Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы «дарындылық» феномені



бет151/216
Дата06.03.2022
өлшемі481,63 Kb.
#27156
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   216
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы «дарындылық» феномені

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту»,- деп көрсеткендей дарындылық тұлғаның ақыл-ойы, танымы, сана, оқуы, шығармашылық, тұлғаралық қатынаста түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді.

Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалар мен салыстырғанда интеллекттік деңгейі  жоғары. «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілеттілік түсініктері бір - біріне өте жақын ұғымдар. «Қабілеттілік, ‑ деп атап көрсетеді Д.Н.Ушаков, ол табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі». Қабілеттілік тұлғаның іс - әрекеттің бір саласына, нақты бір ғылымға өзіндік бейімін, қасиетін көрсете білуі. Бұл тұлғаның бойында білім, білік, дағды, тәжірибелік іс – әрекетінен, тәрбиелік қарым қатынасынан, зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттерінен еркін көруге болады. Қабілетсіз тұлға болмайды. Қабілеттің өзі жалпы және және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген дара тұлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы көрініс береді. Ал, арнайы қабілет, әсіресе өнер адамдарында, айтыскер ақындардың суырып салмалығы, композитор, әнші, суретші т.б. атауға болады.

Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. М.Горький «адамдағы дарындылық қасиеттің туа бітетіні, жүре пайда болатыны да болады. Туа бітетіні тұқым қуалаушылық. Бұл биік деңгейлерге көтерілуі де мүмкін, өшіп те қалуы мүмкін. Дарындылықты үнемі дамытып отыру қажет», - деп атап көрсетеді.

В. Крутецский анықтауы бойынша «егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деп тұжырымынан дарындылық қабілеттіктің жиынтығы екенін, іс - әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілетінің дамуының жоғары деңгейі дара ерекшелік деп бағалауға болады.

Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет