Эмоционалдық (әсершіл) интеллект – эмоциямен берілген ақпараттарды қайтадан өндіру, адамдардың өзара қарым-қатынасы барысында ойлану және шешім қабылдау үшін эмоционалды ақпараттарды негіз ретінде пайдалану қабілеті.
Тәжірибелік интеллект – тұлғаның кәсіби қызмет барысында білімін тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін кәсіптік қызметтің мазмұнды (білімділік) және процессуалды (тәжірибелік) интегративті сипаттамасы негізінде тәжірибе жинақтауы.
Интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруда әлемдік тәжірибелер. Интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруда әлемдік тәжірибелерге талдау жасау барысында зерделегеніміз алыс және жақын шетелдерде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру мәселесі интеллектуалды тұлғаны дамыту мен қалыптастыру, адами капитал тұрғысынан зерттеледі.
Интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруда Еуропа елдері 20 жыл бұрын интеллектуалды қоғамды құруды өз алдарына мемлекеттік деңгейде негізгі мақсат етіп қойды. Франция мен Германия мемлекеттерін алатын болсақ, осы елдерде Еуропа одағына кірудің бірден-бір себепкері- интеллектуалды тұлға мен ұлттың әлеуетін қалыптастырудағы көзқарастары.
Еуропа елдеріндегі интеллектуалдық қорлардың басты идеялары, көрсеткіші ретінде білім мен ғылым дамуына ықпал етерлік факторларды, рухани-мәдени құндылықтар мен этикалық нормаларды айқындау маңызды саналады. «Интеллектуалды азамат» қалыптасуы жолында олардың қоғамдық санасына ықпал етерлік қоршаған ортаның тынысы мен болмысын танып білу де маңызды рөл атқарады.
Жалпы алып қарайтын болсақ, интеллектуалды тұлғаның қалыптасуына алғаш болып зерттеген және эксперимент жүргізген Дж.П.Гилфорд пен В.Циммерман. Олар тұлға қалыптасуының тұжырымдамасы мен тұлғаның интеллектуалды әлеуетінің қалыптасуының алғышартын жасауға алғаш болып көңіл бөлді. Тұлғаның интеллектуалды әлеуетін қалыптасуының алғышарты: жалпы белсенділік (энергиялық, іс-әрекеттің лездігі, іс-әрекетке деген құштарлық); басымдылық (инициативтілік, өз сөзін, ісін дәлелдей білу, т.б.); батылдық; өзіне деген сенімділік; салқынқандылық; көпшіл; армандағыштық; эмоционалдық; әділдік; қанағатшылдық.
Интеллектуалды тұлғаның әлеуетін қалыптастыру мәселесіне Германия елінде аса мән берілгені белгілі. «Тұлға» ұғымын ғылымға алғашқылардың бірі болып неміс еліне енгізген Альберт Эйнштеин. Ол 1932 жылы Германияның Нюцберг қаласында өткізілген Бүкіл немістік ғылыми-тәжірибелік практикумда тұлға, тұлғаны қалыптастырудағы мемлекет пен ғылымның ролін және де тұлғаның мемлекетке деген қажеттілігін дәлелдеп тұрып, ғылыми айналымға енгізді. Ал интеллектуалды тұлға ұғымын Сабина Бергман-Поль енгізген болатын. Оның «Неміс халқы» еңбегі бүкілхалықтық сайлауда мемлекеттік жоба ретінде ұсынылды. Сол еңбекте былай деп жазылған: «Мемлекеттің басты қозғаушы және жұмысшы күші-халық. Халыққа бар жағдай жасалуда. Ал халықтың мемлекетке беруі тек салық емес. Сонымен қатар өзін «Неміс еліне» лайықты ету. Сондықтан да Бундес елінде интеллектісі жоғары ғана адам болуы керек. Егер адам интеллект болса, ол өмірдің барлық қыр-сырын қамтыды деп айтсақ болады».
Неміс елі өз елін сауаттандыру жұмысына ертеден аса көңіл бөлгені белгілі. Гештальдт психологиядағы өз жұмысын ХХ ғасырдың басында бастады. Психология мектебінің басты мақсаты – Бундес елінің әрбір азаматынан тұлға, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру болатын. Негізгі теория ретінде Гуссерель мен Брентаноның жұмыстары алынды. Осы екі ғалымның интеллект туралы айтқан ойлары бір арнада тоғысады: «психология должна изучать структуру – материю сознания как совокупность отдельных элементов, далее не поддающихся анализу, совершенно простых по своей природе. Важнейшим же из элементов считается развитие интеллектуалов в нашей среде».
Осы мектептерте тәжірибелер кеңінен жүргізілді. Тәжірибелердің өзіндік ерекшеліктері болды. Екі жыл бойы үздік оқитын оқушылардың біріне олар төмен баға қоя бастады. Ал екіншісіне жоғары бағаларын қойды. Соңында, нашар баға алып жүрген оқушының талпынысы мықты, білімді, ғылымды менгеруге деген ынтасының жан-жақты артқаны басым болған. Осы тұрғыдан алып қарасақ, бірінші оқушының өзін-өзі жетілдіру, ынталану ұстанымы жоғары болғанын көріп отырмыз. Яғни, бұл қасиет кез-келгенге беріле бермейтін қасиет. Тек дарынды, интеллектуал адамдарға тән дара ерекшеліктер болып табылады.
Неміс елінде адамдарды психологиялық тұрғыдан дайындап, жетілдіру мектеп кезеңінен басталса да, балабақшаларында арнайы психологиялық кабинеттер жұмыс істейді. Яғни, бұл адамдарды туғаннан бастап тұлғалыққа, өзін-өзі басқаруға үйретеді.
Белгілі неміс жазушысы Йост Ганс интеллектуал тұлға жайлы: «Немцы-народ трудолюбивый. Требовательный и строгий. Немцы-точный народ. Точность-вежливость королей. Немцы-короли. А короли-наиумнейшие. Мы должны создать общество достойное королей. Мы должны стать народом, интеллектуалами. А будет лучше, если мы будем интеллетуальным народом», - деп неміс халқының мәртебесін көтеруге аса мән берді. Бұл, әрине, неміс елі үшін интеллектуалды тұлға қалыптастырудың негізгі тұжырымы, қағидасы. Сонымен қатар, бұл сөздерінен оның ұлтшылдық көзқарасын байқауға болады. Біздің тұжырымдауымызша, интеллект тұлға толеранттылық пен өзгеге құрмет иесі болуы шарт.
Интеллект тұлға қалыптастыру әрбір елдің жетістікке қол жетуінің алғышарты деп санаймыз. Германияның белгілі педагогы Иоганн Песталоцци тұлғаны қалыптастыру мақсатында өз оқушылары арасында тәжірибе жүргізген. Ғалым «Тұлғаны қалыптастыру бұл бір күндік немесе бір жылдық мәселе емес, ол жылдар бойы ізденістер мен талпыныстардың нәтижесі, кез-келген тұлғадан интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға болады, тек оған ол өмір сүрген әлеуметтік орта соған лайық болу керек» ,- дейді.
Оның ізбасары Джуан Гордез: «Егер интеллект тұлғаны қалыптастыру процессі бір күндік немесе бір жылдық мәселе болмаса, онда интеллектуалды ұлтты қалыптастыру үшін тіпті ондаған жылдардан астам уақыт керек», -деп тұжырымдайды. Бұл орайда, неміс елі ХХ ғасырдың орта шенінен бастап интеллект тұлғаны қалыптастыруды қолға алды. Неміс ғалымдарының зерттеулері бойынша білім мен ғылымды, өндірісті дамытуда, қазіргі күні неміс елін «интеллектуалды қоғам» деп айтуға әбден болады. Ал сол ұлттың әрбір адамы – интеллектуалды тұлға. Себебі – адам ұлт құраушысы.
Франция елі интеллект тұлғаны қалыптастыру тәжірибелерін ерте бастап кетпесе де, айтарлықтай дәрежеге жетіп отыр. Себебі, белгілі француз гуманисті Жету Морен айтқандай, «интеллектуалды ұлтты тек интеллектуалды мемлекет жасайды. Сондықтан алдымен мемлекет басындағыларға кітап оқысын деп айтқым келеді». Морен Жетудің ұсыныстары француз парламентіне өте ықпал етті. Себебі, Франция елінің басқармасы жыл сайын қызметкерлермен тест өткізеді. Осы тесттің негізі: білімділік; сыпайылық; тәртіпке бағынушылық; жұмысқа деген ынта; тәрбиелік; қоғамдық жұмысқа қатынасуы; еліне тигізген үлесі. Егер осы 7 ұстанымның біреуін орындай алмаса, жұмыстан белгілі бір уақытқа шығарылады.
Осы орайда Жак Ширактың еңбегіне де тоқталып кету қажет. Себебі, Жак Ширактың басқару кезеңінде көптеген оқу орындары ашылып, азаматтардың білім және рухани азық алуына барынша мүмкіндіктер жасалды. Жак Ширак француз елін «Тұлғалы ел» қатарына жеткізді.
Франция елінің интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан ұлт деп атауға көптеген зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Себебі, 2007 жылғы американдық «Нью Йорк Таймс» газеті жүргізген блиц-сұрағында ең сыпайы ел болып Франция елін атайды. Респондеттердің 62% француз елін өте сыпайы, ұқыпты деп сыйпаттады, 21% ағылшындарды айтса, тек 9% неміс еліне беріледі. Қалған 8% американ, голланд және жапондарды ат-ды. Ең көп кітап оқитын ел сұрағына сұралған респонденттердің 76% қытай елін атаса, 22% француз елін атады. Қалған 2% неміс пен жапондарды атайды.
Белгілі француз социологы Оскар Мерузо интеллектуалдар туралы «Интеллект болу-әрбіреуге тән болмас қасиет деп айта алмаймын. Бірақ, интеллектуалды тұлға болу кез-келген адамның қолында. Нағыз интеллектуал көп сөйлемей байыбын табады», - деп тұжырымдайды. Француз депутаты Ороон Меже белгілі француз журналына берген субхатында «Менің ойымша, әрбір адам интеллект бола алады», - деуінен, әрбір адам интеллектуалды тұлға бола алса, онда ол қоғам интеллектуалды ұлттың әлеуетін құра алатыны дау туғызбайды.
Қазақстанның осы елдер қатарына кіруіне мол мүмкіндік бар. Жоғарыда мақалаға нысан еткен мемлекеттер де оңай өткелдерден өтпеді. Жак Ширак француз елін «Тұлғалы ел» қатарына жеткізді. «Мемлекеттің басты қозғаушы және жұмысшы күші-халық»,- дей келе, неміс халқы «Неміс елі» деген атқа лайықты ие болды. Осы елдер халық болып жұмылып, алға қойған мақсаттарына жетті.
Ал, біз, Қазақ елі, «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасында және «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгілеген мақсаттарға сай интеллектуалды ұлт болу және «Қазақ елі», «Қазақстан мемлекеті» деген ұлы атқа ие болу мүмкіндігі қоғамдағы болып жатқан тарихи, мәдени-рухани қозғалыстар нақты дәлел бола алады.
Қазақ еліндегі интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы даму үдерісін алыс және жақын шет елдерде жүргізілген тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасау барысында біздегі қоғамдағы даму үдерісінің нақты айқын жолды таңдағанын көріп отырмыз.
Е.Н. Кузнецов пен А.А.Сабитованың «Адами капиталды дамыту: ұлттық және халықаралық аспектілері» атты ғылыми мақаласында алыс жақын шетелдерде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру білімге, ғылымға, экономика мен инновациялық даму үдерісіне, халықтың материалдық жағдайына байланысты екеніне аса мән берілген.
Авторлар адами капитал, финанстық капитал жаһандану жағдайындағы еркін экономика барысында жақсы дамитынына аса мән береді. Елдегі экономикалық жағдай бұл еңбек ақынның жоғары болуы адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартудың негізгі кепілі, интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың алғы шарты екені белгілі. Олар әлемдік экономиканың даму тұрғысынан Америка Құрама Штатын негізге ала отырып, интеллектуалды іс - әрекеттерді жетілдірудің синергетикалық эффектілерінің мықты екенін атап көрсетеді.
Сонымен қатар, адами капиталдың экономиканың дамуына ықпалын жапон елінің іс тәжірибесіне сүйене отырып ұсынады. Жапон елінің саясатына шолу жасай отырып, аталған елді адами капиталдың деңгейінің жоғары екені, білім мен ғылымға деген құлшыныс, адам өмірінің ұзақтығы интеллектуалды ұлт индикаторларына жауап беретін бірден бір ұлт екеніне, жапон елінде білім алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету жоғары деңгейде екеніне тоқталады.
«Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында қарастырылған бағыттардың іске асырылуы - қоғамның әлеуметтік даму жағдайына әлеуметтенген, ұлттық және өркениеттік мәдениетті менгерген, бәсекеге қабілетті, зияткерлік әлеуеті қалыптасқан, халық бірлігі, мемлекетіміздің тұтастығы мен дербестігін қорғай алатын патриот - азаматты қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |