Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата22.12.2016
өлшемі2,59 Mb.
#246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

қиналамын, 19,3 

33 
мүмкін  бола  алады.  Оған  өз  кезегінде  әлеуметтік  тәжірибесі 
мол ер адамдар аса сенімділік білдіреді. 
10 – диаграмма
 «Сіз қалай ойлайсыз, мүшелері түрлі діни сенімді ұстанатын 
отбасылар мықты бола алады ма? Мысалы, әртүрлі конфессияға 
жатады немесе біреуі – діндар, ал екіншісі – атеист)?» 
сұрағына жауаптар (жыныстық тұрғыдан), %
Әр  түрлі  этнос  өкілдерінің  56%-ы  бір  отбасының  ішінде 
бірнеше  діни  көзқарастың  болуын  жоғары  бағалады,  ал 
орыстар  55,2%-ды,  қазақтар  39,6%-ды  көрсетті.  Керісінше, 
қазақтардың  40%-ы,  өзге  ұлт  өкілдерінің  31,3%-ы,  орыс-
тардың  23,7%-ы  қолдамайтындықтарын  айтты.  Бұл  көрсет-
кіштер  қазақстандықтардың  діни  дәстүрге  берік,  діни  құн-
дылықтарының  терең  екендігін  байқатты  және  жары  өзге 
конфессияға  жатса,  бірін-бірі  түсінбеушілікке,  отбасының 
күйреуіне әкелуі мүмкін. Дегенмен де, қазақтардың келесі бір 
жартысы  төзімділік  пен  өзара  түсіністікке  бағытталған  ұлт-
тық саясаттың  аясында мұндай шиеленістерді айналып өтуге 
болады дейді. 
2 Отбасына қатысты көзқарастар өзгерісі
 
49 
32,6 
18,4 
44,9 
35,1 
20,0 
Түрлі конфессияда болу, 
отбасына кедергі 
келтірмеу керек 
Түрлі конфессияда болу 
отбасының күйреуіне 
әкеледі 
Жауап беруге қиналамын 
Еркектер 
Әйелдер  

34
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
11 – диаграмма
«Сіз қалай ойлайсыз, мүшелері түрлі діни сенімді ұстанатын 
отбасылар мықты бола алады ма? Мысалы, әртүрлі конфессияға 
жатады немесе біреуі – діндар, ал екіншісі – атеист)?» 
сұрағына жауаптар (этностық тұрғыдан), %
Респонденттердің жас көрсеткішіне қарай талдайтын бол-
сақ,  жасы  үлкендердің  арасында,  діни  сенімдерінің  әр  түрлі 
болғандығынан отбасының күйреу үрдісі байқалады.  
12 – диаграмма
«Сіз қалай ойлайсыз, мүшелері түрлі діни сенімді ұстанатын 
отбасылар мықты бола алады ма? Мысалы, әртүрлі конфессияға 
жатады немесе біреуі – діндар, ал екіншісі – атеист)?» 
сұрағына жауаптар (жас көрсеткішіне қарай), %
 
39,6 
55,2 
56,1 
40,2 
23,7 
31,3 
20,2 
21,1 
12,6 
Қазақ 
Орыс 
Өзге ұлт өкілі 
Жауап беруге 
қиналамын 
Түрлі конфессияда 
болу отбасының 
күйреуіне әкеледі 
Түрлі конфессияда 
болу, отбасына кедергі 
келтірмеу керек 
 
44,1 
49,8 
47 
45,2 
31,7 
33,9 
34,5 
37 
24,2 
16,3 
18,5 
17,8 
18-29 жас 
аралығы 
30-45 жас 
аралығы 
45-60 жас 
аралығы 
61 жастан 
асқандар 
Жауап беруге 
қиналамын 
Түрлі конфессияда 
болу отбасының 
күйреуіне әкеледі 
Түрлі конфессияда 
болу, отбасына 
кедергі келтірмеу 
керек 

35 
Білім  деңгейіне  қарай  талдайтын  болсақ,  түрлі  топтағы 
әрбір  үшінші  респондент,  жарының  басқа  конфессиядан  бо-
луы  ажырасуға  әкеледі  десе,  келсі  бір  жартысы  отбасы  үшін 
конфессиялық шығу тегі маңызды емес деп санайды. 
Бұл  көрсеткішті  түрлі  жастағы  респонденттер  теңдей 
көрсетті. 
13 – диаграмма
«Сіз қалай ойлайсыз, мүшелері түрлі діни сенімді ұстанатын 
отбасылар мықты бола алады ма? Мысалы, әртүрлі конфессияға 
жатады немесе біреуі – діндар, ал екіншісі – атеист)?» 
сұрағына жауаптар  (білім деңгейі тұрғысынан), %
              
Бұрындары  некеде  тұрғандармен  салыстырғанда  нақты 
уақытта некеде тұрғандардың көрсеткіші көңіл қуантарлық. 
2 Отбасына қатысты көзқарастар өзгерісі
 
46,2 
45,5 
41,2 
49,6 
45,3 
38,5 
36,3 
38,1 
30,4 
34,7 
15,4 
18,2 
20,6 
20 
20 
Ғылыми дәрежесі бар 
Жоғары білімі бар  
Аяқталмаған жоғары 
білімі бар 
Арнайы орта, кәсіби 
білімі бар 
Жалпы орта білімі бар 
Жауап беруге 
қиналамын 
Түрлі конфессияда 
болу отбасының 
күйреуіне әкеледі 
Түрлі конфессияда 
болу, отбасына кедергі 
келтірмеу керек 

36
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
14    –  диаграмма
«Сіз қалай ойлайсыз, мүшелері түрлі діни сенімді ұстанатын 
отбасылар мықты бола алады ма? Мысалы, әртүрлі конфессияға 
жатады немесе біреуі – діндар, ал екіншісі – атеист)?» 
сұрағына жауаптар (отбасылық жағдайы тұрғысынан), %
                           
Респонденттердің  тұрғылықты  жеріне  қарай  берген  жа-
уаптарын  қарастыратын  болсақ,  конфессиялық  шығу  тегі 
ерлі-зайыптылардың  некелеріне    әсер  етпейді  деп  санайтын 
ауылдықтардың  саны  51,3%,  ал  олардың  қалған  үштен  бір 
бөлігі  бұл  жағдай  ажырасуға  әкеледі  дейді.  Әрбір  төртінші 
ауыл тұрғыны(23%)  мен әрбір жетінші (14,1%) қала тұрғыны 
жауап беруге қиналды.    
15    –  диаграмма
«Сіз қалай ойлайсыз, мүшелері түрлі діни сенімді ұстанатын 
отбасылар мықты бола алады ма? Мысалы, әртүрлі конфессияға 
жатады немесе біреуі – діндар, ал екіншісі – атеист)?» 
сұрағына жауаптар (қоныстанған жеріне қарай: қала/ауыл), %
      
 
47,9 
34,5 
17,6 
41,8 
44,2 
14 
10,2 
21,3 
68,5 
Түрлі конфессияда болу, 
отбасына кедергі 
келтірмеу керек 
Түрлі конфессияда болу 
отбасының күйреуіне 
әкеледі 
Жауап беруге қиналамын 
Жауап жоқ 
Екінші рет некедемін 
Бірінші некедемін 
 
Түрлі конфессияда 
болу, отбасына 
кедергі келтірмеу … 
Түрлі конфессияда 
болу отбасының 
күйреуіне әкеледі 
Жауап беруге 
қиналамын 
43,5 
33,3 
23,2 
51,3 
34,6 
14,1 
Ауылдық тұрғындар 
Қала тұрғындары 

37 
Егер отбасы аясындағы этносаралық және конфессияаралық 
төзімділікті салыстыратын болсақ, респонденттер көбіне туыс-
тары мен жақындары арасындағы ұлтаралық келісімді сақтап 
қалуға  тырысатындарын  айтады.  Отбасының  дүниетанымына 
қатысты сұраққа, 44,1% бен 49,8%  арасындағы респонденттер 
«отбасы мүшесінің өзге конфессияға жатуы, отбасына кедергі 
болму  керек»  дейді.  Түрлі  жастағы  респонденттердің  үштен 
бірі,  яғни,  31,7%  бен  (18–29  жас  аралығындағылар)  37%-ы 
(61жастан  жоғарылар)  отбасы  мүшесінің  өзге  конфессияға 
жатуы міндетті түрде кикілжіңдерге әкелетінін айтады.
Көбіне  діни  төзімділік  жағдайы  төмен  отбасыларға  тән. 
Олардың 37,1%-ы  отбасы мүшесінің өзге конфессияға жатуы 
кикілжіңдерге  әкеледі  деп  санайды.  Бұл  сұрақ  бойынша 
жағдайы  жақсылардың  көрсеткіші  40%-ға  дейін  өссе,  ау-
қаттылар  түрлі  конфессиядағылардың  отбасы  құруын  мүл-
дем  қолдамайды.  Бұл  жағдайы  жақсы  қазақстандықтардың 
ұлтаралық  және  діни  келісімді  сақтап  қалуға  бейім  екен 
көрсетеді.
2 Отбасына қатысты көзқарастар өзгерісі

38
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 
МЕН ГЕНДЕРЛІК РӨЛДЕР ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ
3.1 Отбасылық өмірге қатысты респонденттердің 
құндылықтарды таңдау  иерархиясы
Респонденттердің  отбасылық  тәжірбиелерін  қарастыру, 
олардың  ұстанымдарын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Барлық 
отбасының ұстанатын өзіндік қағидалары, дәстүрлері бар және 
ол дәстүрлер белгілі бір құндылықтар жүйесіне сүйенеді. Дәл 
осы  құндылықтар  арқылы  отбасының  қандай  үлгіде  екенін 
анықтауға болады.  
Отбасының жетістікте өмір сүруіне қатысты еркек пен әйел 
тең  жауап  береді.  Қаржы  мәселесі  бірінші  орында  (95,2%  ер-
кектер, әйелдердің көрсеткіші де дәл осындай) тұр. Осы орай-
да,  «материалдық  жағдайдың  жоғары  болуы  бақытты  отбасы 
болуының  кепілі  ме  немесе  керісінше,  жағдайы  нашар  отба-
сылар ақшасыз да бақытты бола ала ма?» деген сияқты сұрақ 
туындайды. Әрине мұндай сұрақ бәрін мазалайды дей алмай-
мыз, дегенмен, барлық отбасының жақсы өмір сүруі үшін, бала 
тәрбиесімен толыққанды айналысу үшін барынша жағдайлар 
жасалыну керек. Байлық бәрін бақытты етпесе де, бақытты от-
басы болудың алғышарты болуы мүмкін. 
Ерлі-зайыптылар  арасындағы  махаббат  екінші  орында 
(қаржыдан кейін) тұр, тіпті еркектер әйелдерден басып (93,8% 
еркектер, 92% әйелдер) озды. Бұл көрсеткіштер отбасындағы 
қаржылық  тапшылыққа  қарамастан,  бірінші  орынға  махаб-
баты  қоятындықтарының  дәлелі.  Әсіресе  еркектердің  әйел-
дерді  басып  озуы  қуантады.  Дәстүрлі  нағыз  еркектің  бейнесі 
ақырындап  өзгеруде.  Еркек  қанша  мықты,  ұстанымды  бол-
ғанымен жүрегі махаббат пен нәзіктілікті қалайды.
«Отбасы мүшелерінің салауатты өмір салты» бағанасын ер-
кектер мен әйелдердің 92,2%-ы таңдады. Ұлт саулығы үшін әйел 
мен еркектің репродуктивтік денсаулығы маңызды. Бұл бағытта 
еркектерге қарағанда, әйелдер үшін көп жұмыстар жасалуда. 

39 
16 – диаграмма
 «Айтыңызшы, төменде берілген параметрлердің қайсысы сәтті 
отбасылық өмір үшін  маңызды мәнге ие, ал қайсылары аса маңызды 
емес?» сұрағына жауаптар, %
3 Қазақстандықтардың отбасы құндылықтары 
мен гендерлік рөлдер туралы пікірлері
 
95,3 
94,7 
73,8 
76,1 
92,7 
92,23 
94,3 
80 
78,1 
67,9 
88,4 
92,8 
89,6 
91,4 
87,2 
87 
83 
92,8 
3,8 
4,4 
23,1 
21,6 
5,7 
6,5 
4,4 
17,4 
19,1 
27,3 
9,3 
5,9 
8,7 
6,9 
10,5 
11,1 
14,7 
3,7 
Отбасының қаржылай жағдайы 
Өз баспанаңның болуы 
Белгілі бір жерде (қалада немесе ауылда, 
өңірде) тұру мүмкіндігі 
Мамандық/алынған білім бойынша жұмыс 
Балаларға жақсы білім беру мүмкіндігі 
Отбасы мүшелерінің салауатты өмір салты 
Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы 
Демалыс күндері уақытты бірге өткізу 
Демалыс кезіндегі ортақ сапарлар 
Болып жатқан жағдайларға деген ортақ 
бағалаулар 
Түрлі ұрпақтар (ата-аналар мен балалар) 
өкілдерінің арасындағы өзара түсіністік пен … 
Жұбайлар арасындағы махаббат 
Келісімге келу қабілеті, тыңдау және көне білу 
Отбасындағы жасы үлкен мүшелеріне 
қамқорлық жасау 
Ата-аналар мен балалардың түрлі мүдделерін 
реттеу қабілеті 
Мемлекет тарапынан отбасын әлеуметтік 
қолдау 
Отбасының туысқандарымен, көршілерімен, 
достарымен, әріптестерімен араласу мүмкіндігі 
Болашаққа деген сенімділік 
Жауап беруге қиналамын 
Маңызды емес 
Маңызды 

40
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
Үлкендерге  құрмет  көрсету  мен  балалардың  болашағына 
(балаларына сапалы білім беруді еркектердің 93%-ы, әйелдер-
дің 92,4%-ы таңдады) қатысты берілген жауаптардың көрсеткіші 
әр  түрлі.  Бұл  қазақстандық  еркектердің  отбасы  саясатына 
қатысты  белсенділіктерінің  артып  келе  жатқанын  көрсетеді: 
отағасылар отбасындағы үлкендерді де, сонымен қатар, бала-
ларын да өз қамқорлығының астына алуға тырысады. Қазақтың 
ұлттық  дәстүрін  жаңа  қырынан  танытатын,  қазақстандық  от-
басындағы әкенің жаңа бейнесі қалыптасып келе жатыр.
Қазақстандық  қоғамдағы  әйелдің  рөліне  қатысты,  әйел-
дердің  88,3%-ы,  еркектердің  85,7%-ы  әлеуметтік  қолдаудың 
бар екенін айтса, бақытты отбасы болу үшін болашаққа деген 
сенімділіктің  қажеттілігін  еркектердің  93,5%-ы,  әйелдердің  
92%-ы  атады.  Еркектердің  83,3%-ы,  әйелдердің  82,7%-ы  әлеу-
меттік қарым-қатынасқа деген қызығушылықтарын білдірді. 
Гендерлік тұрғыдан әйелдер (70,9%) еркектерді (64,6%) ба-
сып озды. «Өзаратүсіністік» графасында да әйелдер 89,4%-ды, 
еркектер  87,4%-ды  көрсетті.  Әйелдер  отбасындағы  келісімді 
қарым-қатынасты орнату арқылы, оның тұрақты болуына тал-
пынады. Ал отбасы тұрақтылығы, мемлекет тұрақтылығының 
кепілі болып табылады.  
Отбасының  қаржылық  жағдайын  маңызды  деп,  өзге 
ұлт  өкілдерінің  98,7%-ы,  орыстардың  95,7%-ы,  қазақтардың           
94,0%-ы  санайды.  Бұл  көрсеткішті  қазақ  отбасының  жағдайы 
өзге  ұлттарға  қарағанда  жақсырақ  болуымен  түсіндіруге 
болады. 
Өз баспанасының болуын маңызды деп, өзге ұлт өкілдері-
нің 98,3%-ы, орыстардың 94,5%-ы, қазақтардың 93,6%-ы жауап 
берді.  Өз  мамандығы  бойынша  жұмыс  жасауды  өзге  ұлт 
өкілдерінің 82,6%-ы, орыстардың 77%-ы, қазақтардың  73,7%-ы 
маңызды деп есептейді. 
«Балаларға  сапалы  білім  беруді»  өзге  ұлт  өкілдерінің  
95,2%-ы, орыстардың 94,1%-ы жоғары бағалады. Қазақтар ұлт-
тық  салтты,  ана  тілін,  мемлекеттік  тілді  жетік  меңгерген  өз 
ұрпағының болашағына сенімділік білдіреді. 
Махаббатты  да  өзге  ұлт  өкілдерінің  92,6%-ы,  орыстардың 
89,6%-ы, қазақтардың 86,5%-ы өз бағаларын берді. Өзге ұлт өкіл-
дері қиыншылықтарға көбірек тап болғандықтан, махаббатты 

41 
жоғары  бағалайды,  ал  ол  өз  кезегінде  сол  қиыншылықтарға 
төтеп беруге септігін тигізеді. 
Түрлі  ұрпақтар  арасындағы  сыйласымдылық  пен  құрмет 
көрсету  жоғарғыдағыдай ретте орналасқан: өзге ұлт өкілдерінің 
92,6%-ы, орыстардың 89,6%-ы, қазақтардың  86,5%-ы және өзара 
келісімге де өзге ұлт өкілдерінің 92,6%-ы, орыстардың 90,8%-ы, 
қазақтардың  88,15%-ы маңызды деп таныды. Өзге ұлт өкілдері, 
қазақстандық  халықтың  құрамына  барынша  сіңісу  керек,  сол 
себептен  олар  аталған  бағананы  жоғары  бағлады.  Мемлекет 
тарапынан  әлеуметтік  қолдауды  да  өзге  ұлт  өкілдері  жоғары 
бағалады:  өзге  ұлт  өкілдерінің  90,9%-ы,  орыстардың  87,2%-ы, 
қазақтардың  85,7%-ды көрсетсе,болашаққа сенімділікті де өзге 
ұлт  өкілдерінің  96,1%-ы,  орыстардың  94,8%-ы,  қазақтардың  
90,8%-ы маңызды деп білді. 
Этностық  тұрғыдан  қарастырсақ,  барлық  этностар  отба-
сында сыйласымды қарым-қатынас орнатуға тырысады, соның 
ішінде әсіресе қазақтар  72,5%-ды, орыстар 71,3%-ды, өзге ұлт 
өкілдері  69,6%-ды көрсетті. Бұл жерде отбасы дағдарысы тура-
лы айту орынсыз. 
Мықты  денсаулықты,  қазақтар  (73,9%)  мен  өзге  ұлттарға 
(69,1%)  қарағанда,  орыстар  бірінші  орынға  қойды  (79,1%). 
Барлық этностар мемлекет тарапынан, ұлттық саясат аясында 
халық  денсаулығына  аса  назар  аударуларын  қалайды.  Екінші 
орынға отбасылық қарым-қатынас орнатуды қойды. 
Үшінші  орынға  «материалдық  жеткілікті»  қояды.  Ма-
териалдық  жеткілікті  барлығы  теңдей  қажет  етеді:  өзге  ұлт 
өкілдері 69,1%-ды, орыстардың 68%-ды, қазақтардың  67,1%-ды 
көрсетті. Мемлекет барлық этностармен бірлесе «орта тапты» 
қалыптастыруға талпынады. 
«Махаббат»  төртінші  орынға  тұрды:  өзге  ұлт  өкілдері 
27%-ды,  орыстар  22,7%-ды,  қазақтар    20,6%-ды  көрсетті.  Бұл 
таңданыс тудырмайды, өйткені олар өздері маңызды деп та-
нығандарын алдыңғы үш орынға жіберді және олар таңдаған 
«отбасындағы  жақсы,  сыйлы  қарым-қатынас»  махаббатты  да 
меңзейді.
Барлық  этностар  отбасылық  құндылықтарға  қарағанда, 
қоғамдық,  әлеуметтік  құндылықтарға  неғұрлым  аз  көр-
сеткіштерді  көрсетті.  Қоғамдық  төзімділікті  өзге  ұлт 
3 Қазақстандықтардың отбасы құндылықтары 
мен гендерлік рөлдер туралы пікірлері

42
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
өкілдерінің  5,2%-ы,  орыстардың  3,8%-ы,  қазақтардың  2,5%-ы 
таңдады.  Бірақ  респонденттердің  алдында  екіұшты  мәселе 
тұрғандықтан,  олар  отбсылық  құндылықтарға  басымдық 
берді, бұл олардың әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығар-
ғандығын білдірмейді.  
Респонденттер  ненің  маңызды  болып  табылатындығына  
білім деңгейі тұрғысынан берілген жауаптарды кесте түрінде 
ұсынып отырмыз. 
 кесте
«Өмірде Сіз үшін не айтарлықтай маңызды болып табылады?» 
сұрағына жауаптар
%
Білімі 
жоғары, 
дәрежесі 
бар
жоғары Аяқталмаған 
жоғары
Арнайы 
орта
орта
Аяқталмаған 
орта
Білім 
жоқ
Жақсы 
отбасылық 
қатынастар
71,2
73,9
63,9
70,7
73,5
73,8
62,5
Материалдық 
табыс
63,5
60,4
61,9
72,2
73,5
63,9
50,0
Мықты 
денсаулық
69,2
74,4
68,0
76,8
78,0
78,7
100
Табысты мәнсап
11,5
14,6
14,4
11,2
11,4
11,5
0
Махаббат
25,0
22,3
37,1
21,1
17,6
27,9
12,5
Қоғамдағы 
толеранттылық
5,8
1,8
5,2
3,7
4,1
1,6
0
Достар
13,5
6,6
9,3
4,7
4,5
6,6
Қызықты, 
шығармашылық 
жұмыстың 
мүмкіндігі
7,7
7,7
3,1
6,7
6,9
0
0
Діни сенім
1,9
3,1
3,1
4,4
3,7
4,9
0
Еңбек 
ұжымындағы 
өзара түсіністік
1,9
2,8
3,1
3,3
2,0
1,8
0
Сіз туралы 
айналадағылар-
дың пікірі
1,9
2,0
3,1
1,2
0,8
0
0

43 
Қоғамдағы 
сіздің беделіңіз
5,8
2,0
4,1
1,9
1,6
0
0
Сапарлар мен 
әлемді тану 
мүмкіндігі
0,0
4,6
1,0
4,4
4,1
0
0
Отансүйгіштік
1,9
3,8
4,1
2,8
2,9
0
0
Тұлғалық даму 
7,7
5,6
5,2
3,2
3,7
0
0
Балалар мен 
немерелер
0
0,5
0
0
0,8
0
0
Талдау келесі бағыттарды анықтады:
- Өзге топтарымен салыстырғанда (65,6%–75,4% көрсеткен) 
ғылыми дәрежесі бар респонденттер (82,7%) мен орта білімі бар 
респондентер (79,2%) тұрғылықты жерлерінің маңыздылығын 
атап өтті;
-  респонденттердің  барлығы  да  өзінің  білім  деңгейіне 
қарамастан, балаларына сапалы білім беруге талпынады (95%–
98%);
- отбасы мүшелерінің денсаулығына көбіне білімі жоғары 
респонденттер алаңдайды;
- болып жатқан жағдайлар аяқталмаған жоғары білімі бар 
(35,1%) және білімі жоқ (37%) адамдарды алаңдатады; 
-  түрлі  ұрпақтар  арасындағы  құрмет  пен  сыйласымды 
қарым-қатынастың    болуын  ғылыми  дәрежесі  бар  респон-
денттердің 92,3%-ы маңызды деп санаса,   98,1%-ы  ерлі-зайып-
тылардың  арасындағы  махаббатты  қажет  деп  санайды,  өзге 
топтағылары  87%-дан  93%-ға  дейінгі  көрсеткішті  көрсетті; 
94,3%-ы отбасындағы ауызбірліктің болуын бірінші орынға қоя-
ды, 90,4%-ы ата-ана мен бала қызығушылықтарын қорғайды;
-  барлық  респонденттер  отбасындағы  жоғары  буын  өкіл-
деріне  құрмет  көрсетуді  маңызды  қатарға  жатқызады  (91,6–
96,2%),  тек  аяқталмаған  жоғары  білімі  барлар  (81,4%)  мен 
аяқталмаған орта білімі бар (88,5%) және білімі жоқтар (87,5%) 
сәл төмен көрсеткіштерді көрсетеді;
- отбасына мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету-
дің керек еместігін аяқталмаған жоғары білімі бар әрбір бесін-
3 Қазақстандықтардың отбасы құндылықтары 
мен гендерлік рөлдер туралы пікірлері

– 
кестенің жалғасы

44
Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: 
жағдайы және даму үрдістері
ші  респондент  атап  өтсе  (20,6%),  96–100%-ды  құраған  өзге 
респонденттер үшін бұл көмек өте қажет екенін байқатады;
- өз отбасының туыстарымен, таныстарымен, көршілерімен 
және  әріптестерімен  араласуды  жоғары  білімі  бар  респон-
денттерге  қарағанда,  орта,  аяқталмаған  орта  білімі  бар  және 
білімі жоқтар  аса маңызды деп бағалайды (86,9–88,6%);
-  білім  деңгейі  төмендер    болашаққа  деген  сенімдері  зор 
екендігін атап өтті.
Алынған нәтижелер арқылы барлық респонденттердің білім 
деңгейіне  қарамастан,  таңдаулары  сәйкес  келетінін  аңғаруға 
болады және де қоғамдағы адамгершілік қасиеттің де жоғары 
екендігінің  көрсеткіші.  Сонымен  қатар  білімі  төмен  респон-
денттер  тұлғалық  әлеуеттерін  төмен  бағалайтынын  байқауға 
болады,  осы  орайда,  олардың  білім  деңгейін,  зияткерлігін 
көтеру үшін, қолжетімді білімді қамтамасыз ету үшін арнайы 
бағдарламалар дайындау қажет. 
Отбасының  жақсы  өмір  сүруі  үшін  қажет  жағдайларды 
атап көрсетудің нәтижесі төмендегідей көріністі берді: мате-
риалдық  негіздер  –  экзистенциалды  факторлар  –  тұлғаара-
лық және топаралық қатынастар – кәсібилігін іске асыру. 
– кесте

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет