IV бөлім. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ МАЗМҰНЫ
Жоспар:
4.1.Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама.
4.2.Тәрбие бағыттары бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстары.
4.3. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсері.
Негізгі түсініктер:тәрбиенің түрлері, сипаттама, педагог құзыреттілігі, даралық, шығармашылық, кәсіби рефлекция, нәтижелі білім алу, өзін-өзі дамыту.
Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі-нің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» анықталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тәрбие жұмысының басым 8 бағыттарын ұсынады: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие; рухани-адамгершілік тәрбие; ұлттық тәрбие; отбасы тәрбиесі; еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі; көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеуші ретінде критерийлер ұсынылды, олар тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |