Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет84/141
Дата01.04.2023
өлшемі0,65 Mb.
#78311
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   141
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым минстрлігі

(8- кесте).


Кесте – 8. Мектеп түлегінің моделі – мәдениет адамы (Е.В. Бондаревская)



Педагогикалық ықпал ету бағыттары

Жеке тұлғаны сипаттайтын өлшемдер

Еркін тұлға тәрбиелеу

Саналық деңгейі жоғары. Адамзаттық қасиеті мол. Өзінің қадір-қасиетін біледі, өзін құрметтейді. Адал, тәртіпке бой алдырған. Өз еркімен өмірлік мазмұнды әрекетті таңдайды.

Ізгілікті тұлға тәрбиелеу

Қайырымды, мейірбан. Жанашырлық танытады, пайда көздемейді. Төзімді, қарапайым, жақын және бөтен адамдарға көмек көрсетеді.
Бейбітшілікті, достықты, адам өмірінің құнын түсінеді.

Рухани тұлға тәрбиелеу

Жалпы танымды және өзіндік танымды қажетсінеді. Сұлулықты қажет етеді. Рефлексияны қолданады. Қарым-қатынасты қажет етеді. Білім, білік, дағды, іскерлігі жетілген, өмірлік шығармашылықты қажет етеді.

Шығармашыл тұлға тәрбиелеу

Қабілеттері дамыған. Іс-әрекеттерін өзгерту қабілеті бар. Білім, білік, дағды, іскерлігі жетік, жоғары, зиятты. Интуициясы (ішкі сезімі) жетілген, өмірлік шығармашылықты қажет етеді.

Тәжірибелі тұлға тәрбиелеу

Экономика негіздерін білуге ұмтылады. Еңбексүйгіш, шаруашылыққа бейім, компьютерлік сауаты бар. Түрлі шетелдік тілдерді игерген. Халықтық және діни дәстүрлерді біледі. Салауатты өмір салтын ұстанады, денесін шынықтырады. Эстетикалық талғамы жоғары, әдебі мол. Отбасыны қаржымен қамтамасыз етеді.

Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде мұғалім шәкіртті дамыту үшін педагогикалық үдерісті жобалай білуі тиіс. Осындай тәрбиеде шәкірт өз ісінің нәтижесін көрсетуге, серіктестерімен қарым-қатынас орнатуға, өзінің және өзгенің шығармашылық әрекетін бағалай білу қызметін игереді. Тәрбиеші үнемі тәрбиеленушіні өзіндік ізденіске бағыттайды.


Тұлғалық бағдарлы тәрбие үдерісінде тұлғаның жеке басына назар аударылып, қарым-қатынастар әр түрлі деңгейде іске асырылады: қарапайым түрдегі пікірлесу (тәрбие үдерісіндегі қарым-қатынас), мазмұндық сұхбат (белгілі тақырып мазмұнында пікірлесу), тұлғалық-мәнді сұхбат (құндылық бағдарлы тұлғалық-бірлесуді қамтамасыз ететін пікірлесу).
Мұғалім тұлғалық бағдарлы тәрбиеде өзінің авторлық технологиясын ойластырып, оған шәкірттерімен бірге қол жеткізе алады. Тұлғалық бағдарлы тәрбие педагогикалық қызметтің ерекше түрі болғандықтан, оның мәні – арнайы тәжірибенің түрімен байланысы. Сондықтан мұғалім өз тәжірибесіне тұлғалық бағдарлы педагогикалық жағдаятты құру технологиясы арқылы іске асырыла алады.
В.Д.Шадриков, Б.Б. Старовойтенко «сындарлы жағдаяттарды қалыптастыру» арқылы жеке тұлға өмірдегі біртұтас және жан-жақты қатынастарды игертуге болатындығын айтады.
С.А. Тохтабиев жағдаят дегеніміз адамдар арасындағы субъект-объективтілік қоғамдық қатынсатар, көп қырлы байланыстар, түрлі сипаттамалр, себеп-салдарлы тәуелділіктер мен факторларды субъектінің біртұтас жағдайдағы әрекет шарты ретінде және белгілі оқиға ретінде қойылатындығына тоқталады.
В. Момов тәрбие үдерісінің обективті факторларын игеру бұл белгілі бір жағдаятты игеру саналатындығын көрсетеді. Педагогикалық жағдаяты құру технологиясы екі нәрсені ескереді:
- шәкірттің жақсы қабылдауы үшін заттық мәдени обьектілерді әлеуметтік-коммуникативтік, ұйымдастыру-қызметтік, диалогтық немесе басқа қабылдау формасына алмастыру;
- шәкірттің кейбір әлеуметтік рөлдерді игеруіне, яғни субьектіленуіне жағдай жасау; соңғысы сыртқы жағдаятты ішкі сұхбаттасуға алмастыруға көмектеседі.
Педагогикалық қарым-қатынста гуманистік бағдарды ұстану, яғни тәрбиелік жағдаят арқылы мынадай субьекттілену деңгейлерін ажыратуға болады:

  1. Тәрбиелік өзара әрекеттесудегі алғашқы тәрбиелік іс-әрекет – баланың табиғи бағдарын (адам, құбылыс т.б.);

  2. Өзектендіріп, қарапайым құндылық ретінде жаңаша қабылдайды. Адам туғаннан бастап барлық нәрсені сезіп, мағлұмат алады. Біз сезімімізді саналы түсіне бастағанымыздан бастап, оның қажетті немесе қажетсіздігін ажырата білеміз. Алғашында сезініп, саналы түрде баға беріп, жоғары мұраттармен және жетістіктермен салыстырамыз.

  3. Тәрбиелік жағдаяттың екінші деңгейі – баланың бағалау қызметін тәрбиешімен бірге өзектендіріп, заттың пайдасын, қасиетін, маңызын сол сәттегі мақсатты шешуге сәйкестігін қамтамассыз етуі, өзін өзгелермен бағалауы мен салыстыра білуі.

  4. Табиғат, қоғам, адам деңгейіндегі біртұтас бағдар арқылы дүниетанымдық тұжырым жасай білуі. Баланың біртұтас дүниетанымдық тұжырымы оны дамытушы қызмет атқарады. Ол дүниені танудың жаңа сатысы, өзіндік тұлғалық моделі, оның дамуының субьективті даму жобасы, бұл терең даралық құбылыс.

  5. Адамдардың қарым қатынастарын бағдарлау деңгейі, өзін танудың түрлі тәсілдерін іздеуі. Тәрбиелік жағдаяттардың осы қыры өмір бойы жалғасады. Тәрбиелік әрекеттесу деңгейінің мәні – адамзат мәдениетін игеру – құндылықтар, білім, тәжірибе, адамның қадір-қасиетін – тәрбиеленуші тәрбие құралы ретінде қабылдап, өзіне тән тұлғалық қасиеттерін көрсете алады. Айналасындағыларды осындай мәнде түсінгені дұрыс болғанымен де, бұл тәрбиенің соңғы сатысы емес, тәрбиенің ең жоғарғы сатысы, жеке тұлғаның белгілі дәрежеде (салыстырмалы түрде) өзін әлеуметтік тұрғыдан бағалауы, өзіндік пікірінің болуы және сырттай қолдауға тәуелсіз бола білуі маңызды.

  6. Тәрбиенің бұл деңгейінде тәрбиеленушінің өз күшін білуіне, өзіне сырт көзбен сын тұрғысынан қарауы, өзіндік санасын қалыптастыратын, өзін дамытатын тәрбиелік жағдаяттар таңдалады.

Қорыта келе, тәрбиелік жағдаяттар жеке тұлғаның терең және мәнді қажеттіліктерін қанағаттандырады. В.В. Кларин танымдық қызметтің формасы мен өзара іс-әрекет түрі неғұрлым көп болса, әр оқушыға таңдау еркіндігі берілсе, соғұрлым оның жеке дара қабілеттерін дамытуға болатындығын айтады.
Тәрбие технологиясы ішіндегі оқушының білімге, оқуға, ғылымға, еңбекке деген ынта ықласын қалыптастыруда ойын технологиясы негізгі орын алады. Ойын технологиясы оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынасын, бір-бірлерін түсінудің психологиялық үдерісі, эмоциялары, ерік-жігерлік қасиеттері шыңдалады, мінез-құлқы айқындала түседі, белсенділігі артады, соның нәтижесінде тұлғалық қабілеті көрініс береді. Ойын ол тәрбие құралы. Қарым - қатынасқа түсу арқылы оқушының мінез-құлқындағы кемшіліктер, оның бойындағы өзімшілдік қасиеттер көрініс береді. Мұғалім тұлғаның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жою мен болдырмаудың тәсілдерін пайдалана отырып, оның жағымды қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік алады.
Іскерлік ойындар – заттық және әлеуметтік мазмұндағы кәсіби іс-әрекетті, белгілі бір тәжірибеге тән қарым-қатынасты модельдеу формасы. Ойын арқылы адамның белгілі бір типті тәжірибелік әрекет жасауын ұйымдастыруға байланысты және қатысушылардың мақсатына орай, ойынның мынадай түрлері ажыратылады: оқу, зерттеу, басқару, аттестациялық (қараңыз: Психология. Словарь. – М., 1990. – С.128).
Әлеуметтік тәрбие үшін іскерлік ойынның мынадай сипаттарын ескеруге болады:

  • ойын арқылы шынайы өмірде қол жеткізе алмайтын мәселеге қол жеткізіп, сонан кейін оны шынайы өмірде қолдануға болады;

  • ойын арқылы адам жаңа идеяны белгілі бір іс-әрекет, іс-қимыл арқылы жылдам игеруге ұмтылады;

  • ойында қиял элементі болғандықтан, ол адамның жасырын қабілетін ашуға мүмкіндік береді;

  • өзге адамның рөлін орындау арқылы, сол адам үшін ненің маңызды екенін және оның жеке басына тән түрткісін түсінуіне көмектеседі.

Тәрбиеленуші іскерлік ойынның танымдық мазмұнымен танысу арқылы өзге қатысушылармен өзара әрекеттесуге, белгіленген нұсқаға сәйкес бірігіп қызмет атқаруға және оны шешуге дайындалады, өз шешімімен бірге, ортақ шешім қабылдауға дағдыланады. Түрлі жағдаяттық мәселелер қатысушыларды бірігіп әрекет етуге, ортақ пікірге сай шешім қабылдауға жаттықтырады.
Жеке тұлғаның іскерлік ойын барысындағы шығармашылығы, әсіресе дұрыс шешім қабылдай білуі мен оның оң бағалануы, өзінің менін сезінуіне көмектеседі; ойын үдерісіндегі өзінің бар мүмкіндігін жинақтауы, бастапқы кездегі қысылу, тартыну қалпын жеңіп, ойын үдерісіне кірісу сезімін бойынан өткізеді. Ойынғадеген қызығушылықтың басымдылығынан, шығармашылық түрткі мен жағымды көңіл-күй пайда болып, жаңаша ойлауға мүмкіндік алады. Ойын барысында қатысушылар арасында өзара байланыс пен шығармашылық қатынас орнайды.
Оқушылар өздері қатыса отырып мәселелерді өз бетінше шешеді, оқу - тәрбие үдерісінде білімді нақты істе қолданады, жауапкершілік міндеті жоғары болады, психологиялық дамуына, ішкі жан дүниесіне де, шығармашылық дамуына жағымды ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет