Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесінің құрылымы



бет108/141
Дата24.09.2023
өлшемі480,73 Kb.
#110096
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

15.2. Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесінің құрылымы

Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады: кәсіби ағартушылық, кәсіби диагностика, кәсіби консультация, кәсіби таңдау, кәсіби бейімділік.


Кәсіби ағартушылық жұмыс оқушыларға қоғамда қалыптасқан мамандықтар жүйесімен таныстыра отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы талаптармен таныстырылуы тиіс. Мектеп пен ата-аналар бірлесе келе, оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына белсенді түрде түрткі тудырып, мамандық таңдауға жан-жақты көмек беруі қажет.
Кәсіби диагностикалық жұмыс арнайы мамандардың олардың мінез құлқын зерделей отырып, жастардың таңдаған кәсібіне жарамдылығын белгілі әдістер арқылы тексеруі көзделеді. Жоғары жүйке жүйесінің ерекшеліктері, денсаулығы, қызығушылығы, мотиві, құндылық бағдары, мамандық таңдаудағы басты ұстанымы ескеріледі.
Кәсіби кеңесарнайы мамандардың (психолог, педагог, дәрігер, сала мамандары) кеңес беруі, таңдаған кәсібіне қойылатын талаптармен, жеке басынан талап етілетін ерекшеліктермен таныстыру.
Кәсіби таңдаужеке тұлғаның еркімен өзіне қажетті мамандықты таңдауы. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының оқуға түсушілерге қоятын талаптарына сай болуы.
Кәсіби бейімділікмектеп түлегінің кәсіби қызметке араласуына, өндіріс жүйесіне, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайына, мамандықтың ерекшеліктеріне бейімділігі. Адамның бейімділік сапасы мамандықтың дұрыс таңдалғанын көрсетеді.


15.3. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты

Кәсіптік бағдар жұмысында тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы негізгі орын алады. Егер мектепте тұлғаның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, кәсіби таңдауы дұрыс қалыптасса, оның өмір жолын айқындаудың негізі қалыптасты деп тұжырымдауға болады. Мектептің әр сатысында қарай жүргізілетін кәсіби бағдар беру еліміздің түрлі саладағы жетістіктерінен оқушыларды хабардар етіп, өмірдегі өз жолын табуға көмектеседі.


Бұл жерде тәрбиенің ұстанымдары: теория мен практиканың, ғылым мен білімнің, адам мен табиғаттың, еңбекке деген сүйіспеншілік, өзін-өзі дамыту, жетілдіру негізінде дамиды.
Мектептегі кәсіптік бағдар бойынша сынып жетекшілері мен педагогтардың негізгі функциялары:
- оқушы қызығулары, икемділіктерін, мінезін, тұлғаның моральдық сапасын және бағытын айқындау;
- кәсібилік туралы туралы әңгімелесу, белгілі бір кәсіпке (мамандыққа) бағытын анықтау;
- оқушының кәсіптік қызығулары және икемділіктерін тексеру;
- кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтермен, мамандықтармен таныстыру;
- әрбір кәсіптің қажеттілігі туралы түсініктемелер жүргізу;
- республика мен аймақтағы еңбек сіңірген адамдарымен таныстыру;
- белгілі бір кәсіп және мамандық қоятын білім, іскерлік, дағдыны сипаттау;
- жаңа техника мен технологияға байланысты кәсіптің сипатының өзгерулерімен таныстыру.
Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, кәсіптік бағдар мектептің барлық оқу және тәрбие бағдарламасында мектептегі және мектептен тыс жұмыстарда басты орын алуы қажет. Бастауыш сыныптардан баланы мектепте тәрбиелеу және дамытудан оқудың алғашқы жылдарынан бастап жүргізу, оқу-тәрбие процесінде мамандық таңдау мотивтерін қалыптастыруға және дамытуға аса көңіл бөлу қажет.
Кәсіптік бағдар беру - көп салалы әрі қиын үрдіс. Мектепті бітірген жастардың алдында қаншама кәсіптің ішінен өзіне қажетті біреуін таңдау міндеті тұр. Оқушылардың мамандық әлемінде адаспауы үшін оларға бағыт бағдар беру керек.
Оқушыларғакәсіби бағдар берудің негізгі формалары: оқу лекциялары, саяхаттар, пәндік сабақтар және техникалық үйірмелер, кәсіптік бағдар әдебиеттері, кино және сахналық қойылымдар, курстар, оқу өндірістік практикасы, конференциялар, олимпиадалар, тақырыптық кештер, диспуттар, әртүрлі маман иелерімен, оқушылардың ата-анасымен мектеп түлектерімен кездесулер, қоғамдық пайдалы еңбек, әр түрлі жиындар, кәсіптік бағдар кабинеті немесе кітапханаларда орналасқан кәсіп таңдау бұрышы.
Кәсіптік бағдар әдістері оқушыны зерттеу мақсатында педагогикалық бақылауды, іс - әрекет қорытындысын оның анкеталық, интервью алу, әңгімелесу, социометрия, психо-педагогикалық эксперименттер, психологиялық тестілерді қолданылады.
Мектептегі оқу тәрбие жұмысының негізі кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу арқылы тұлғаның қандай мамандыққа бейім екенін айқындау үшін диагностика әдісін жүргізу ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Әр оқушыны бақылау әдісі арқылы оның бойындағы темпераментке, іс әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттін, ішкі жан дүниесінің сұранысын нақтылау үшін және арнайы мамандар арқылы медициналық диагностика әдісі жүргізіледі. Сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен, мектептің тәрбие жұмысыбойынша директордың орынбасары, әлеуметтік педагог, психологтармен бірлесе отырып, сауалнамалар жүргізу арқылы, яғни қандай мамандықтар сізді қызықтырады, болашақта қандай маман болар едіңіз, еліміздің әлемдік білім көшіне еркін араласу үшін қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз, елімізді өркендету үшін қазіргі таңда қандай мамандықтарды жетілдіру қажет деп тұлғаның бейімділігін айқындай алады. Диагностикалық әдісті қолдану арқылы оқушының мамандық таңдауда қателіктерін алдын-ала болжау, болдырмауға мүмкіндік туады.
Мектептерде оқушыға кәсіптік бағдар беру жұмысында әдістемелік жүйе толығымен қамтылады. Бірінші, пән сабақтарының мүмкіндіктері, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, құзыреттілігі, екінші, тәрбие және сынып сағаттары, мектептегі жүргізілетін оқу тәрбие шаралары ерекше орын алады. Мектептерде кәсіптік бағдар беруге байланысты мектепшілік кәсіби бағдар беру жоспары, сыныпта кәсіби бағдар беру бағдарламасы, кітапханаларда кәсіби бағдар беруге байланысты бұрыш, көрмелер ұйымдастырылады және білім беру мекемелермен тікелей байланыста жұмыс бағыттарын айқындайтын іс-шаралар жоспары дайындалады.
Арнай кәсіби білім беретін оқу орындарына бару, олардың келіп мектептердегі ашық есік күніне қатысуы, оқушылардың білім беру мекемелеріндегі ашық есік күндеріне қатысу іс-шаралары оқушының болашақ кәсіп таңдауына маңызы зор. Сынып жетекшісі, пән мұғалімдерімен, білім беру мекемелері қызметкерлерімен, оқу орындарымен, көптеген өндіріс орындарымен кездесу, кәсіби кеңес алу, кәсіптік бағдар беру формалары арқылы әңгімелесу, диспуттар өткізу, дөнгелек үстелдерге қатысу оқушының болашақ мамандық таңдауына игі ықпал етеді.
Сонымен қатар, оқушының болашақ кәсібін таңдарда отбасында ата-ана, ата-әже, туыстарының, мамандық таңдауда әулеттің кәсіби династиялық жалғастығы да әсер етеді.
Жаһандану заманында оқушыға кәсіптік бағдар беруде ақпараттық жүйенің алар орны ерекше. Ақпараттық жүйедегі орта кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтер де болашақ кәсіп таңдауға ықпалы зор. Интернет жүйесінде кез-келген оқу орындары туралы мәліметтер оқу орнының тарихы, ондағы мамандықтар, сол мамандықтарға білім беретін профессор - оқытушылар құрамы, мамандықтардың керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі, тұлғаны әлеуметтендіруге байланысты іс- шаралар, оқу орнының әлемдік білім мекемелерімен байланыс т.б. жан - жақты ақпараттандырылған. Мектептегі кәсіптік бағдар беру тұлғаның мінез- құлқындағы, іс - әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен қабілет-терін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу арқылы тәуелсіз елімізді құзіретті кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге ықпал ететін негізгі жұмыс болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет