Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбие үдерісінің негізгі ұстанымдары



бет32/216
Дата06.03.2022
өлшемі481,63 Kb.
#27156
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   216
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Тәрбие үдерісінің негізгі ұстанымдары.Оқушыларға тәрбие беруде тәрбие заңдылықтарын және ұстанымдарын нақты айқындау педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыруға негіз болып табылады. Тәрбие ұстанымдары – ғылыми ойдың, түсініктер мен категориялардың, заңдылықтардың жиынтығы.

Тәрбие ұстанымдары (лат. - негіз) – бастапқы белгілі бір теорияның негізгі, бастау боларлық жағдайлары, басшылық ететін идеялары, негізгі мінез-құлық ережелері, әрекеттері меңзеледі. Тәрбие үдерісі – тәрбие мазмұнының ұйымдастырылу бағыттарын анықтайтын, басшылыққа алынған идеялардың жиынтығы (Болдырев Н. Мектепте тәрбие жұмысының методикасы, 54-б.).

Оқушыларға тәрбие беруде жоғарыда берілген тәрбие заңдылықтарына сәйкес негізгі ұстанымдар басшылыққа алынады. Олар, тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет