбие,
дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер
айтылады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында
ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от
шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр
14
сырғып жоғалар», «Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің
ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас…», «Ұлым менің, ақыл
сенің серігің», «Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді
тарылтады». Сөздікте қаншама адамгершілікті, рақымшылдықты, дәріптейтін
тәлімдік ой-пікірлер орынды берілген: «Даналардың сөзі – ақыл, зер салсаң,
зердеңе қонар», «Рақымшыл болсаң, менмен болма», «Рақымың болмай
мақтансаң, қиын-қыстауда қиналарсың», «Туғаныңның мәртебесін өсіргің
келсе, сый-сияпат көрсет…»
Махмұд Қашғаридың "Диван" ("Сөздік") – фонетикалық және
морфологиялық құбылыстар, диалектілік айырмашылықтар туралы ұғымдарды
беретін ертедегі түрік диалектологиясы туралы жалғыз ескерткіш. Онда Орта
Азия, Шығыс Түркістан, Еділ, Орал бойларын мекендейтін барлық түркі
халықтары тілдерінің элементтері бар. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' кітабы тілінің
сөздік қорында болса да, грамматикалық құрылысында болса да қазіргі қазақ
тілі материалдарымен сай түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық
өзгерістеріне қарамай, мәндес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге
болады. Мұның өзі Қашқари еңбегін қазақ тіліне жақындығы тұрғысынан
зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса қажет екендігін дәлелдейді.
Еңбекті және оның тілін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан.
Мысалы, Броккельман К. әліпби ретімен сәйкес сөз тіркестерін келтіріп, неміс
тіліне аударды. Түрік ғалымы Басым Аталай 1914 жылы қолжазбаның
көшірмесін түрік тіліне аударып, үш томын Анкара қаласында 1934-1943 жж.
басып шығарды. 1960-67 жж. ғалым С. Муталибов еңбекті өзбек тіліне аударды.
Кейін еңбек ұйғыр тіліне Қытайда басып шығарылды.
Азербайжан ғалымы А. Демирчизаде айтуы бойынша еңбекті
азербайжан тіліне аударды. Н. А. Баскаков Қашқариды «түрік тілдерін
салыстыруда тұңғыш болды», Самойлович А. Н. - «11 ғасырдың Радловы» деп
атады. Еңбектің мазмұны бойынша түріктердің экономикалық, материалдық
және рухани байлықтары туралы өте құнды мәліметтерді қамтиды. Осы еңбекте
әдебиет, географиялық және астрономиялық туралы құнды мәліметтер
қамтылады. Академик И. А. Кононов қамтылған материалдар бойынша
«Диуани» 5 салаға бөледі:
1. Белгілі бір рулардың сөздік қоры, лексикасы;
2. Түрік тайпаларының орналасқан жері туралы мәліметтер;
3. Түрік тілдерін топтастыру;
4. Тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер;
5. Тарих, география, этнография, поэзия, түріктердің фольклоры туарлы
мәліметтер.
Қашқаридың бұл еңбегі аталған жерлердегі халықтардың мәдени және
рухани байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. А.Н.Кононовтың сөзімен
айтқанда: "Түркі тілдерінің сөздігі" — XI ғасырдың түркілердің өмірі, олардың
материалдық мәдениеті, бұйымдары, тұрмыс-жайлары, этнонимдері мен
топонимдері, қызмет адамдарының дәрежесі, тағам, сусын түрлері, үй
жануарлары мен аумағындағы жабайы аң-құстар, мал шаруашылығы, өсімдік
дакылдары, астрономия терминдері туралы, күнтізбелер, ай, апта, күн аттары,
15
ауру түрлері, дәрі атаулары, анатомиялық терминология, минералдар мен
материалдар туралы, әскери, спорт және әкімшілік терминологиясы, түрлі
тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этностық
терминология туралы, балалар ойындары мен ермектері және басқалар туралы
бірден-бір деректеме болып табылады". Онда 29 тайпаның аты аталады.
Қашқари тайпаларды екі топқа бөліп, батыстан шығысқа қарай орналасу тәртібі
бойынша санап шығады: бегенек, қыпшақ, оғұз, иемек, башқұрт, басмыл, қай,
йабақу, татар, қырғыз, чығыл, тухси, яғма, ырғақ, йарук, йумул, ұйғыр, қытай,
таббач.
Қашқар – ҚХР Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданындағы қала, Ұлы
Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталықтарының бірі. Ұлы ойшыл еңбегінде
6800 түркi сөзiне араб тiлiнде түсiнiктеме берген (110 жер мен өзен атаулары,
40 ру мен тайпалардың атаулары). 242 бәйiт өлең, 262 мақал-мәтел келтірілген.
875 сөз бен 60 мақал-мәтел қазiргi қазақ тiлiнде ешбiр өзгерiссiз қолданылады.
Оның “Түркi сөздерiнiң жинағы” атты еңбегi – этнографиялық мәлiметке бай,
түркi тiлдерiне ортақ әдеби мұра. Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің
бастапқы кезеңіне жататын осы бір үлкен классикалық шығарма. Түркі
халықтарының мақтанышы болған құнды мұра, түркі тайпалары қалдырған
ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі.
Әбунасыр әл-Фараби - түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі,
“
Әлемнің 2-ұстазы” (Аристотельден кейін) атанған ғұлама. Оның толық аты-
жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-
Фараби. Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб
(Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.
Сырдария құйылысы — Мысыр үшін Ніл өзені, Месопотамия үшін Тигр
мен Евфрат қалай болса, Қазақстан тарихындағы ежелгі өркениеттің бесігі
болып саналады. Фараб қаласында халқы 70 мыңдай болатын үлкен қала болған
қалада мызғымас қамалы, мешіттер, базарлар болған. Қала Отырар алқабында
орналасқан. Қалаға шектес аудандары отырықшылыққа бейімделген, егін
шаруашылығымен айналысқан, Қазақстандағы қала мәдениетінің негізін
қалаған. Отырар қала типтес кент ретінде біздің эрамызға дейінгі соңғы
ғасырлардың бірінде пайда болған. Қаланың экономикалық және мәдени даму
масштабы туралы 60-тан астам елді мекен, қалалар мен қамалдардың қираған
үйінділері, қуатты және кең тармақталған суғару жүйесінің іздері осыған дәлел.
Ол құнарлы жерлерді суғару көзқарасы тұрғысынан қолайлы позиция алатын
әртүрлі географиялық ландшафтар тоғысында орналасқан. Қала құрылысының
көне дәстүрлерін және егін шаруашылығында тәжірибесі мол үлкен
соғдылардың қоныс аударуына байланысты Орталық Қазақстанда өзіндік қала
өркениеті қалыптасқан.
Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында,
дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде
саяхат жасаған. Өз өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және
мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты
меңгеріп, толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп
өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы
16
арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болады.
Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған,
әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені
оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о
дүниеден емес, бұ дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр соңында әл-
Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді.
Әл Фараби Бағдад және оның рухани қалыптасу жолындағы ролі туралы
ерекше атап өтеді. Бұл қала, қарқынды дамыған мәдениет орталығы еді,
сондықтан әртүрлі мәдени дәстүрлер мен ілімдердің тоғысқан жеріне айналды.
Әл-Фараби ұжымдық қала туралы: «Бұл қала тоғышар қалалардың бірі
болып табылады, сыртқы пішіне қарап, түрлі-түсті бояуға енгендей әсер
қалдырады, кез келген адам бұл қалада өзінің тілегені мен қалағанын
қанағаттандыра алады. Сондықтан халық қалаға қарай ағылады, орнығып
қалады. Қала күннен-күнге ұлғаюда. Осында рулары әртүрлі адамдар дүниеге
келуде, шығу тегі мен тәрбиелері мүлдем бөлек балалалар өмір есігін ашуда.
Бұл қала әртүрлі бірлестіктерден тұратын, бір-бірінен ерекшеленетін
бөліктерден тұрады, сырттан келген адам жергілікті халықтан ешқандай
айырмасы жоқ, олардың барлық тілектері мен әрекеттері тоғысады. Сондықтан
уақыт ағымына сай қалада атақты адамдар, яғни ғалымдар, шешендер, дана
адамдар, ақындар шығуы мүмкін».
Бағдад сол кезеңдегі ақыл-ойдың Меккесі еді. Олар өз күштерін, білімін
сарп етіп, мектептер ашты, табыстарға қол жеткізді. Осында аудармашылардың
тамаша мектебі жұмыс істеді, онда несториандардың қосқан үлесі зор. Олар
Платон, Аристотель, Гален, Эвклидтің шығармаларын аударды. Үндістанның
мәдени жетістіктерін игеру процесі параллель жүрді. Мұндай жұмыс дербес
шығармашылық белсенділікке әсер етті. Бағдадта Әл-Фарабидің тәлімгерлері
Юханн ибн Хайлан және белгілі аудармашы Абу Бишр Матта болды. Әл
Фараби Юханн ибн Хайлан туралы Аристотель мұрасын шәкірттеріне таратқан
адам ретінде баяндайды. Абу Бишр Матта логикадан сабақ жүргізген. Бірақ,
орта ғасырдағы деректерге қарағанда шәкірті ұстазынан асып түсуі тиіс. Әл
Фарабидің Бағдаттағы жылдарынан бір жағдайда атап өту керек: ол
Аристотельдің «екінші Аналитикасымен» танысу мүмкіндігіне ие болды.
Әл Фараби Харран қаласына келеді, онда Александрия қаласынан қудаланған
несториан ғалымдар тұрған. Ол өмірінің соңғы жылдарын Халеб пен Дамаск
қалаларында өткізеді, Солтүстік Сириядағы — Хамданид Сайф ад-Даул жоғары
құрметіне ие болады.
Әл Фараби 950 ж. желтоқсанда жасы 80-ге келіп, қайтыс болды. Әл Фараби
заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-
гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология,
лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия,
астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина)
ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми
жаңалықтар ашты.
Әл-Фарабидің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық
аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа
17
тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен
тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың
мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя
арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына
жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әл-Фарабидің
философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты
қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың
дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, әл Фарабидің философиялық ілімін
де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл
түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты.
Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән
берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан
кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани
жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан
—
жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан
іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет
қайраткерлерінің қанатты сөздері”, «Азаматтық саясат», «Бақытқа жол сілтеу»
және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт
мәселесіне кеңірек тоқталды. Қоғамдық өмір проблемаларына арналған барлық
еңбектерінен «Китаб ас сийаса ал-маданийа» («Азаматтық саясат» немесе
«Саясат») мұсылман әлеміне барынша танымал болды.
Адамдар бірлестіктерінің ерекшелік белгілері болып табылатын теориялық
және практикалық қайырымдылықтарға тек философияның көмегімен жетуге
болады деп тұжырымдайды ұлы ғұлама. Демек, әл-Фарабидің мемлекет, ел
басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары
бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды.
Шығыстың ұлы ойшылының мол мұрасына бүкіл дүние жүзі қызығушылық
тудыруда. 1975 жылы оның 1100-жылдығын атап өту шарасында үш
халықаралық ғылыми конференция болды: Мәскеуде - «Әл-Фараби және
әлемдік өркениет», Алматыда - «Әл-Фараби және Шығыс елдерінің ғылымы
мен мәдениетін дамыту», Бағдадта - «Әл-Фараби және адамзат өркениеті». Осы
халықаралық конференцияда өткен ғасырда пайда болған барлық рухани,
прогресшіл және демократиялық идеяларын игеру жөнінде жер бетіндегі
әртүрлі халықтардың ғылыми және мәдени ынтымақтастығын кеңейту үрдісі
айқын аңғарылды.
Ұлы ғұламаның 1100-жылдығына байланысты Қазақстанда тақырыптық
жинақтар түрінде әл Фараби шығармалары орыс тілінде жарық көрді. Қазіргі
кезде әл Фарабидің бес томдық трактаты баспадан шығарылды:
«Философиялық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Логикалық
трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Птоломейдің "Алмагесіне"
түсініктеме»; алғашқы екі томы қазақ тілінде жарық көрді. Әл Фарабидің
шығармаларының орыс және қазақ тілінде жарық көруі ұлы ойшылдың толық
шығармашылық бейнесін жаңғыртуда маңызды теориялық негізді құрайды.
Әл Фарабидің 1100 жылдығы біздің еліміздің мәдени өмірінде маңызды
орын алды, әлем мәдениетінің тарихына деген қызығушылық тудырды.
18
1951 жылдарға дейін әл Фарабидің «Софистика» және «Риторика»
трактаттары сақталып келді: ең біріншісі - еврей тілінде, екіншісі – латын
тілінде. Бірақ Ахмед Атеш 1951 ж. Стамбул кітапханасынан логикалық
трактаттардың қолжазбасын тапты, ол қолжазбалардың арасында «Софистика»
және «Риторика» трактаттары болды. 1960 ж. осы трактаттар қамтылған
Братислава қолжазбасы табылды.
Әл-Фараби трактаттары қазіргі кезде ғылыми айналысқа түсті деп санауға
болады — бұл «Китаб ал-Хуруф», қазақша «Әріптер кітабы». «Әріптер кітабы»
—
бұл Аристотельдің «Метафизика» еңбегіндегі араб тіліндегі философтардың
атауларының бірі, онда тараулар грек әріптерімен берілген.
«Китаб ал-Хуруф» —әл Фарабидің бірегей туындысы, оның негізінде
Аристотельдің «Метафизика» еңбегіндегі идеяларды талдау мен саралау жатыр.
Логикалық пайымдауларға көп көңіл бөлінеді Кітап 1970 жылы Бейрут
қаласында шыққан. Аристотельдің ізімен «Метафизикасында» барлық
ғылымдардың негізінің алғышарты болып табылатын философия категориясы
ретінде «бірінші философия» ұғымын жан-жақты саралап, оларды логикалық
ғылымның негізі ретінде қарастырады. «Әріптер кітабы» айрықша жағдайдағы
категориядағы логикалық рольді талдайды.
Әл Фараби логикалық және ғылыми - философиялық терминологияның,
негізін қалап араб және басқа тілдерде ғылыми-философиялық терминдердің
салыстырмалы мәндеріне жан-жақты түсініктемелер беруімен, оларды грек
және сирийлік тілдерінен араб тіліне аудару тәжірибесі, халықтардың тілі және
ғылым тілі, грамматика мен логика терминдері сараланды.
Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер,
шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби
осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Әл-Фараби өз
заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы
энциклопедиясын жасап берді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Касабек А., Касабек С. Искание истины. Алматы, 1998.
2. Григорян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана VII-XII вв.
М., 1980.
3. Ильин В.В. Философия. Ростов н/Д: Феникс, 2006.
4. Фролова И.Т. Философский словарь. М.: Политическая культура, 1991.
5. Социальные, этические и эстетические взгляды аль-Фараби / Бурабаев
М.С., Курмангалиева Г.К., Сагадеев А.В., Брянов В.А. Алма- Ата: Наука,
1984.
6. Гафуров Б., Касымжанов А. Аль-Фараби в истории культуры. М.: Наука,
1975.
19
Египеттің билеушісі және ұлы қолбасшы
Сұлтан Бейбарыс – біздің отандасымыз
Қарағанды мемлекеттік техникалық
Университетінің «Қазақстан тарихы»
кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.
Нұғман Б.Ғ.
Ты продан в рабство в цвете своих лет,
Сполна познаешь горя и лишений,
Но будет дан тобой святой обет:
Ты не потерпишь больше поражений.
Рабом познаешь воина азы,
Но применишь ты их,султаном ставши.
Пройдя сквозь дебри зависти и лжи,
Поднимешь за собой народы наши.
Добрался ты до сказочных высот,
Врага оружием умел ты биться,
Был беспощаден,тверд и был жесток.
Но до сих пор народ тобой гордится.
О. Сулейменов
Кез келген халық - мәңгі, әрі өзінің ұлы ұлдарымен және қыздарымен
даңқты, олар кейінгі ұрпақтарының рухани, ғылыми мұрасына, тарих
беттерінде өшпес із қалдырды. Қазақ елінің осындай ұлдарының бірі – Сұлтан
Бейбарыс (араб еңбектерінде Байбарс). Дешті Қыпшақ даласында туған
Бейбарысты моңғолдардың жеңіспен басып алуынан кейін 800 дирхамға сатып
жібереді, он жасар ұл бала, өзінің алғашқы ұстазы, тәлімгері және әміршісі
(покровителем) болған Бұндұқдәрі саудагердің құлы ретінде Египетке келеді.
Араб әлемінде Сұлтан Бейбарыс туралы ғылыми және әдеби еңбектер мен
аңыздар көп, бірақ оның балалық шағы туралы мәліметтер аз. Түрлі елдердің
ғалымдары, тарихи деректерге сүйене отырып, оны ата-бабалары Каспий
маңындағы аймақтарға таралып кеткен Берш тегіне жатқызады. Тарихи
құжаттарда оның толық аты - Сұлтан Рукн-Ад-Дин Аз-Захир Байбарс аль-
Бұндұқдәрі ас-Салиха Ан-Наджми Ат-Түркі (кейбір деректерде әл-Қыпшақ).
Мамандардың түсіндірмелері бойынша, бұл шамамен: Бұндұқтар тегінің
тәрбиеленушілері, исламның жарқын тірегі Сұлтан Байбарс түріктен шыққан,
Салиха мен Наджми сұлтандардың қолбасшысы деп аударылады. Бұндұқдәрі
құл баланы әскери өнерді үйренуге береді, ол Египет билеушісі Сұлтан
Салиханың қайсар жауынгері болады, соңында таққа отырып, 17 жасында ел
басқарады. Египет мемлекетінде оған дейін де әмірлер болғанымен, араб
әлемінде Сұлтан Бейбарыс Египет мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретінде
саналады.
20
Сұлтан Бейбарыс тақырыбы қазақстандық жазушылар мен зерттеушілерді
бұрыннан қызықтырып келеді. Олжас Сүлейменовке көп тыңдаушылар үшін
қыпшақ-мәмлүктер тақырыбын алғаш ашушы атағы беріледі: 60-70 жылдардың
жарияланымдарында оларды осы өз тумалары туралы мүлдем ұмытқан өз
орталарына – Қазақстан жеріне қайтара бастады. Белгілі қазақ жазушысы
Сауырбек Бақбергенов «Айтаңсық» (Бейбарыстың кіші қарындасының аты)
әңгімесін, Морис Симашко «Емшан» повесін, Қойшығара Салғарин, Тұрсын
Жұртбаев және басқа да шығыстанушылар зерттеу жұмыстарын жазды, ал
белгілі ақын Аманқос Ершуов «Бейбарыс» поэмасын жазды.
С. Ақынжановтың «Орта ғасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар»
(1995) ғылыми монографиясы жарыққа шығардан бұрын Мәмлүктер
мемлекетінің саяси-тарихи және мәдени феноменінде қышпақ субстанциясы
квинтэссенция тақырыбы талантты және мақтанарлық үлесін тапқан әрбір
қазақстандық үшін аңызға айналған С.Н. Марковтың, М. Симашконың, Ю.
Плашевскийдің, І. Есенберлиннің есімдері тұр. Тек осы жалғыз ғана
жұлдыздық тізім, объективті түрде оның зор гносеологиялық, мәдени-
идеологиялық әлеуеті туралы белгі бере отырып, берілген тақырыптың жоғарғы
беделін қамтамасыз етеді. Ақырында, Бейбарыстың жауынгерлік, сондай-ақ
трагедиялық кейіпкерін жаңа заманның ұлы актері Нұрмұқан Жантөрин
ойнаған көркем суретті фильм «Бейбарыс».
Бейбарыс шамамен 1225 жылы Елбарлы немесе Берш қыпшақ тегінің
Еділ (Волга) мен Жайық (Урал) өзендерінің арасында туған. Әкесі Жамақ пен
шешесі Әйнек белгілі тұқымнан болған. Туған кезде берілген Махмұддін
немесе Махамеддин есімімен Сұлтан Бейбарыс толысқан кездерінде аталады.
Бейбарыс пен оның тайпаластарының тұтқындалуы мен құлдығы нақ 1239-40
жылдары моңғол ордаларының найзағай отындай басып кіруі кезеңіне келеді.
Әл-Юниниге сәйкес, Бейбарыс тұтқынға 14-15 жастан аспаған кезінде түседі.
Шығыста қайраулы пышақ қап түбінде жатпас дегендей Аюби сұлтанның
көзіне түскен Бейбарыс монархтың нөкерлерінің арасында жақын арада пайда
болады. Тәңірберді жазғандай «сатып алғаннан кейін тақсыр оған еркіндік
сыйлап, өзінің мәмлүктерінің қатарына енгізді. Өзінің тәлімгерімен бірге
Бейбарыс Думияттық шайқасқа қатысты». Осы сәттен бастап, Бейбарысқа әмір
атағы беріледі және өзінің атына қоса «ас-Салихи ан-Наджми әл-Аюби»
үйлесімін қосады, бұл «Аюбидтер әулетінен құрметті Нәжмидден тақсырдың
мәмлүгі» деген сөз.
Ол сұлтан ас-Салиха (Египет пен Сирия билеушісінің) әскерінде қызмет
етеді, Бейбарыс исламды қабылдап, осылайша еркіндік алады. Еркіндік алған
соң, Ніл өзеніндегі ар-Рауда аралында (Бахр ан-Нил) болады, онда сол
жылдарға сәйкес әскери училище орналасқан болатын. Оның «түлектерін»
аралдың атауы бойынша «бахриттер» деп атаған. Бахриттік мәмлүктердің
корпусының негізін Саладин (Салах ад-Дин) салған. Бұл таңдаулы бөлімшелер
болды, олардан сарай маңындағы гвардия және сұлтанның жеке күзеті
құрылды. «Сиасет-наме» сәйкес, Бейбарыс мәмлүк казармаларында сегіз
жылдық дайындықтан өтті. Сегіз жылдық оқу мен қызмет мерзімі Бейбарыс
үшін билік шыңына жетер жолдың алғашқы баспалдағы болды. Келесі
21
сатыларда хейль-басы, хаджиб, атабек, эмир шендерін алу және әскербасы
немесе аймақ наместнигі болу мүмкіндіктері ашылды. Әскери майданда Әл-
Мансұр бекінісінде болған франктармен шайқас кезінде оның атағы жайылады.
1249 жылы крестік жорықтың қолбасшысы, қасиетті деп аталған француз
королі Людовик IX Египетке «Қасиетті жерге кірер тұс» ретінде жанары түседі.
Ол Дәмиетті қаласын алды, одан әрі Каирға қарай жылжыды. Шайқас болды,
Людовик IX әскері жеңіліске ұшырады, олардың көбісі тұтқынға түсті, оның
ішінде корольдің өзі де бар. Көрсеткен ерлігі үшін Бейбарыс «франктар
жеңіскері» атағын алды. Алайда, кенеттен египет билеушісі сұлтан ас-Салих
қайтыс болады. Жаңа сұлтан Тұраншах өзінің тәкаппар қарым-қатынасымен
мәмлүктерді өзіне қарсы қояды. Өздерінің әскери күштерін сезінген мәмлүк
әмірлері Бесбарыстың бастауымен сол жылы Тұраншахты өлтіреді. Таққа ас-
Салих сұлтанның жесірі Аюба Шаджар ад-Дурр және оның күйеуі болған
Айбек мәмлүк көтеріледі.
Шаджар ад-Дуррдың таққа көтерілуінің негізгі себебі ретінде, ол ас-
Салихтың балаларының, яғни египет тағының мұрагерлерінің анасы болу
жағдайы қызмет етті. Барлық ресми құжаттарда Шаджар «Халилдің шешесі»
ретінде қол қояды, ал жұма сайын мешіттерде құтбада «ас-Салих сұлтанның
әйелі» ретінде айтылады. Сонымен, осының бәрі мәмлүктерге Шаджар ад-
Дуррды, жай сұлтанша емес, «Мұсылмандар патшайымы» ретінде көтеруге
себеп болды. Оны билігі бар болғаны сексен күнге созылды, бірақ нақ сол
жаңа кезеңнің –мәмлүктердің билеу кезеңінің басына жол салды.
Бейбарыс сұлтан болған кезде қыпшақ жерлері Алтын Ордаға тиісті
болды, оны моңғол ханы Берке Құлағу басқарды. Бейбарыс оған ең алдымен
достық пейілін білдіре отырып, хат жазды. 1262 жылы сұлтан Алтын Ордаға
өзінің елшісін жібереді, моңғол империясымен әскери, сауда, мәдени, діни
байланыстар бекітіледі. Осы әскери-саяси одақты нығайту ниетімен Бейбарыс
Берке ханның қызына үйленеді де, осы некеден екі ұлы болады, олар әкесі
қайтыс болғаннан кейін елді аз уақыт басқарады (үлкені – үш жыл, кішісі – үш
ай).
Бейбарыс тарихта және халық жүрегіне жарқын із қалдыра отырып, өзі
тумаған аймақты он жеті жыл билейді. Билікті алғаннан кейін Бейбарыс
сарайда орын алған өзара соғыстарды бірден біржола қойғызады. Ол өз
аймағындағы әрбір қаланы нығайтты, олардың әрқайсысында тұрақты әскер
ұстады. Оның қол астында қатаң тәртіп орнады: шарап ішуге тыйым салды,
жезөкшелік жойылды. Барлық өзендерде көпірлер мен бөгеттер салынды. Әрбір
қалада аз дегенде бір мешіт пен базар пайда болды. Құбырлар жүйесі енгізілді.
Қазақтың «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» және
«Қарадан шығып хан болмас» деген логикасына қарсы, қыпшақ мәмлүктер өз
әулетін таққа шығаруда ғана емес, сондай-ақ геосаяси күш полюсінің бірінің
132 жыл егеменді және өз бетінше дамуында Бейбарыс, Қалауын сұлтандардың
айтарлықтай көрнекті үлестеріне бекітілген тарихтың аты шулы өзі жайлы
даңқын қалдыруда өжеттілік танытты.
Бейбарыс Шығыстың барлық араб иеліктеріне, Орта Азия Селжүктеріне,
Кіші Арменияға әмірші болды. Сұлтанның мөрінде өр көкірек барыс
22
бейнеленген. Бейбарыс бүкіл әлемге аты жайылған батырлардың бірі болды.
Бұл адам, Дәмиетте (Думияте) крестшілерді талқандап, француз королі
Людовик ІХ Мансұр шайқасында тұтқындап, крестік жорықтарға соңғы
нүктесін қойған өзінің атын зор атақпен жапты. Ол өзінің жанжалшыл
көршілерінің «тәбетін» мәңгілікке жапты, олар мәмлүк мемлекетімен санасуға
мәжбүр болды.
Сұлтан Бейбарыстың арқасында Египет пен Сирия моңғол
шапқыншылығы мен крестік жорықтардан қорғалды. Мәмлүктер мемлекеті
жайнай түсті, бұл Бейбарысқа дейін және одан кейін болмаған. Мәмлүктер
мемлекетінің төртінші сұлтаны - Рукн-Ад-Дин Аз-Захир Байбарыс тағдыры өте
қызық және қарама-қайшы. Бейбарыс – құл болудан бастап Египет, Шама
(қазіргі Сирия, Ливан, Иордания, Израиль, Палестина, Ирак Евфратқа дейін),
Жерорта теңізі бекіністері Румға дейін (қазіргі Түркия) жерлері кіретін ұлан
байтақ аймақтың әміршісіне дейін көтерілген адам.
Бейбарыс бірдей табыстармен қызметтің түрлі салаларында өзін көрсетті.
«ежелгі мәмлүктердікі» ретінде танымал сәулет стилінің негізін қалаушы,
Мұхаммед пайғамбардың Мәдина мешітін, Иерусалимдегі мешітті түкпілікті
жөндеу «прорабы», әлемдегі ең бірінші исламдық оқу орнының реставраторы,
жетім балаларға мемлекеттік қамқорлық көрсету институтын ұйымдастырушы,
империяның еріксіздер базарындағы барлық этникалық түріктердің
құтқарушысы, ғалымдар мен дінді жақтаушыларды ізет тұтушы. Империяда
тарихи әдебиеттердің айтарлықтай жоғарылауы басталады, энциклопедиялар
шығарылады. Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянына арналған оның хатшысы әрі
жерлесі Абд-аз-Захир жазған тарихи еңбек те пайда болды. Қолөнер мен
сауданың дамуы ең жоғарғы шыңына жетеді. Мәмлүктерге әлемнің барлық
түкпір-түкпірінен саудагерлер келе бастайды.
«Жеңімпаз мәмлүк (әмірші) Бейбарыс қайсар және күшті болды, еңбегі
сіңген, әрі майталман атағы болды, сұлтан атағына толық сәйкес, мемлекеттік
істер мен мәселелерде кемеңгер түрде ақылды және білгір болды. Бұл ұлы
патша еді, оның алдында шығыс және христиан мәліктері (әміршілері) тізе
бүкті. Ол бір орында отыруды жек көретін, оның бағыттары мен резиденция-
лары Шама – Димашка және Халабада болды. Ол жорықтарда жиі болды,
өзінің есімін ол батырлықпен ізденіп тапты және ұрыс даласында да теңдессіз
батыл болды. Қыс болсын, жаз болсын – ол аттан түспейтін. Оның жүректілігі
мен ерлігінің белгісі ретінде таңбада (герб) арыстанның бейнесі болды.
Әскерінің даңқын көтермелеу үшін, ол соғыстарда басып алынған олжаны
солардың арасында әділдікпен бөлу дәстүріне ие болатын. Жорықтарды
ұйымдастыру үшін, дәулетті азаматтардың мүліктерін тәркілей отырып, көп
қаражат жинады.
Бейбарыс тұлғалы, ұзын бойлы, ақ құба, дөңгелекше сақалы болды.
Сақалында бір де бір ақ тал көрінбейтін. Оның маршы кезінде халық оған
бірден өзінің ыстық сүйіспеншілігі мен қолдауын айтатын. Шариғаттың Болат
Семсері, Бейбарыс ғалымдар мен діншілдерді қатты құрметтеді және адамдарға
мейірімділік пен қайырымдылық көмек көрсетуді жақсы көретін», -деп ибн
23
Ийас өзінің «Бадаиг аз-зухур фи уакаиг ад-духур» ұлы мәмлүкті осылай
сипаттайды.
Осы қасиеттерінің тізімін әбден жалғастыра беруге болар еді, себебі
замандастары мен сұлтанның құзыретіңдегілер, сондай-ақ кейінгі отандастары
онда көптеген және түрлі аспектілік бақылаулар мен бағалаулар қалдырған.
Даңқты рыцарь, ақылды саясаткер, виртуоздық дипломат және жарқын
менеджер бейнесінен басқа, онда үй ішілік, мысалы сенімді дос және қамқор
әке сияқты жұмсақ қырлары да ашылады.
1277 жылы Бейбарысты оның уәзірі қыпшақ Қалауын, қымызға у қосып,
уландырады. Сұлтанның соңғы өтініші бойынша оны Дария қаласына (қазіргі
кезде Дамаскіге кіреді), Баб әл-Барид зиратына жерлейді. Оның биографтары
дәлелдегендей, Бейбарыс өзінің өмірін шыққан жерінде, отанында аяқтағысы
келген. Бірақ Сирияға жерленген осы қыпшақ, мәмлүк, сұлтан – бөтен жерде,
арабтардың өздерінен де артық істер жасады.
Әз-Захир – Каирдың орталық тұрғын аудандарының бірі. Оның
тұрғындары, кварталдарына аты берілген ұлы Бейбарыстың ерліктері мен істері
туралы айта алады. Квартал Каирдің шет жағында бір кездері Бейбарыс
салдырған, қазіргі кезге дейін пайдаланылатын бекініс мешіттің құрметіне
аталған, бірақ қаланың өсуіне қарай астананың нақ ортасына тұр. 17 жыл
билеген кезінде Бейбарыс Каирдің құлпыруына, гүлденуіне аз істер жасаған
жоқ. Нақ сол Бағдаттан осында Араб халифатының астанасын көшірді.
Президент Н.Ә. Назарбаев Каирдегі Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге
шынайы қызығушылық танытты. Қазақстан – Дешті Қыпшақтың ұлы
даласының тікелей мұрагерлерінің негізгісі және ірісі – мешіт михрабын
(Қаабы порталы) қаптау үшін қазақ даласынан таза жыныстық тас әкелуге
дайын. 2000 жылы 4 шілдеде Атырау қаласында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
аңызға айналған тұлғаларға - Сұлтан Бейбарыс пен Құрманғазыға ескерткіш
ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |